Жіті респирациялық аурулар жедел және созылмалы бронхит. Фарингит



бет4/11
Дата07.02.2023
өлшемі488 Kb.
#65915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жіті респирациялы? аурулар жедел ж?не созылмалы бронхит. Фаринги

ЖІКТЕМЕСІ

  • Этиологиясы бойынша:
  • 1. Инфекциялық:
  • а) вирустық;
  • ә) микоплазмалық;
  • б) бактериялық.
  • 2. Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден).
  • 3. Аралас (вирустық-бактериялық).
  • Патогенезі бойынша:
  • Біріншілік.
  • Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының).
  • Орналасуы бойынша:
  • Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы).
  • Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен).
  • Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы).

Қабынудың түрі бойынша:

  • Қабынудың түрі бойынша:
  • Катаральді.
  • Ісінулік.
  • Іріңді.
  • Ірінді-некроздық.
  • Барысы бойынша:
  • Жедел (ұзақтығы 2-3 апта).
  • Созылыңқы (1 айға дейін, одан да ұзақ созылатын).

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ

  • Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан (ЖРА) кейін немесе онымен бірге басталады.
  • Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит) трахеяға түседі.
  • Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді.
  • Көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтелі құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды.
  • Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл-ден аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін.
  • Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.
  • Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән.
  • Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-39 °С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады.
  • Науқастың қалтырауы бактериялық инфекцияның немесе пневмонияның қосылуына тән.
  • Мәселен стафилококтық немесе стрептококтық бронхитте, кеселдің көрінісі ауырлап, біршама пневмонияға ұқсайды: қызба ұзаққа созылады және қақырық іріңге айналып, онда қанды талшықтар пайда болады.
  • Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді, тек қана бронхиттің дистальді түрінде (эмфиземаның болуынан) дабыл реңді дыбыс естілуі мүмкін.
  • Ауырғандардың баршасында күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ, сиректеу ылғал сырылдар естіледі.
  • Бронхиттің дистальді түрінде ентікпе қосылады жөне тыныс шығару ұзарады.
  • Қанның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері: нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның сәл жоғарылауы байқалады, СРБ анықталады.
  • Гриптік жедел бронхитте лейкоциттердің саны қалыпты немесе лейкопения болады, лейкоформула сәл солға ығысады.
  • Рентгендік тексеруде көбіне өзгерістер болмайды. Кейде өкпе түбірінің шамалы кеңеюі және бронхтардың ісінуінен өкпе өрнегінің айқындалуы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет