Жұлындық рефлекстердің орталық тежелуі (Сеченовтік тежелу) Тежелу қозуға қарама-қарсы құбылыс. Тежелу құбылысын 1862 жылы И. М. Сеченов ашты. Ол туралы өзінің «Ми рефлекстері»



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі17 Kb.
#13151
1   2   3   4
Пессимальды тежелу – соңғы тежелуге жатады. Бұл үшін арнайы тежеуші құрылымдардың қатысуы міндетті емес. Қоздырушы синапстарға түсетін импульстер шамадан артық жиілеп кеткенде постсинапстық мембранада күшті деполяризация жүретіндіктен пайда болады.

Аутогендік тежелу де соңғы тежелуге жатады. Ол қозу аяқталған соң ізінше туады. Пайда болған қозу импульсі тоқтағаннан кейін нерв клеткасы мембранасында күшті іздік гиперполяризация дамиды. Сол себептен қоздырушы постсинапсық потенциал мембрананы айнымалы деңгейге жететіндей дәрежеде деполяризациялай алмайды, таралатын әрекет потенциалы тумайды.

Қайтымды тежелу. Реншоу клеткасы деп аталатын тежеуші клетканың қатысуымен іске асады. Жұлындағы мотонейрондар аксондарды жұлыннан шығар алдында өзінің коллатеральды (бүйір тармақтары) арқылы ондағы Реншоу клеткаларының аксон ұштары сол мотонейрондардың өз денелерінде не олардың дендритерінде тежеуші синапстар түзеді. Олай болса осы тізбек арқылы мотонейроннан шыққан қоздырушы импульстер Реншоу клеткасына жетіп оны активтіендіре алады. Ал Реншоу нейроны өз тарапынан мотонейрондардан тежелу тудырады. Басқаша айтқанда, мотонейрондардан шыққан қозу импульстері Реншоу клеткалары арқылы қайтып оралып оларда тежелу тудыратын сияқты көрінеді. Сондықтан мұндай тежелуді қайтымды тежелу деп атайды. Дж. Эккклетің т.б. зерттеулері бойынша қайтымды тежелу тек жұлын деңгейінде ғана емес, бүкіл орталық нерв жүйесінің үйлестіруді ұйымдастыру қызметінде маңызды роль атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет