Жұлындық рефлекстердің орталық тежелуі (Сеченовтік тежелу) Тежелу қозуға қарама-қарсы құбылыс. Тежелу құбылысын 1862 жылы И. М. Сеченов ашты. Ол туралы өзінің «Ми рефлекстері»



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі17 Kb.
#13151
1   2   3   4
Алғашқы тежелу (постсинанпсық, пресинапстық) – арнайы тежеуші нейрондардың қатысуында постсинапстық мембранадағы процестер нәтижесінде бірден туады. Ал соңғы тежелу (аутогендік, пессимальды, қайтымды тежеулер) өзінің алдында болып өткен қозудан соң пайда болады.

Постсинапстық тежелу – тежеуші нейрондар қызметіне байланысты болады. Бұлардың аксондары қоздырушы нейрондар денелерінд немесе дендриттерінде тежеуші синапстар түзеді. өйткені қозу ипульстері әсерінен аксон тармақтарынң пресинапстық ұштарынан бөлінетін медиатор (гамма амин май қышқылы – ГАМҚ) субсинапстық мембранада қоздырушы синапстардағыдай деполяризация емес, гиперполяризация жүргізді. Осы оң электрлі толқын – тежеуші постсинапсық потенциал (ТПСП) деп белгіленеді. Ал бұл потенциал постеинапстық мембранадағы жүретін өзгерістерге байланысты болғандықтан тежулді постсинапсық немесе гиперполяризациялық деп атайды. Тура тежелуге жатады.

Жеке синапстарда туатын тежеуші потенциалдардан қоздырушы потенциалдар тәрізді кеңістік және уақыттық жиынтықталу байқалады: нерв орталықтарында тжеуші тітіркендіру күші өссе тежеуші потенциал да күшейеді.

Әр нерв клеткасында толып жатқан тежеуші және қоздырушы синапстар қатар, бір-біріне жанаса орналасады. Сол себепті олар өзара әрекеттесе алады. Мысалы, тежеуші постсинапстық потенциал қоздыршы потенциалды әлсіретеді де, мембрана деполяризациясының айнымалы деңгейге жетуіне кедергі жасайды. Сондықтан таралатын қозу толқыны тумайды.

Егер афференттік нерв арқылы алдымен тежеуші әсер түссе, мұның артынша түскен қоздырушы әсерге әрекет потенциалы пайда болмайды. Ал егер тежеуші тітіркендіргішті қоздырушы импульстер әсері жүріп жатқанда қолданса, онда соңғылар сирейді, немесе мүлде тоқтайды. Бірақ, клетка байқалатын тежелудің шамаларының ара қатынасына, реакцияға қамтылған қоздырушы және тежеуші синапстар санына байланысты болады. Қоздырушы потенциал тежеушіден басым болса, оның күші нейрондағы деполяризацияны табалдырық деңгейіне жеткізеді де қозу импульсі туды және керісінше, потенциал күшейіп кетсе, жоғарыда айтқандай, нейрон мембранасындағы деполяризация айнымалы деңгейіне жте алмайды яғни қозу толқыны тумайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет