Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың екінші кезеңі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының екінші кезеңін 1998 және 2000 жылдар аралығына жатқызуға болады. Осы кезеңде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте тигізетін қауіптілік деңгейіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес институтының жұмыс істеу әдіснамасы мен әдістерін анықтау қажеттігі туындады.
Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау және арнайы органдардың әдістері мен құралдарын қолдану керектігі туындады, яғни осындай әлеуметтік қауіпті тудыратын себептермен емес, тек оның салдарларымен күресу қажет болды. 1998 жылы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып, жаңа экономикалық байланыстар орнатылды, экономикалық қызметке сәйкес келетін заңнама әзірленіп, қабылданды. Оларға қол жеткізу үшін қажетті мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат әзірленіп, сыбайлас жемқорлық себептерін зерделеу бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жүргізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық және отандық арнайы институттардың тәжірибелері кеңінен қолданыла бастап, халықаралық ынтымақтастық дамыды.
112. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте көзделген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалып, мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады.
113. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
114. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |