Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы рефлекс доғасы туралы жалпы түсінік жұлын


Жұлынды қоректендіретін қан тамырлар



бет5/5
Дата04.12.2023
өлшемі41,9 Kb.
#134231
1   2   3   4   5
Жұлынды қоректендіретін қан тамырлар.Жұлынның жоғарғы мойын сегменттеріне бұғана асты артериясынан омыртқа артериясы барады. Қабырға аралық артериялардан жұлынның көкірек сегменттерін қанмен қоректендіретін тармақтар шығады. Бел, сегізкөз, құйымшақ сегменттерін бел-сегізкөз артериясының тармақтары қанмен қоректендіреді. Омыртқа артериясымен бел-сегізкөз артериясы омыртқа өзегіне кіргеннен кейін артқы және алдыңғы жұлын артериясына тармақталады. Алдыңғы артериялар жұлынның алдыңғы жағын, артқы артериялар артқы жағын, жұлынның ақ және сұр заттарын қанмен қоректендіреді. Жұлынның вена қан тамырлары артериялармен аттас болып келеді. Олар вена қаның жұлыннан жинап қабық асты веноздық өрімге айналады. Жұлында лимфа тамырлары болмайды.
Жұлын екі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік.
Рефлекторлық қызметі. Жұлында қимыл және вегетативті рефлкестердің орталығы бар. Жұлындағы жүйке орталығы сегменттік жұмыстық орталығы болып саналады. Олардың нейрондары рецепторлармен және тікелей жұмыс атқаратын мүшемен байланысады. Жұлыннан басқа тікелей жұмысшы орталықтар сопақша және орталық мида болады. Жұлынның қимылдық нейрондары тұлғаның, мойынның, қолдың, аяқтың, көкеттің, қабырға аралық бұлшық еттерін, қысқаша айтқанда дененің барлық көлденең жолақты бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Егер бақаның жұлынының оң жақтағы артқы түбірін, сол жақтағы алдыңғы түбірін кесетін болсақ, онда артқы аяғындағы сезгіштік жоғалып, алдыңғы аяғы сал болады. Жұлынның әрбір рефлексінің өзінің шығатын сегменті болады. Мысалы, тізе рефлексінің орталығы II – IV бел сегменттерінде, ахил рефлексінің орталығы V бел, I-II сегізкөз, табан рефлексінікі, іштің еттерінікі VII-Ixкеуде сегменттерінде. Жұлындағы өте маңызды орталық көкеттің қимыл орталығы. Ол II-IV мойын сегменттерінде. Егер бұл орталық зақымданатын болса, онда тыныс алу тоқтайды.
Жұлынның өткізгіштік қызметі. Жұлынның ақ затындағы жоғары және төменге бағытталған жіпшелер оны бас ми және бұлшық еттермен жалғастырады. Жұлында қимыл орталығынан басқа вегетативтік орталықтар бар. Олар жұлынның кеуде және жоғарғы бел сегменттерінің бүйірдегі мүйіздерінде орналасқан, жүректі, тамырды, тер бездерін, ас қорыту жүйесін жүйкелендіреді. Жоғарғы кеуде сегментерінде көздің қарашығына әсер ететін симпатикалық жүйке орталығы, жоғарғы бес кеуде сегментінде жүректін симпатикалық орталығы жатыр. Жұлынның құйымшақ сегменттерінде парасимпатикалық жүйке орталығы бар. Ол кіші астаудағы мүшелердің (үлкен және кіші дәреттің, эрекция, эякуляция) қызметінің рефлекторлық орталығы болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет