Жм-909 Мейірбек Бағдат оббөЖ тақырыбы: Қарым-қатынас стильдері



бет1/6
Дата21.12.2023
өлшемі55,48 Kb.
#142459
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мейірбек Бағдат ЖМ-909 ОББӨЖ (пс.11)


ЖМ-909 Мейірбек Бағдат
ОББӨЖ тақырыбы: Қарым-қатынас стильдері
Қарым – қатынас – адамдар арасындағы бірлескен іс-әрекет қажетті-лігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс.
Қарым – қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани іскер, т.б. деңгейлері болады.
 Қарым -қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілікұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі танумен байланысты;
2) реттеуші-коммуникативтік адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру;
3) аффективтік-коммуникативтік адамның эмоционалдық аясымен байланысты;
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністік-ке қол жеткізу.Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тың-дап, түсіне білудің маңызы зор.Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып табылады.Ал қарым-қатынас мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр адамның білім, тәрбие және әлеуметтену деңгейін көрсететін, мінез-құлық мәдениетінің құрамдас бөлігі.
Қарым-қатынас туралы түсінік және оның құрылымы туралы алғаш ұсынған 1970 жылы Б.Д.Парыгин.Ол қарым-қатынастың негізгі өлшемдерін атап өтті:
1. Психикалық контакт ( тұлғаның бірін-бірі қабылдауы ).
2. Хабар алмасу вербальді және вербальді емес қарым-қатынас.
3. Өзара әсер, өзара бірлескен іс-әрекет.
Бұл мәселенің мәнін И.М. Сеченов « Адамгершілік сезімдерді дамыту үшін қажет », - деді.Алғаш эксперимент жүргізген В.М.Бехтерев еді.Кейін А.Ф. Лазурский, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев өз үлестерін қосты.
Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың рөлін « еңбек арқылы пайда болған әлеуметтік-тарихи дамудың жемісі », - деп атап көрсетті.
.Педагогикалық тәжірибені талдай отыра тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет