Жүктелді Отбасы ұйытқысы – баға жетпес байлық


Қазақ халқының өткендегі өмірімен, салт дәстүрлерімен, тыныс-тірішілігімен біте қайнаған



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата28.02.2017
өлшемі7,75 Mb.
#5074
1   2   3   4

Қазақ халқының өткендегі өмірімен, салт дәстүрлерімен, тыныс-тірішілігімен біте қайнаған, 

ықылым замандарда күнделікті тұрмыста кеңінен қолданысқа ие болған фольклордың осы бітімі 

бөлек саласын, тереңдете зерттемеу ауыз әдебиетімізге де, тарихымызға да, мәдениетімізге де 

орны толмас нұқсан келтіреді. Этнографияның, театрлық іс-қимылдардың, діни наным-сенімнің, 

өзара ықпалдасуынан пайда болып тамыры ғасырлар қойнауына кететін, күрделі синкреттік жанр 

терең, жан-жақты зерттеулерді және теориялық дайындығы мықты зерттеушілерді қажет етті. 

Қазақ фольклорының зерттелуіне зор үлес қосқан белгілі ғалым Болатжан Абылқасымов аталмыш 

тақырыпты алғаш қолға алған ғалымдардың бірі. Оның «Телқоңыр» деп аталатын монографиясы 

осы тақырыпты түбегейлі қозғаған, көптеген тың ой-пікірлер айтылған салмақты еңбек. 

Бұл кітаптың алғашқы тарауында ғалым 

ғұрып фольклорын жіктеудің, топтаудың, 

саралаудың түйінді мәселелерін жан­

жақты сөз етеді. Әрқилы көзқарастарды, 

байламдар мен пікірлерді салыстыра 

отырып, ғалым көп жағдайда белгілі 

бір пікірді айтушы авторлардың атақ­

дәрежесіне қарамастан, мүлт кетті­ау 

деген тұстарының бәрін атап көрсетіп, 

өзінің қарсы дәлелін ұсынып отырады. 

Ғалымның пікірінше, ғұрыптық фоль­

клор жанрларын топтастырған кездері 

оған негіз ретінде белгілі бір ғұрыптарды 

немесе ғұрыптар жиынтығын алу керек. 

Автордың мәлімдеуінше, ғылыми ортада 

қалыптасқан жүйе бойынша ғұрып фоль­

клоры негізгі үш саладан тұрады, олар: 

отбасы ғұрып фольклоры, маусымдық 

ғұрып фольклоры, наным­сенім ғұрпы 

фольклоры. Б. Абылқасымов осы үш 

саланың ішінен наным­сенім фольклорын 

басты зерттеу нысанасы етіп алып, мұндай 

фольклордың шығу тегі сөз құдіретіне, 

магияға сенуден бастау алатынын атап 

өтеді.


Фольклордың мүлде қозғалмаған 

тақырыптарын қозғаған, көп жағынан 

жаңашыл еңбек болған «Телқоңыр» моно­

графиясында бақсылық және бақсылық 

сарын тақырыбы алғаш рет ғылыми зерт­

теу нысанына айналады. 

Б.Абылқасымовтың барынша өнімді 

еңбек етіп, әрі ғылыми зерттеулерін 

тереңдеп жүргізіп, әрі студенттерге ілім­

білім үйретіп, жаңа белестерді бағындырған 

кезеңі оның Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық институтында істеген 

жылдары еді (1992–2006 жж.). Ол 1992 

жылдан бастап, осы институттың фило­

логия факультетінің деканы болып жүріп, 

1994 жылы докторлық диссертациясын 

қорғап, филология ғылымының докторы, 

1996 жылы профессор болды. Ғалым өзінің 

ең үлкен еңбектерінің бірі, жоғарыда біз 

қысқаша қарастырып өткен «Телқоңыр 

(Қазақтың көне наным­сенімдеріне 

қатысты ғұрыптық фольклоры)» моно­

графиясын осы институтта жүргенде жа­

риялады (1993ж.). Бұдан басқа ғалымның 

студенттердің оқу процесінде қолданатын, 

сондай­ақ үлкен ғылыми құндылыққа 

ие кітаптары, атап айтқанда «Көкбай 

ақын» (1998), «Қабанбай батыр» (2005) 

оқу құралдары, «Наным­сенім ғұрпының 

фольклоры» хрестоматиясы жарық көрді. 

Жалпы, Қазақ мемлекеттік қыздар пе­

дагогика университетінде еңбек еткен 

жылдарының ішінде Б. Абылқасымов 

студенттерге білім берудің әдіс­тәсілдерін, 

методологиясын жетілдіруге, олардың 

әдебиетті, фольклорды терең игеруіне 

қажетті алғышарттар жасауға зор үлесін 

қосты. 


Зор дауысты, тұр­тұлғасы келіскен 

кісілікті ғалым лекция залында дәріс оқып 

тұрғанда студенттерді жалықтырмай, 

керісінше әрдайым бірнеше өзекті 

мәселені қатар көтеріп, олардың үлкен 

қызығушылығын тудыратын. Ұстаз 

болған адам өзінің шәкірттерімен өрісін 

кеңітетіні белгілі. Б.Абылқасымовтың 

ж е т е к ш і л і г і м е н   1   д о к т о р л ы қ ,   5 

кандидаттық диссертация қорғалды. Ол 

әрдайым өзінің шәкірттерін қолдап­

қуаттап, жігерлендіріп, таңдап алынған 

тақырыпқа байланысты бұрын кездесе 

бермейтін тың идеялар айтып, бағыт 

көрсетіп, әдемі әзіл­қалжыңымен олардың 

қобалжып, толқыған көңілдерін орнына 

түсіріп, демеп отыратын. 

Б.Абылқасымовтың ғылым жолында 

жасаған өлшеусіз еңбегі, студенттерді 

білім нәрімен сусындатуға жұмсаған 

күш­жігері елеусіз қалған жоқ. Ол 2000 

жылы ҚР білім беру ісінің үздігі атағын 

алды, 2004 жылы ҚР білім беру ісінің 

құрметті қызметкері атанды. 2002 жылы 

Халықаралық педагогикалық білімдер ҒА­

ның корреспондент мүшесі, ал 2003 жылы 

Халықаралық қоғамдық Ш.Айтматов 

а к а д е м и я с ы н ы ң   а к а д е м и г і   б о л д ы . 

Ғалымның артында мол ғылыми мұра 

қалды. Филология ғылымының докто­

ры, профессор Б.Абылқасымовтың көзі 

тірісінде көтерген іргелі тақырыптары, 

көкейкесті мәселелері, тың ой­пікірлері 

алдағы кезде де жас ғалымдарды шабыт­

тандырып, алға жетелейді деп білеміз. 

Айнұр КӨШЕКОВА,

филология ғылымдарының 

кандидаты, қауымд.проф.м.а., 

алады. Бай Жиреншенің бұрын атын естіп бір 

көруге құмар болып жүреді екен. Өзін көріп, 

сөзін естіген соң есі кетіп мал сойып, қымыз 

құяды. ...Бай Жиреншенің ақылына қызығып 

қызын бергісі келеді. Алайда қызы кедейге 

тұрмысқа шықпайтынын айтып, келісімін 

бермейді. Мұны көрген Жиренше: «Бай, 

сіздің қиналып отырғаныңыз маған әбден 

батты. Көнбеген балаңызды қояйық, мынау 

көршіңіздің қызының қалың малын төлеп 

алып берсеңіз болады»,­ дейді. Бай сұраған 

малын беріп, Қарашашты Жиреншеге қосады.

...Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта 

ауырып қаза болыпты. Әз Жәнібек хан 

«Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне­өзі 

естіртсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар», – 

деп уәзірлерімен сөз байласады. 

Жиренше елге оралған соң Жәнібек хан  

бірнеше сұрақтар қояды:

– Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады?­ 

депті. Жиренше шешен отырып:

– Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен 

бірдей болады, ­ депті.

– Шешесі өлген қалай болады?

– Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.

– Ағасы өлген қалай болады?

– Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.

– Қатыны өлген қалай болады?

– Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен 

ғой? – дейді Жиренше. Ол күйініп қамшысын 

таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт 

сынып кетіпті. «Қатын өлді – қамшының сабы 

сынды» деген сөз осыдан қалған.

Жиренше шешеннің мұндай күйінуі бекер 

емес. Себебі Қарашаш Жиренше шешенге 

тек қана адал жар ғана емес, ақылшы дос, 

сенімді серікке айнала білген еді. Қазақ 

тарихындағы есімі аңызға айналған осындай 

тұлғалардың қыз тәрбиесінде атқаратын рөлі 

өте зор болмақ.

el.kz, wikipedia.org сайттарының

материалдары бойынша дайындалды

Қазақ тарихында есімі аңызға айналған 

тұлғалар өте көп. Жазба әдебиеттің кеш 

дамығандығынан ауыз әдебиеті арқылы 

болмыс­бітімі аңыз ретінде суреттелетін 

кейіпкерлердің бірі Жиренше шешен. Жирен­

ше шешен Қазақ хандығын құрған әз Жәнібек 

ханның кеңесшісі болғандығы айтылған. Жи­

ренше шешеннің парасаттылығы, көрегендігі, 

тапқырлығы туралы көптеген әңгімелер жет­

кен. Сонымен қатар, Жиренше түркі тілдес 

халықтардың фольклорында да кездеседі. 

Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, 

қырғыздарда Жээренче чэчэн, түркіменде 

ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы 

аныздар бар.

Жиренше шешенмен қатар Қарашаш 

сұлудың есімі де аталады. Қарашаш сұлу Жи­

ренше шешеннің әйелі болған. Ол данагөй 

ақылдылығымен, тапқырлығымен шешен­

ге лайықты жар бола білген тарихи тұлға. 

Қаракөз ханым өлген соң, Жиренше қатын 

алмай көп жүріпті. Ойлаған сынына дәл қыз 

кездеспейді, кез келген қызды ұнатпайды. Бір 

күні жолаушылап келе жатып жаңбыр құйып 

кетеді. Ауыл сыртында тезек теріп жүрген бір 

топ қыз жаңбыр жауып кеткен соң қаптарын 

арқалап, ауылға қарай жүгіре жөнеледі. Тек бір 

қыз сырт киімін шешіп, қапқа жауып отырып 

қалады. «Мына қызда бір сыр болар»  деп, 

Суретті салған Ә.Бақтыгереев.

қазынашысы

КӨНЕ СӨЗДІҢ 



С О Ң Ғ Ы   Б Е Т

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

8

№11 (134)



15 қыркүйек

2015 жыл


Күзгі күтім

Жаз мезгілі – суға түсіп, күнге қыз­

ды рынып, жеміс­жидек жеп ағзамызды 

демалдыратын керемет уақыт. Ал күз 

келіп, сабақ басталып, жұмысқа асыққан 

уақытта емін­еркін «жүріп қалған» ағ­

за мыз тәртіпке «бағынғысы» келмейді. 

Оны бет терісінің құрғауы, шаштың түсуі, 

қабақтың ісуі секілді белгілер арқылы 

білуге болады.

Күн суыта бастағаннан­ақ бет те­

рісі құрғап, қабыршақтана бастайды.. 

Мұндайда міндетті түрде бетіңізді таза­

лап жуып, нәрлендіретін крем жағыңыз. 

Сондай­ақ, күзде беттегі секпіл мен 

дақтар анық көрініп, үлкейіп кететіні 

тағы бар. Беттегі қара дақтардан 

және секпілден арылудың жолдары 

көп. Бет терісін ағартуға арналған 

ірімшік қосылған масканың әсері мол. 

Ірімшіктің құрамында теріні ағартатын 

элементтер көп. Сондықтан ірімшік 

қосылған масканың әсері құрамында 

лимон шырынының қоспасы бар маскаға 

қарағанда әлдеқайда күшті. Мұндай мас­

каны дайындаудың екі тәсілі бар.

1 ­ т ә с і л .   2 5   г р а м м   і р і м ш і к т і 

жұмыртқаның сарысымен және 3% сутегі 

асқын тотығымен араластыру қажет. 

2­тәсіл. 30 грамм ірімшікті 1 ас қасық 

балмен және 1 ас қасық қаймақпен ара­

ластырып, қоспаның үстіне 3% сутегі 

асқын тотығын 3­4 рет тамызамыз.

Дайын болған масканы бетіңізге 

жағып, 15­20 минуттан кейін жылы 

сумен жуып тастаңыз. Мұндай маска 

бетіңіздің терісін біршама ағартып, оған 

ерекше өң береді. Масканы аптасына бір 

рет жасасаңыз жеткілікті. 

Ең бастысы – жеміс­жидектің, 

көкөністердің піскен мезгілінде ағзаны 

дәрумендермен толтыру керек. Асқабақ, 

болгар бұрышы, қырыққабақтан бас тап 

алма, алмұрт секілді жемістер күнделікті 

рационнан түспеу керек. Сонымен қатар, 

арнайы диеталарды сақтаған жөн. Мыса­

лы, аптасына бір рет күні бойы тек қана 

айран ішу, алма ғана жеу, тіпті лимон 

қосылған минералды су ішу арқылы 

ағзаны тазартып тұрған жөн.

Қыздар қалашығының әрбір жатақханасы 

өз тұрғындарын қабылдап, жаңа оқу жылын 

жаңа леппен бастады. Қыздар университеті 

студенттерінің мақсаты – жақсы оқып, өте 

жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, сапалы 

маман атану. Әрине бұл мақсаттың арманға 

айналып кетпеуі үшін арулар денсаулыққа көп 

мән береді.

Осы мақсатта Жастар саясатын дамыту 

бөлімі бүкіл жатақхана бойынша таңертеңгілік 

жаттығулар ұйымдастырып, жастарды сала­

уатты өмір салтына шақырды. Таң сәріден 

көңілді әуеннің ырғағымен жаттығулар жасап, 

таза ауамен тыныстаған қыздардың көңіл 

күйі күні бойы жақсы болатыны анық. Дене 

тәрбиесі және валеология кафедрасының 

оқытушылары, Жастар комитетінің төрайымы 

Жанерке Серікова, №4 жатақхана коменданты 

Роза Шыныбекқызы таңғы жаттығуға белсене 

араласты.

Таза ауадағы таңғы жаттығу жерге қар 

түскенше жалғасатын болады. Ал қыста 

жаттығу фитнес залында өтеді. «Жаны 

саудың – тәні сау» деп халқымыз айтқандай 

денсаулық адам өмірінде ең қымбат һәм 

маңызды байлық. 



Сара ЖҮНІСБЕК,

Жастар комитетінің мүшесі

Бағасы келiсiм бойынша. 

Таралымы – 1000 дана. 

Тапсырыс №1526

 Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «Қыздар университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ

:

Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университеті

«Қыздар 

университеті» медиа 

орталығы

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

К.САРТБАЕВ – 

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы

А.ҰЙҚАСБАЕВА – 

Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі

Тілшілер:

 Н.ЖҰМАҚҰЛОВА, 

 

Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА

 А.КЕМЕЛБЕКОВА

Беттеуші: 

 Н.МӘДЕЛІ

Фототiлшi: 

Д.АБДИЛЬДИНОВ

Жетекші-Бас редактор – 

Д.СМАЙЫЛ

МЕКЕН-ЖАЙЫ:

050000, Алматы қаласы, 

Әйтеке би көшесі, 99-үй 

Байланыс телефоны:

8 (727) 279-38-05 

Газет «Қыздар университеті» газеті 

редакциясының компьютерлік орта-

лығында терiлiп, беттелдi.

«Алматы-Болашақ» АҚ 

баспаханасында 

(С.Мұқанов көшесі, 223 В) басылды. 

Тел.: 8 (727) 378-42-00

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 

16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345-Г куәлiк берiлген. 

КЕРЕК КЕҢЕС

СПОРТ


Қыз саулығы – 

ұлт саулығы



САҒАТТЫҢ УАҚЫТЫ 

ҚАШАН БАСТАЛДЫ?

Жақыныңызды күткенде, сағыныштың хабарын алуға асыққанда қолдағы сағатқа 

тағатсыздана қарап, уақыт санап кетеміз. Біздің өміріміз уақытқа тәуелді. Ерте тұрып, 

сабаққа, жұмысқа бару, түскі астың уақыты, кешкі жоспарлар секілді күнделікті атқаратын 

жұмыстардың уақытын белгілейміз. Межеленген уақытқа үлгеру үшін ауық-ауық сағатқа 

қарап, ширақ қимылдап немесе асықпасақ тағы бір ісімізді тындырып тастауға бейім 

тұрамыз. Бір тәуліктегі 24 сағаттың минут, секундын өлшеп, дәлме-дәл уақыт белгісін 

көрсететін сағат құралының даму тарихы жайында бүгінгі айдарымыздан біле аласыздар.

Қазақ халқы алтынмен апталған, 

күміспен қапталған сағатпен уақыт 

б е л г і л е м е с е   д е ,   т а ң   с ә р і д е н   қ а с 

қарайғанға дейінгі уақытта тіршілігін 

атқарып, малын өріске айдап, кешке 

қорасына қамап, тіршілігін табиғатпен 

етене байланыстырған халық. Алагеуім, 

қ ұ л а н и е к ,   с и ы р   с ә с к е ,   ұ л ы   с ә с к е , 

ымырт деп күннің атуы мен батуына 

қарап мезгілді анықтаған болса, тұрмыс-

тіршілігіне қарай «шай қайнатым», «сүт 

пісірім», «бие сауым», «ет пісірім» уақытта 

әрбір ісін құнттаған.

Тек қана қазақтар ғана емес, әлемнің 

әр түкпіріндегі адамдар ерте замандар-

да күннің қозғалысына қарап уақытты 

анықтаған. Алайда, түнде немесе бұлтты 

күндері адамдар уақытта шатасқан. Б.з.б. 

3500 жылдары египеттіктер «күн сағатын» 

ойлап тапты. Оны жасап алудың еш 

қиындығы жоқ еді: жазық алаңқайдың 

ортасына қазық қағылады; күн ашықта 

әлгі қазық қазіргі сағаттардың уақыт 

көрсететін бөліктеріне сәйкес сызылып 

қойылған алаңқайға өзінің көлеңкесін 

түсіріп тұрады. Күні бойы көлеңке үздіксіз 

жылжып отырады, сөйтіп оның жылжу 

қалпына қарап, адамдар күн мезгілін 

анықтаған.

Осы әдіс жылдар бойы дамытылып, 

біздің қолымыздағы уақыт көрсететін 

сағатқа немесе ұялы телефондағы 

электронды сағатқа айналды десек 

қателеспейміз. Ал дәлме-дәл уақытты 

көрсететін технологияның дамыған 

т ү р і н е   д е й і н   қ а н ш а м а   у а қ ы т   ө т т і . 

Көптеген ғалымдар жаңалық ашып, 

уақыт «өлшемінің» жаңа құралын жасап 

шығарды.


Б.з.д. 1500 жылдары «құм сағаты» ой-

лап табылды. Бастапқыда оның орнына су 

қолданылатын, тек б.з. 7000 жылдарында 

ғана құмға ауыстырылды. Мұнда құм екі 

шыны сауыттың тұтасқан тар мойыны 

арқылы алма-кезек сусып ағып тұрады.

Ал механикалық сағаттар жөніндегі 

алғашқы деректі ғалымдар ежелгі 

византиялық қолжазба нұсқалардан 

тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс 

келеді. Мұндай сағаттарда серіппелер, 

тұтқыштар, реттегіштер қолданылды. 

Алғашқы механикалық сағаттардың 

сағаттық тілі мен циферблаты болмады, 

олар әр сағат сайын шырылдап тұратын. 

Кейіннен бір сағаттық тілі бар түрлері 

шыға бастады.

ХV ғасырда «цилиндрлік серіппе-

лер» ойлап табылып, 

с а ғ а т т ы ң   к ө л е м і 

кішірейе түсті. 

Б ұ ғ а н   д е й і н г і 

с а ғ а т т а р д ы ң 

уақыттары тура 

ғана қолсағатты неміс армиясы қолайлы 

болғандықтан қолдана бастайды да, 

ерлердің арасында кең таралды.

Дүние жүзiндегi ең кiшкентай қол 

сағатты Швейцарияның Ле Пультур ком-

паниясы құрастырған. Оның салмағы бар 

болғаны 7 грамм. «Ең қымбат сағат» 1989 

жылы сәуiр айында саудаға шығарылған. 

Бұл Швейцариялық алтын сағатты 

Оңтүстiк Американың бiр тұрғыны 

16004392 фунт стерлингке сатып алған.

«Бақытты адамдар сағат тақпайды, 

у а қ ы т қ а   б а ғ ы н б а й д ы »   д е г е н   п і к і р 

қалыптасқан. Дегенмен, қазіргі таңда 

уақытқа тәуелді жандар ұялы телефонына 

қарап сағаттың қанша болғанын әрдайым 

біліп отырады. Ал қолсағаттар сәндік ак-

сессуар ретінде ерекше роль ойнайды. 

Оған қарап адамның стилін, ұстанымын, 

лауазымын, мінезін анықтауға болады. 

Әлемдік нарықта өзіндік орны бар Швей-

цария, Жапония, Германия, Италия, 

Англия елдері ішкі өнімдерін сапалы 

қолсағаттарды шығарумен арттырып 

жатыр. Классикалық, спорттық үлгідегі 

қолсағаттардың түр-түрін талғамға 

қарай таңдауға мүмкіндік өте көп.

Сондай-ақ, көпшілік бүгінде 

«сағатты сыйға тартпайды» деген 

ұстаныммен жүреді. Бұл наным-

сенім Қытайдан келген. «Өлім» дегенді 

білдіретін қытай иероглифі сағаттың 

таңбасына ұқсайды. Сондықтан осы елдің 

тұрғындары сыйға алынған сағат – жер-

леу рәсіміне шақыру деп түсінеді екен. 

Ырым біртүрлі естілгенімен, көп халық 

бұған шүбәсіз сенеді.

Т а ғ ы   б і р   м ә н   б е р е т і н   ж а й т :   е л 

басқарған тұлғалар, даңқты саясаткерлер, 

ғалымдар, жазушылар дүниеден озғанда 

оларға тиесілі сағаттардың тілдері де 

тоқтап қалғаны туралы ақпаратты көп 

естиміз. Мысалы, жыр алыбы Жамбыл 

Жабаев қайтыс болғанда, үйдегі қабырға 

сағаты тоқтап қалған. Бүгінде сағат сол 

күйінде мұражайда сақтаулы. Уақыттың 

тылсым күші иесімен ерекше байланыста 

болғанды білдіргендей...

Қазақ халқы «алудай-ақ алады, ал беру-

де алдына жан салмайды». Жаны жомарт 

жандар ырымдап, жақсы ниетке балап, 

қол сағатын құнына қарамастан сыйға тар-

тып, естелікке беріп жатады. Қытайлық 

ырымның қазаққа әсері болмайды. Кез 

келген істі жақсы ниетпен, ақ тілеумен 

бастау керек. «Асыққан – сайтанның ісі» 

дейді халық. Әрбір ісіміз уақытында орын-

далып, сағатымыз қуанышты сәтті көруді 

ұмыттырмасын.

Қарлыға ТЕЛМАН

болмайтын. 1656 жылы  Кристиан Хай-

ген ойлап тапқан «маятниктік сағаттар» 

алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда 

дұрысырақ болды. Кемшілігі – маятниксіз 

сағаттар күніне уақыттан 15 минут арт-

та қалып, немесе озып кете беретін. 

Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл 

уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. 

Қол сағатты алғашқы жасап шығарушы 

атағына екі швейцариялық фирма: Патек 

Филиппе және Абрахам-Луи Бреге тала-

суда. Патек Филиппе алғаш рет білезіктегі 

қол сағатты 1868 жылы графиня Коцевич 

үшін арнап жасаған, ал Абрахам-Луи 

Бреге 1810 жылы соғылатын, білезіктегі 

қол сағатты Наполеонның қарындасы, 

Неаполь ханшайымы Каролины Мю-

рат үшін жасаған. Фирманың негізін 

қалаушы Абрахам-Луи Бреге тарихтағы 

ең ұлы сағат ұстасы болып табылады. Ол 

кезінде ханшайым Мария–Антуаненттаға 

да сағат жасаған. Қолсағат алғашқыда 

әйелдер үшін жасалған. Тек 1880 жылда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет