Жұлындық рефлекстердің орталық тежелуі (Сеченовтік тежелу) Тежелу қозуға қарама-қарсы құбылыс. Тежелу құбылысын 1862 жылы И. М. Сеченов ашты. Ол туралы өзінің «Ми рефлекстері»



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі17 Kb.
#13151
1   2   3   4
Пресинапстық тежелу.Бұл да аралық тежеуші нейрондардың қатысуында іске асады. Атына сәйкес тежелуді тудыратын прогцесстер персинапстық мембранада жүреді. тежеуші аралық нейрон аксонынның ақырғы тармақтарының ұштары қоздырушы нейрон аксонының ақырғы тармақтарында (пресинапстық терминальдарында) тежеуші синапстар түзеді. өйткені, бұл синапстарда жасалатын медиаторлар терминальдар мембранасын хлор иондарына өткізгіштікті күшейту арқылы деполяризациялайды. Осы деполяризация қоздырушы аксон тармақтарына түсетін импульстер амплитудасын төмендетеді. Бұдан оларда босауға тиіс қоздырушы медиаторлар мөлшері азаяды (бұл жерде кальций иондарының терминальдар ішінде түсетін мөлшерінің аз болуының да ролі бар деп есептеледі). Ендеше қоздырушы постсинапстық потенциал шамасы төмендейді, таралатын әрекет потенциалы тумайды. Ескертетін нәрсе, қоздырушы нейрон аксонының терминальдары тежеуші нейрон аксоның ұштар үшін постсинапстық роль атқарады да, ал өздері жабдықтайтын келесі нейрон үшін пресинапстық роль атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет