Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы рефлекс доғасы туралы жалпы түсінік жұлын



бет3/5
Дата04.12.2023
өлшемі41,9 Kb.
#134231
1   2   3   4   5
Жүйкенің басты қасиеттері: 1. қозғыштық; 2. өткізгіштік. Қозу жүйкенің басты қызметі. Жүйке қозуының нәтижесінде мүшенің қимылға енуі, немесе сол жұмыстағы мүшенің қызметінің күшеюі пайда болады. Жүйке ұлпасының қозуымен бірге онда тежелу процессі бірге жүреді. Тежелу қозуға қарама-қарсы құбылыс. Тежелу нәтижесінде жүйке қызметі әлсірейді немесе қозуға кедергі жасалады. Қозу мен тежелу жүйке талшықтарының негізгі қызметі болып саналады. Қозу жүйке талшықтарының бойымен оқшауланып өтеді. Оны бұлайша түсіндіруге болады. Шеткергі жүйке жүйесі көп талшықтардан тұрады.: сезгіш, қимыл және вегетативтік талшықтар. Олар миелин қапшығымен қапталған. Осы қабықтың арасында басқа көрші талшықтарға өтпей жүйке импульстері өздерінің қоздыруы керек мүшелеріне өтеді. Жүйке қызметінің бұлайша ұйымдасуы адамға өте дәл және көптеген сан-алуан қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы: музыка аспаптарында ойнағанда, сурет салғанда бұлшық еттер жекеленіп жиырылады және босаңсиды.
Миелин қабығы бар жүйке жүйесінің талшықтары жұмсақ болады, және тітркеністі үлкен жылдамдықпен өткізеді. Ал миелин қабығы жоқ жүйке талшықтары қатты болады, олардың тітіркеністер баяу өтеді.
Баяу өткізу. Шеткерідегі жүйке талшықтарына қарағанда орталықтағы жүйке талшықтарында тітіркеністің өту жылдамдығы азаяды. Мысалы, сіңір рефлекстерінің ішіндегі ең жылдамы тізе рефлексі. Оның афферент және эфферент нейрондарында тітіркеністер небәрі 0,0196» өтеді, ал оның орталық жүйке жүйесіндегі өту жылдамдығы 0№003» - қа созылады. Рефлекстің ең ұзақ уақытта өтуі ішкі мүшелерде (қан тамырында, тер бездерінде) кездеседі.
Жұлын (спинной мозг, medulla spinalis) омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 41-45 см. Салмағы 34-38 г., диаметрі 1 см ұзынша түтік, төменгі ұшы үшкірленіп ат жалына ұқсаған. Жұлынның ортасынан сұйықтыққа толы жұлын өзегі өтеді. Жұлын ақ және сұр заттардан тұрады. Оның сұр заттарын ақ заттары қоршап тұрады. Жұлынның құрылысында сайлар мен саңлаулар бар. Жұлынның тік алдында орналасқан саңлау мен тік артындағы сай оны екі тең бөлікке бөліп тұрады. Жұлынның әрбір жарты бөлігінің алдыңғы және артқы жұлын бүйір сайлары бар.бұл сайлардан алдыңғы және артқы жұлын түбірі шығады. Жұлынның алдыңғы және артқы түбірі бірігіп жұлын жүйкесі пайда болады. Жұлыннан 31 жұп жұлын жүйкесі шығады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ сегменнтері. Жұлынның алдыңғы, артқы және бүйірдегі сайлары жұлынның әрбір бөлігінің ақ затын үш бөлікке бөледі. Олар алдыңғы, артқы және бүйірдегі жіпшелер. Бұл жіпшілер жүйке талшықтарының жиынтығы болып саналады.Жұлынның ақ затының алдыңғы жіпшелері, алдыңғы орталық саңлау мен алдыңғы бүйірлік сайдың арасында орналасқан. Жұлынның бүйірдегі жіпшелері – алдыңғы, артқы, бүйірдегі сайлардың, ал артқы жіпшілер – артқы бүйірдегі сай мен артқы орталық сайдың аралығында жұлын жіпшілері екі түрлі талшықтан тұрады. Жұлынның жүйке талшығы мен жұлынның өткізгіш жолы. Жұлынның жүйке талшығы оның әрбір бөлікьерінің аралығын жалғастырады. Жұлынның өткізгіш жолы арқылы жұлын бас мимен жалғасады. Жұлынның өткізгіш жолдарының үш түрі бар: 1. жоғары бағытталған; 2. төменге бағытталған; 3. аралық немесе ассоциативті. Жоғары бағытталған немесе афферентік жолдарымен сыртқы және ішкі ортаның тітіркеністері бұлшық еттерден, ішкі мүшелерден жұлын арқылы бас миға барады. Төменге бағытталған эфферент жолдар арқылы тітіркеніс жұмысшы мүшелерге жетеді. Жұлын негізінен осы жолдар арқылы өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет