Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет12/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:


Диссертацияның құрылымы. Диccepтaция кipicпeдeн, үш бөлiмнeн, 
қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaлардaн тұpaды. 
Жұмыстың жалпы көлемі 169 бетке компьютермен теріліп басылған. Ол 29 
кесте, 45 суретпен безендірілген. Әдебиеттер тізімі 198 аталымнан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің көкейкестілігі, 
зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші 
идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздемесі, зерттеу көздері, зерттеу кезеңдері 
мен әдістері, зерттеу базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық 
мәнділігі, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, 
зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерінің 
сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі баяндалады.
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың 
теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде
теориялық тұрғыда 
ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар негізінде «метапән», «метапәндік 
тұрғыдан оқыту» ұғымдарының мәні ашылып, бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытудың психологиялық негіздері мен оның моделі 
сипатталады.
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
дидактикалық-интеграциялық әлеуеті» атты екінші бөлімде метапәндік 
оқытудың ішкі жүйесі және оның сипаттамасы, жаңартылған білім мазмұны 
жағдайында бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
мүмкіндіктері сараланып, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқытудың педагогикалық шарттары айқындалды.
«Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
тәжірибелік-эксперимент жұмысы» атты үшінші бөлімде бастауыш білім 
беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың әдістемесі негізделіп, зерттеу 
мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мен 
олардың нәтижелері келтіріледі.
Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі 
нәтижелері мен тұжырымдары түйінделіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен 


15 
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің 
болашақтағы зерттелетін бағыттары көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет