Жүкті әйелдің тамақтануы Жамакурова Аяулым мпд 001-02



бет4/4
Дата02.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#89230
1   2   3   4
Байланысты:
477960.pptx

Жүктіліктің ІІ триместірінде (32 апта мерзімінен босанғанға дейін) қабылдайтын тамақ калориясы салыстырмалы түрде күніне - 2140 кал. 1. Күніне 3 мерзімді тамақтануға көшу. 2. Рационда қант көлемін азайту. 3. Рационға ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдерін қосу. 4.Жүктіліктің ІІ триместрдің ортасынан бастап ана мен құрсақтағы сәби ағзаларының кальциге сұранысы артады. Кальцидің негізгі көзі -сүт.


3.Жүктіліктің ІІІ триместрінің орта шамасынан бастап қолданатын азық-түлік калориясын 200-300 кал азайтуға қажет, яғни кондитерлі тағамдарды, семіз етті қолданбау. Ірімшік пен қаймақтың майлылығы аз түрлерін қолдану. 4.Көкөністердің шикі түрде жеуге болатын түрлерін, жеміс- жидектерді көп қолдану. Жүктілік кезінде А дәруменінен бас тарту қажет. А дәрумені кей жағыдайларда эмбрионды зақымдауы ықтимал. А дәрумені көбіне малдардың бауырында болады. Және жүкті аналар кофе мен шайды, коланы мүмкіндігінше аз қолданғаны дұрыс.

Жүктілік кезінде пайдалануға болмайтын өнімдер

Жүкті әйел құрамында жасанды бояғыштары мен хош иістендіргіштері бар консервіленген тамаққа ерекше назар аударуы тиіс. Қосындылардың шамадан көп мөлшері диарея, іш бұзылуын және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Барлығынан да натрий бензоатымен (консервілер, джемдер, майонез), ортофосфор қышқылымен, натрий фосфатымен (пісіруге арналған ұнтақтар, кола типті сусындар), натрий глутаминатымен (сусындар, жылдам әзірленетін көжелер, «Вегета» типті дәмдеуіштер, сорпаға қосатын текшелер, консервілер, құрғақ тұздықтар және т.б.) абай болу керек. Сондай-ақ дүкенде сатылатын шұжық өнімдерінен аулақ болу керек, себебі олар балаға зиянды химиялық заттармен дәмделген және құрамында көп тұз бар.Алкогольден мүлде бас тарту керек. Жүктілік кезінде тіпті шамалы шараптың өзіне тыйым салынады. Жүктілік кезінде алкогольдік салмасы бар кез келген кәмпиттерге де тыйым салынады.

Қорытынды

Жүктілік кезінде тиімді тамақтануға, жүкті жағдайда әйел организмінің қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударылуы керек. Жүкті әйелдердің тамақтану рационы әр т.рлі болғаны жөн. Тағам рационында тағамдық және биологиялық құндылықтар жеткілікті мөлшерде түсіп отыруы тиіс. Организмдегі барлық зат алмасу процесстеріне қатысатын ең маңызды витаминдер мен минералды заттектердің көзі болып табылатын көкеністер мен жемістерді пайдалану. Ұрықтың дамуы үшін фолий қышқылы, темір, йод, мырыш және қанықтырылмаған май қышқылдары сияқты қоректік элементтер аса маңызды. Бұл элементтер аспен бірге дұрыс үлесте ағзаға түсуі қажет. Жүктілер және емізетін аналар емдәмдеріндегі қателер, әсіресе, ағза осы элементтердің қажет мөлшерін алмаған жағдайда пайда болады. Негізгісі - не жеп отырғаныңды білу. Ана болуды жоспарлайтын әйелдер дұрыс тамақтану ережелерін білулері қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет