3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары: 1. Педагогикалық қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.
2. Қарым-қатынас кезінде информацияны ( ақпарат ) дұрыс беру.
3. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде оқушының көз-қарасына, қимыл-әрекетіне, мәнеріне қарап түсіну.
4. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде өзіңнің психикалық көңіл-күйіңді меңгере білу.
5. Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын жүзеге асыру.
В.Н.Панферев адамды қарым-қатынастығы субъектісі ретінде алып, қарым-қатынасты 6 функцияға бөледі: 1. Коммуникативтік функция.Қарым-қатынас барысында адамдар бір-бірі- мен өзара, топпен қоғамдық қатынаста, байланыста болады.
2. Ақпаратттық, хабарламалық функция.Практикалық тәжірибенің бары-сында бір адамнан екінші адамға ақпарат тарайды.
3. Когнитивтік функция.Қарым-қатынас барысында қабылданған заттар туралы ойлардың мәнін түсінуге, елес, ойлау, қиялдауға мүмкіндік туады, білімдер жүйесі жинақталады.
4. Эмотивтік функция – басқа адамдармен қарым-қатынас барысында эмоциялық жағдайлар туады ( бір-біріне ұнау не ұнамау ), достық – дұшпандық.Дұрыс эмоциялық қарым-қатынас тұлғаның баға жетпес құнды байлығы, өмірінің мәні болып есептеледі.
5. Конативтік функция – адамның өзінің де өзгенің де мінез-құлқын меңгеріп билей отырып, алға ұмтылуы.
6. Креативтік функция – қарым-қатынас арқылы адамның өзгеруі, эмоциялық ұқсауы, өзін-өзі сондай болуға ұмтылуы, көзін жеткізуі.
Қарым – қатынас жасау адамның даралық мінез қасиетіне де байланысты. Ол мынадай белгілерден тұрады:
1. Өзгелер мен қарым-қатынас орнатуға ниет білдіруі.
2. Қатынас жасайтын адамдарын білуге ұмтылуы.
3. Қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп, ұғынусудың жолын іздестіру.
4. Кімнің кім екенің білуге ұмтылуы.
Сөйтіп қарым-қатынас екі бөліктен тұрады. Оның бірі адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері: ойлауы мен саналы әрекеті. Ал келесі бөлшегі – адамның жүріс тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп, әрекет жасайтын қатынас сипаты.