Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
жұмыс істеуі туралы білу» деген мағына береді [70,б. 1280].
Сонымен бірге кез келген ғылыми пәннің осы ғылымды теориялық 
тұрғыдан негіздейтін, оның мәнін, мақсатын және қолданылу аясын ұғынуға 
жол ашатын метатеориясы болады. Мәселен, метаматематикада кез келген 
күрделі теорияның толық еместігін немесе сәйкессіздігін көрсететін әйгілі 
Гедель теоремасы бар. Егер кімде кім белгілі бір ғылымды (математика, тарих, 
тіл) түсінгісі келсе, осы мета мағынаны сақтап, бір сатыға жоғары үңілуі тиіс.
Жоғарыда айтылып өткен анықтамалардан мета ұғымының белгілі бір 
нәрсені байланыстырушы, үстінен қараушы деген қорытындыға келіп 
отырмыз. Бұл сөзімізді ғалымдардың «метапән» ұғымына берген 
анықтамасымен дәлелдегіміз келеді. Алайда, «метапәнділік» ұғымының 
ғылымдағы және педагогикадағы ұзақ тарихына қарамастан, оның бірыңғай 
түсіндірмесі жоқ екендігі анықталды. 
Метапәнділіктің қолданылу аясы өткен ғасырдың 20-жылдарында кең 
таралған болатын. 1917 жылы төңкерістен кейін білім берудің классикалық 
жүйесінен шеттеуге ұмтылыс жасалды, сондықтан бұрынғы оқыту түрінің 
орнына метапәндік оқыту келді. Ол бірнеше сатыларға бөлінді. Атап айтсақ, 
бірінші сатыда – ең шағын сатыда − балалармен жай серуен жасады, 
әңгімелесті, оларға пәндік оқытудан тыс, қоршаған әлем туралы біртұтас 
ұғымдар мен түсініктерді берді. Оқытудың ересек сатыларында балалармен 
экскурсиялар, пікірталастар, диспуттар жүргізілді. 1930 жылы жалпы бірдей 
міндетті оқыту енгізілді, ал 1932 жылы жоба әдісі қоғамның тарапынан қатаң 
сынға ұшырады, сондықтан кеңестік мектеп революцияға дейінгі әдістемеге 
қайта оралды, ал ондай әдістеменің негізі пәндік оқыту еді [70,б. 12]. 
1980 жылдардағы білім берудің метапәндік мазмұнының алғашқы 
зерттеулері дәртүрлі пәндер аясындағы фундаментальді константаларға 
арналды. Олар: физикалық, математикалық, химиялық және астрономиялық. 
Сөз, сан, әріп, белгі, дыбыс, даму, қоғалым, әлем, уақыт, кеңістік, адам 
категориялары 

метапәндік мазмұнның үлгілері болып табылады. Оқушы 
әлемдік константаларды тану және ұғыну арқылы метапәндік білімге және 
әлемді бейнелі қабылдауға келіп жетеді.
1987 жылы әдіскер ғалым, педагог, психология ғылымдарының докторы, 
профессор Юрий Вячеславович Громыко өзінің әріптестерімен, ізбасарларымен 
бірге білім берудегі жаңа бағыттың әзірлемесін қолға алды. Бұл ұғым 1990 
жылдың соңында – 2000 жылдың басында психология ғылымдарының докторы 
Ю.В.Громыконың педагогика ғылымының және тәжірибесінің аса кең 


18 
бағытының – Г.П.Щедровицкийдің жүйелі-ойлау тұғыры идеясына сүйенетін 
ойлау-әрекеттік педагогиканың компоненті ретінде метапәндік оқытудың 
тұжырымдамалық негіздерін негіздеумен байланысты енгізілген болатын.
Біздің ойымызша, Ю.В. Громыко ұсынған білім берудің жаңа бағытының 
болашағы әлі де кең арналы болады. Өйткені, метапәндік тұрғыдан оқытудың 
ұстанатын идеясы кең арналы болып табылады. 
«Метапедагогика» ұғымының мазмұны педагогиканың пәндік саласынан 
тыс және әдіснама, философия, дүниетаным мәселелеріне қатысты теориялық 
мәселелерді қамтиды. 
Ю.В.Громыко өз зерттеулерінде «метапән» ұғымына төмендегідей 
анықтама береді. 
«Метапән» – дәстүрлі циклдегі оқыту пәндерінен өзгеше пән. Ол пәнішілік 
және пәнүстілік идеясын біріктіреді. Метапәнділік пән аясынан шығу, бірақ 
олардан кетіп қалу дегенді білдірмейді. Метапән 

пәннің немесе бірнеше 
пәннің «арқасында» тұрады, ол олардың негізінде, олармен тамырлас 
байланыста болады. Метапәндік пәндіктен бөлек шыға алмайды [51,б. 159], 

дейді Ю.В.Громыко. Ғалымның басшылығымен өткен ғасырдың соңында 
мектепте метапәндердің оқытылуын көздеуші оқыту технологиясы әзірленді. 
Ғалым «Метапән оқу материалының ой-әрекеттік типте кіріктірілуіне 
негізделеді және дәстүрлі мектеп пәндерінің үстінде тұратын білім беру 
формасы» деп тұжырымдайды. Ол «Білім», «Белгі», «Проблема», «Тапсырма» 
секілді метапәндерді атап өтеді.
Осы ретте мектептегі білім беру үдерісі қарқындап дамып жатқандықтан, 
осындай жаңалықтардың өз орнымен болып жатқандығын атап кеткіміз келеді. 
Ғалым А.В.Хуторской бойынша «метапән» 

білім беру жүйесінің және 
кез келген оқыту түрінің бөлінбейтін бір өлшегі. Бүгінгі метапәнділік 

эвристикалық оқытудың қажетті шарты «Білім мұғалім арқылы берілмейді, 
оқушының оқу әрекетінде туындайды» деген тұжырымға келеді [50,б. 73]. Біз 
де А.В. Хуторскойдың ізімен, білімнің оқушының белсенді әрекеті негізінде 
қалыптасады деген идеяны басшылыққа аламыз. 
О.М.Корчажкин метапәнділікті дәстүрлі оқу пәндеріне негізделетін білім 
беру формасы ретінде қарастырады. Негізінде оқу материалын кіріктірудің ой 
әрекеттік типін қолданады [76].
Біздіңше, О.М. Корчажкиннің пікіріне терең үңілетін болсақ, 
метапәнділікті дәстүрлі пәндерге негіздей оқытудың әлі де болса қарастырылуы 
тиіс әлеуетті қырлары анықталуы керек. 
А.А.Кузнецова өзінің зерттеулерінде: «Білім беру әрекетінің метапәндік 
нәтижелері 

бір немесе бірнеше пәндер аясында игерілген білімді шынайы 
өмірлік жағдайда проблемаларды шешуде және білім беру үдерісінде 
қолданылатын әрекет тәсілдері»
[71,б. 1534], 

дейді.
Негізінде, А.А. Кузнецованың метапәндік нәтижелер туралы пікірі өте 
дұрыс. Өйткені, метапәндік білім шынайы өмірдегі мәселелерді шешуде 
қолданылатын құрал болуы керек. 


19 
Ресей ғалымы С.В.Галянның пікірінше, метапәндік оқыту оқу пәнінің 
маңызды ұғымдарын «жаттап алуды емес», «ойлауды» көздейді. 
Оқушылардың оқу әрекетінің болуын, пәндік базалық қабілеттердің 
қалыптасуын, оқу үдерісінде ғылыми жаңалықты қайталауды және 
рефлексиялық әрекеттің бар болуын білдіреді [77].
Осы тұста С.В. Галянның білімді «жаттанды» етіп емес, жан-жақты 
дамыту үшін меңгерту идеясының құныдылығы айқын байқалады. 
Ресейдің федералды мемлекеттік білім беру стандартында метапәнділік 
теориялық ойлаудың әмбебап оқу әрекеті және білім алушылардың әлемді 
тұтас бейнеде көруді қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады [77,б. 87]. 
Атап кететін мәселе, метапәндік тұрғыдан оқытудың жаңа әдіснамалық
бағыты ретінде қойылған метапәндік оқытуды Ресей білім беру жүйесі 
мемлекеттік білім стандартына енгізіп, оны ғылыми және практикалық 
тұрғыдан негіздеу үдерісі қарқынды түрде жалғасуда.
А.Г.Асмолов [51], Ю.В.Громыко [49], О.Лебедева [78], А.В.Хуторской [50] 
және басқалардың еңбектерінде әлемді тұтас қабылдау идеясы көрініс табады. 
Олардың тұжырымдарына сәйкес білім берудегі метапәндік тұрғыда оқыту 
әртүрлі ғылыми пәндердің және оқу пәндерінің бір-бірінен алшақтығы, 
бытыраңқылығы, бөлінуі мәселесін шешуді көздейді. Метапәндік тұрғыда 
оқыту 

пәнаралық өзара әрекеттесу, қоғамда ойлау мәдениетін, тұтас 
дүниетанымды қалыптастыру мәдениетін сақтауға, қорғауға мүмкіндік береді 
деген тұжырымға келеді. Біз соның ішінде еңбегімізге жақын келетін 
зерттеулерді кестеге түсіріп, оларға талдау жасадық (кесте 1).
Кесте 1 – Шетелдік әдебиеттерде метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің 
зерттелуі 
Ғалымдар 
Зерттеу пәні 
Қорғау 
жылы 
Позднякова Е.П. Развитие метапредметных компетенций у младших 
школьников посредством интерактивных технологий 
2010 
Храмцова Н.В. 
Проектирование метапредметного компонента содержания 
начального общего образования в условиях региона: на 
примере курса "Забайкаловедение" 
2017 
Дроздова О.Е. 
Метапредметный подход к обучению русскому языку в 
разных предметных областях школьного образования 
2017 
Рагозина С.И. 
Разработка метапредметных заданий по теме «Дроби» 
2017 
Телеушин Т.А. 
Формирование 
метапредметных 
образовательных 
результатов обучающихся начальной школы во внеурочной 
проектной деятельности
2018 
Гормакова В.В 
Формирование 
метапредметных 
умений 
младших 
школьников в исследовательской деятельности 
2019 
Сизова Е.В. 
Педагогические особенности подготовки будущих учителей 
биологии к работе по формированию метапредметных 
результатов обучающихся основной школы средствами 
смыслового чтения 
2019 


20 
Кестеден байқалып тұрғандай, кіші мектеп жасындағы оқушылардың 
метапәндік құзыреттілігін дамытуды Е.П. Позднякова, бастауыш білім беру 
мазмұнындағы метапәндік компонентті жобалауды Н.В. Храмцова, метапәндік 
тапсырмаларды құрастыруды С.И. Рагозина зерттеген. О.Е. Дроздова түрлі 
пәндік облыста орыс тілін оқытудағы метапәндік тәсілдемені зерделесе, 
сыныптан тыс жобалау әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының метапәндік 
білім беру нәтижелерін қалыптастыруды Т.А. Телеушин қарастырған. В.В. 
Гормакова зерттеушілік әрекет арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың 
метапәндік білігін қалыптастыруды өз жұмысында арқау етті. Болашақ 
биология пәнінің мұғалімдерін оқушылардың метапәндік нәтижелерін түсініп 
оқу құралдары арқылы қалыптастыру бойынша жұмысқа даярлаудың 
педагогикалық артықшылықтары мәселесін Е.В. Сизова қарастырды [79-85].
Заманауи білім беру үдерісінің жаңа кезеңі – метапәндік оқытудың
ерекшеліктерін терең зерттеген аталған ғалымдардың еңбектерін метапәндік 
тұрғыдан оқытуды ұйымдастыруда теориялық тірек етіп алу керек деп 
ойлаймыз. Метапәндік тұрғыда оқыту мәселесіне қатысты зерттеулер 
метапәндіктің негізі 

пәнаралық байланыс, интеграция мәселелері аясында 
көптеген зерттеулер жүргізілді.
Классикалық педагогикада пәнаралық байланыс идеясы оқу материалы 
мазмұнының табиғи тұтастығын көрсететін жолдарды іздестіру барысында 
дүниеге келген. Ұлы дидакт Я.А.Коменский пәнаралық байланыс идеясына 
білімді жан-жақты жалпылау, олардың бір-бірімен байланыстылығы 
тұрғысынан келіп, онсыз дүниедегі құбылыс пен заттар ара қатынасындағы 
себеп-салдарлық байланыстарды тану мүмкін еместігін айтады. Ол оқыту 
үдерісінің тұтастығын қамтамасыз ету және оқушыларда білім жүйесін 
қалыптастыру үшін пәнаралық байланыстарды анықтаудың маңыздылығын 
түсініп: «Өзара байланысты болғандардың барлығы да нақ сондай байланыста 
оқытылуы тиіс» [13,б. 22], – дейді. 
Осы идеяны кейін көптеген педагогтер дамытты. Д.Локк: «Бір пән басқа 
пәннің элементтері және фактылерімен толығу керек, ал жалпы білім 
қолданбалы біліммен бірігу керек»,– десе, И.Г.Песталоцци дамыта оқыту 
идеясын насихаттап, пәндер байланысының көп түрлілігін ашады. Ол мынадай 
талап тұрғысынан келеді: «Өз санаңда өзара байланыста тұрған заттардың 
барлығын олардың табиғатта қандай байланыста тұрғанымен сәйкес 
байланысқа келтір» [14,б. 537; 15,б. 567]. 
К.Д.Ушинский теориясында пәнаралық байланыс оқытудың жүйелілігі 
проблемасының бөлігі ретінде қаралады. Ол балаға беретін білімнің жүйеге 
келтірілуінің маңыздылығына баса назар аударады. Үзік, байланыссыз 
білімдермен толтырылған бала басын иесінің өзі ешнәрсе таба алмайтын, бәрі 
ретсіз жатқан қоймаға теңесе, ал білімсіз жүйені сыртында жазуы бар, іші бос 
жәшіктер жиналған дүкеншікке теңеп, жүйелі білімнің маңыздылығын 
түсіндіреді. Жүйелі білім жоғары логикалық, философиялық ойға 
көтеретіндігін айтады. 


21 
Ғалым білімді меңгеру үдерісіндегі байланысты бұрынғы алған білім мен 
жаңа білім арасындағы байланыс деп түсінеді. Оқытуды таным үдерісі деп 
қарап, оның негізгі міндетін баланың ойлау қабілетін дамытумен байланысты 
жүзеге асатын ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыруда деп біледі. Бұл таным 
мен даму үдерісінің бірлігінде де түйсіну, сезіну және ойлау, әдістер мен білім 
арасында да бір-біріне әсер ететін өзара байланыс бар. Ол оқыту үдерісін 
ғылыми негіздей отырып, оны тұтас үдеріс деп таныды. Оның түсінігіндегі 
ортасында оқушы тұратын «жүйесі іштей байланысқан, идеялық – қатталған 
оқытудың» қазіргі педагогика үшін де әдіснамалық маңыздылығы зор. 
Ғалым пәнаралық байланыс теориясының әдістемелік жағына да зор ықпал 
етті. Әдістемелік нұсқауларының ішіндегі ең маңыздылары мыналар: жаңа 
материалдарды түсіндіруде де, қайталауда да басқа пәннен алған білімге 
сүйену; пәндер мазмұндарының байланыстылығы, туыстас пәндерді 
жақындастыру, бірнеше пәндерге ортақ жалпы ғылыми идея мен танымдық 
дағдыларды дамыту. 
Сөйтіп, педагогика тарихында пәнаралық байланыс теориясы мен 
практикасынан құнды мұралар қалды. Атап айтқанда: 
– оқу үдерісінде объектілер мен табиғат, қоғам құбылыстарының шынайы 
байланыстылығын бере білу қажеттілігі психология, педагогика және әдістеме 
тұрғысынан негізделді; 
– пәнаралық байланыстың дүниетанымдық және дамытушылық қызметі, 
олардың білім жүйесін қалыптастыру мен оқушы ойын дамытуға әсері 
анықталды; 
– әр түрлі пәндерді сабақтастырып оқытудың әдістемесі жасалды [13,б. 
22]. 
Жинақтай атсақ, классикалық педагогиканың жарқын өкілдерінің 
еңбектеріне метапәндік көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, онда метапәндік 
оқытудың «дәні» осы еңбектерде жатқанын көреміз.
«Ғылыми білім негіздерінің интеграциясы мен дифференциясының бірлігі 
– оқытудағы әр алуан пәнаралық байланыстардың көзі», – дейді В.Н.Максимова 
[22,б. 219]. Осындай көзқарастағы педагог ғалымдардың (Б.Г.Ананьев, 
И.Д.Зверов, Н.А.Лешкарева т.б.) зерттеу жұмыстарының нәтижелері 
педагогикалық тәжірибеге кеңінен енгізілді. Соның салдарынан пәнді оқытумен 
байланысты бағдарламалардың бәрінде дерлік пәнаралық байланыстарға 
қатысты бөлім міндеттілік деңгейге жетіп отыр. 
Әрине, мұның пайдасы мен зиянын ажырата білген жөн. Өйткені 
«пәнаралық байланыс» және «интеграция» ұғымдары жайында белгілі бір 
болжам және ол категориялардың маңызына берілген бағалар, бастапқыда бір-
бірінен өзгеше болғанымен, кейініректе бірте-бірте теңестірілуге бет алып бара 
жатқан сыңайы байқалады. Оған қоса, мұғалімдердің және әдістемелік 
жұмыспен 
айналысатын 
адамдардың 
белсенділігінің 
арқасында 
«интеграцияланған» сабақтардың жиілене түсуі әр түрлі «интеграцияланған» 
курстардың жасалуына ден қою және т.с.с. іс-әрекеттер «интеграция» 
терминінің қарапайым түрде «біріктіру» деп ұғынылуынан туындап отыр. Яғни 


22 
«интеграцияны» бұрыннан белгілі «пәнаралық байланыс» ұғымына келтіруге 
талпыну орын алуда. Бұл екеуін бір нәрсе деуге болмайды. 
Ал интеграция ғылыми ұғым ретінде педагогикада ХХ ғасырдың 80-
жылдарының бірінші жартысында пайда болды.
Интеграция мәселесімен ең алғаш айналысқан педагогтер екендігі, ол 
алғашында пәнаралық байланыс деп қарастырылғаны және интеграция тарихы 
ХХ ғасырда үш кезең боп қалыптасқаны анықталды: 
1-кезең – 20-жылдар – пәнаралық байланыс негізіндегі проблемалық-
комплекстік оқыту (еңбек мектебі); 
2-кезең – 50- 70-жылдар – пәнаралық байланыс; 
3-кезең – 80 -90-жылдар – интеграция [86]. 
Интеграция негізіндегі проблемалық-комплекстік білім жүйесін құрудың 
алғашқы тәжірибелік талпынысын ХХ ғасыр басында американдық Дж.Дьюи 
жасаған, одан кейін 20-жылдары Ресейде С.Т.Шацкий, М.М.Рубинштейн т.б. 
қолға алған. Сөйтіп, еңбек мектебі деген атпен педагогика тарихына енеді. Бұл 
оқытудың негізгі ұстанымы «комплекстік метод» (кешендік әдіс) болды. 
Кешендік әдіс (немесе жобалар методы) бір проблема айналасына түрлі пәндер 
білімін интеграциялайды.
Біздің ойымызша, бұл пәнаралық байланысқа негізделген үдерісті 
ұйымдастырудың бірінші практикалық тәжірибесі болды деп айтуға толығымен 
болады. 
20-жылдары кешендік әдіспен бірге оған қарама-қарсы пәндік ұстаным 
пайда болады. Сөйтіп, екі дидактикалық ұстаным арасында күрес басталып, 
1931 жылы пәндік жүйенің жеңісімен аяқталады. Содан бері пәндік жүйе 
дәстүрге айналады. Бірақ интеграция түбегейлі жоғалмайды: ол пәннің ішінде 
өзінің дамуының жаңа кезеңін жалғастырады. 
50-жылдары интеграция идеясы пәнаралық байланыс түрінде жаңғырады 
да, пәндік жүйеге қарсы болмай, ол жүйені толықтыратындай байланыс ретінде 
ғана міндет атқарады. 
Әрі қарай дидактикада пәнаралық байланысты ұстаным ретінде 
қарастыратын көптеген түсініктердің пайда болуына әкеп тірейді де, тарихи 
дәстүр бұзылады. Сөйтіп, білім беруде интеграция ұғымы пайда болады. 
80-90-жылдардағы интеграция ғасыр басындағы комплекстік оқыту 
идеясының ғылыми жағынан дамыған түрі болып есептеледі. Интеграция екі 
жақты қарастырылады: біріншісі – дәстүрлі пәндік білім жүйесін анықтайтын 
генетикалық ұстаным ретінде, яғни әр пән күрделі жүйе ретінде қаралып, 
дербес дидактикалық жүйе – пәннің ішіндегі үрдістерді модельдеудің алғы 
шарты жасалады; екіншісі – осы генетикалық ұстанымның әрі қарай дамуы 
жаңа сапалы жүйе – интегралдық білім аймағын қалыптастыруға ықпал етеді. 
Бұл жағдайда пәнішілік интеграция деңгейінде шешуге келмейтін, өзінің 
ерекше қызметтерімен ерекшеленетін жоғары деңгейдегі күрделі дидактикалық 
біртұтас жүйе жасалады. Интегралдық білім аймағында жеке пән интеграция 
ұстанымын жүзеге асыратын формаға айналады. 


23 
«Интеграция» терминінің педагогикалық тұрғыдағы түсініктемелеріне 
тоқталайық: 
– интеграция, латынның integration – қалпына келтіру, қайта құру, толысу, 
толықтырылу сөзінен шыққан және білімнің бірнеше салаға тарамдалуымен, 
яғни білімнің дифференциалдануымен, қатарлас жүретін білімнің өзара 
жақындасуымен байланысын білдіретін үдеріс ретінде түсіндіріледі [87];
– интеграциялау – бөліктерді бүтін шығатындай етіп біріктіру, яғни 
бөліктерді біртұтас болатындай етіп біріктіру [88]; 
– қандай да бір бөліктердің, элементтердің бүтінге біріктірілуі және бірдей 
типті қоғамдық құрылыстағы екі немесе одан да көп мемлекеттердің ұлттық 
шаруашылықтарының өзара бейімделу және біріктірілу үдерісі [89]. 
Бұл түсіндірмелердегі «интеграция» сөзінің жалпы мағынасы бірдей 
екендігі байқалады да, ал сол сөзді ғылыми термин деңгейіне көтеру үшін 
оның қандай да бір мәнді белгісін бөліп көрсетудің қажеттігін аңғартады. 
Демек біріктірудің өзі қалай болса, солай жасала салмайды, алдымен оның 
негізіне алынатын жалпы мақсат, міндет, шарт, белгі және тағы сол сияқтылар 
анықталуы тиіс. 
«Интеграция» ұғымын анықтауда «жалпыны» құрайтын «жекенің» жаңа 
сапалық күйін, яғни қалпын басшылыққа алу жиі кездеседі. Сонда «жеке» 
деңгейде қарастырылатын білім жалпыға көшкенде, жаңа сапаға ие болады. 
Демек «интеграция» бұл жағдайда әрқайсысы жеке бірлік (оқу пәндері, іс-
әрекеттердің түрлері және т.с.с.) болып табылатын бір типті элементтер мен 
бөліктердің негізінде біртұтас жаңаның жасалуы, сондай-ақ осы элементтер 
мен бөліктердің және олардың бірігуінің бұрын болмаған ерекше бүтіндік 
сапаға бейімделуі ретінде анықталады.
Тұжырымдау формасы әр түрлі болғанымен, мына сияқты түсіндірмелер 
«интеграция» ұғымын осы жолмен анықтаудың мысалдары бола алады. Атап 
айтқанда: 
– интеграция жаңа байланыстардың жасалуын, сапалық емес, сан жағынан 
көбею деп қана қарастыру жөн болмайды. Бұл үдерісте байланыстардың 
«саны» жаңа сапаға ауысады, яғни жалпы алғанда бұрын ғылымда белгісіз 
болған немесе қанатын кең жая қоймаған және сипаты да өзгеше жаңа мәселе 
көрініс береді: 
– интеграция белгілі бір жүйенің қозғалысқа келуі және дамуы, сонда оның 
элементтерінің саны өседі және олардың өзара әсері күшейе түседі; 
– интеграция – жүйе құрамына енетін әрбір элементтің өзімен тікелей 
байланысты болатын сапалық түрлендірулерге және оның дамуына, жаңа 
бағыттарына тәуелділігін сипаттайтын табиғи үдеріс. 
«Интеграция» ұғымын анықтау – ғылымдағы, әсіресе, педагогика 
ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі. Өйткені педагогикадағы интерактивтік 
үдерістер оқыту және тәлім-тәрбие беруді жетілдіре түсудің әдіснамалық 
негізін және қолданбалы салаларын кешенді және біртұтас түрлендірулер 
жүргізу арқылы шешуді талап етіп отыр. 


24 
Осыған орай, айқын тұжырымдалған стратегиялық және тактикалық 
заңдылықтар мен ережелердің жиынтығынан тұратын (білім, білік, дағды және 
іс-әрекеттердің түрлерімен қажетті деңгейде қаруландыратын, сондай-ақ 
қоғамның талабынан туындайтын жеке адамға тән сапалық белгілерді игертуге 
мүмкіндік беретін) педагогикалық технологияны жетілдіре түсу қажет болады. 
Осы мәселеге деген педагогика ғылымындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңі 
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан басталады. Алғаш рет 1993 жылы ЮНЕСКО 
сессиясында интеграция ұғымының жұмыстық анықтамасы берілді, яғни
«интеграция – табиғи байланыстағы білімдердің бір-бірімен кірігуі, оқушының
ғылымды біртұтас түсінуіне қол жеткізу».
Үшінші кезең ретінде «интеграция» ұғымына берілетін әр алуан
анықтамалардың дүниеге келуін атар едік. Осылардың үлгісі осы мәселені
арнайы зерттеудің нәтижесі іспеттес еңбектерде келтірілген.
Мәселен, «интеграция» ұғымын ғалым А.А.Бейсенбаева: үдеріс, тұтасқа 
бірігу, жаңа сапалардың пайда болуы, бұрын әр басқа болған элементтердің 
бірігуі, мақсаттылық, ортақ мақсат, екі ғылым элементтерінің жай қосылуы
емес, олардың жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі ретінде [90]; 
– Ә.М.Мұханбетжанова: үдеріс, бұрын әр басқа болған элементтердің
бірігуі, тұтасқа бірігу, бұрын дифференцияланған ғылым элементтерінің жаңа
сапаға тұтастық белгісімен бірігуінің объективтік үдерісі ретінде [91]; 
– В.И.Загвязинский: үдеріс, тұтасқа бірігу, ортақ мақсат [92]; 
– Ю.М.Колягин: үдеріс, жаңа сапалардың пайда болуы, мақсаттылық [93]; 
– Н.И.Светловская: бұрын әр басқа болған элементтердің бірігуі, ортақ 
мақсат [94]; 
– М.Г.Чепиков: жаңа сапалардың пайда болуы [95] сияқты мәнді белгілер 
бойынша анықтаудың мүмкіндігі көрсетіледі. 
А.А. Бейсенбаева өз зерттеулерінде «пәнаралық байланыс», «интеграция» 
категорияларының қызметіне аса мән бере отырып: «...оқушыларға пәнаралық 
байланысты меңгерту үшін мұғалімнің әуелі сол жекелеген пәндердің өзін жан-
жақты, терең меңгергені қажет етіледі. ...Пәнаралық байланысты, яғни жеке 
пәндерге тән ортақ қасиеттерді білу, саналы меңгеру – оқушылардың білім 
танымының жоғары дәрежелігін көрсетеді, дүниетанымдық көзқарасының 
орнықты қалыптасу үдерісін танытады»; «...ғылымдар интеграциясы – бұл екі 
ғылым элементтерінің жай қосылуы емес, ол табиғат заңдылықтарын тереңірек 
түсінуге мүмкіндік беретіндей дәрежеде олардың жаңаша жүйеленген ішкі 
бірлігі»,–деп, «пәнаралық байланыс» және «интеграция» ұғымдарын 
тұжырымдайды [90,б. 439]. 
Біз ғалымның осындай пікірінен пәнаралық байланыстың білім үдерісінде 
жоғары деңгейде жүзеге асуы үшін ең алдымен, білім қорының, оны іске 
асыруда педагогикалық шеберліктің болуы қажет екендігін байқай аламыз. Ал 
бұл, біздің жағдайымызда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби 
тұрғыда дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Н.А. Оразахынова өзінің кандидаттық диссертациясында: «...пәнаралық 
байланыс – педагогика ғылымында философиялық, психологиялық және 


25 
диалектикалық тұрғыдан қарастырылатын күрделі мәселе. Ол жеке пәндерді 
меңгерту негізінде іске асады. Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың жеке 
пәндерден алған білімі барынша күрделенсе, тиянақтала түседі, оқушылар бір 
пән аясымен шектелмей, оны өзге сабақтас пәндермен байланыстыра отырып, 
пәнді еркін меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл – оқушының белгілі бір пәннен 
алған білім шеңберінің кеңеюіне, басқа сабақтас пәндердің мүмкіншілігін 
пайдалана білуі деген сөз» деп өз анықтамасын береді [96,б. 57]. Ғалым өз 
зерттеулеріндегі идеяларды мектеп тәжірибесіне енгізіп, бүгінгі күнде 
«Сатылай кешенді талдау технологиясының» авторы атанып отырғаны белгілі. 
Сондай-ақ, Республикамыздың көптеген мектептерінде эксперименттен 
өткізіліп, қазіргі таңда барлық педагогтер үшін тиімді технологиялардың бірі. 
Ғалымның негізгі ойы бізге, өзіміздің педагогикалық тәжірибемізде тиімді 
шешімдер қабылдауымызға жол ашады.
Зерттеу жұмысымызға идеялық жағынан жақын келетін еңбектердің бірі 
А.М. Мұханбетжанованың докторлық диссертациясында: «...Ғылымның 
интеграциясы «қиылысушы» және «өтпелі» ғылымның пайда болуында 
байқалады. Ал білімнің синтезі неғұрлым жалпылама ұғымдарда, қағидаларда, 
теорияларда, тұжырымдарда, дүниенің локальдық бейнесін құруда, дүниенің 
жалпы ғылыми бейнесін жасауда көрініс табады»,– деп өз пікірін білдіреді. Біз 
ғалым А.М. Мұханбетжанованың пайымдауларынан ескіден жаңа сапаны 
тудыру, екі ғылымның сабақтастығы мен байланыстары элементтерінің 
нәтижесінде келесі бір ғылымның өмірге келу мүмкіндіктерін өз зерттеу 
жұмысында алға шығарғанын аңғарамыз. 
Г.К. Шолпанкулова кандидаттық диссертациясында пәнаралық байланыс
«...ғылымдар арасындағы интегративті фактор бола отырып, оқыту үдерісінің 
функциялары 
негізінде 
жеке 
тұлғаның 
гумандық 
қарым-қатынасты 
қалыптастырушылық қызмет атқарады» деп нақтылана түседі [43,б. 59]. 
Ғалымның бұл анықтамасынан біз, оқушыларда гумандық қарым-қатынасты 
қалыптастыру оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде көрініс 
табатынын пайымдаймыз. 
Д.Ж. Кішібаева кандидаттық диссертациясында пәнаралық байланыс 
жайлы: «пәнаралық байланыс тұрғысынан практикалық іс-әрекеттерді 
жоспарлау және орындау – бұл төмендегідей тапсырмаларды орындаудан 
тұрады: тапсырманы орындау жоспарын құрастыру; бақылауды; өлшеуді және 
эксперименттерді жоспарлау және жүргізу; жүйенің дамуын болжау, іс-әрекетті 
орындау жоспарын талдау»
[9,б. 44] деп көрсетеді. Бірақ біздің ойымызша, 
пәнаралық іскерліктердің оқушылардың бойында қалыптасуы үшін алдымен ой 
еңбегі дұрыс жүзеге асырылуы қажет. Ғалымның зерттеулері бүгінгі таңдағы 
Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне мүмкіндік ашады. 
Жаңа форматтағы дайындалған ғалымдардың еңбектері де көптеп 
кездеседі. Соның бірі ғалым Ш.А. Убниязова философия (PhD) докторы 
дәрежесін 
алу 
үшін 
дайындалған 
диссертациясында: 
«...ғылымдар 
интеграциясының ерекшеліктерін талдау оқыту үдерісінде айқын көрініс 
табатын жалпы тенденцияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар 


26 
ғылымдардың дамуын барлық аспектіде сипаттайды: білім жүйесінде, жаңа, 
шекаралық ғылымдардың пайда болуы, зерттеудің кешенді бағыт алуы; 
ісәрекеттер жүйесінде, ғылымаралық синтез тәсілдерін қалыптастыра отырып, 
әдістерді ғылымның бір түрінен екіншісіне көшіруді күшейту; ғылымның 
қоғамдық сананы басқа формаларымен қатынас жүйесінде, ғылымның аралас 
саласының техникалық маңызын арттыру; ғылымды ұйымдастыру жүйесінде, 
әр түрлі ғылым өкілдерінің ынтымақтастығын, ұжымдық шығармашылығын, 
кешенді зерттеушілігін дамыту» деп талдайды [98,б. 28]. Ғалымның 
анықтамасын байыппен талдай келе, пәнаралық байланыс тұрғысынан жақын 
келіп тұрған категория интеграция болып отырғанын, ондағы ғылымаралық 
байланыс, ондағы бөліктердің тұтасқа біріге келе, үшінші бір ғылыммен 
шекаралық байланыстардың анықталуы және ондағы байланыстар дамуы 
тереңдетілген іс қимылдың жүзеге асуына мүмкіндік беретіндігін айтуға 
болады. 
Р.А. Дарменова өзінің кандидаттық диссертациясында пәнаралық 
байланыс ұғымын нақтылауда: «...пәнаралық байланыс – ғаламдық біртұтастық 
диалектикалық заңдылықтарды ғылыми тұрғыда, жүйелі түрде қарастырып 
пәндік бірлестік негізде жаңа мазмұндық идеяға жетелейтін педагогикалық 
үдеріс», – деген анықтама береді. Пәнаралық байланыстың классификациясын 
талдап көрсетеді. Олар: пәнаралық байланыстың формалары (тақырып құрамы 
жағынан, байланыс бағыты бойынша, элементтердің байланысу тәсілі, 
байланысу вариантының түрлілігі); пәнаралық байланыстың типтері 
(мазмұндық, операциялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, біржақты, 
екіжақты, 
көпжақты, 
хронологиялық, 
хронометриялық); 
пәнаралық 
байланыстың түрлері (дәлелді деректер, заңды фактілер, ғылыми теория, 
біліктілік, жүйелілік, ептілік, ойлау қабілеті, педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
қолдану, тура байланыс, апперцептік – кері байланыс, вертикальді және 
горизонтальді, сабақтастық жалғастық, синхрондық (сәйкестік), келешектегі 
(перспективный), локальді (нақты бөлім), орташа мерзімді, ұзақ мерзімді) 
болып классификацияланады [99,б. 31]. Ғалымның еңбегінде оқыту үдерісіндегі 
тақырыпты ашуда, басқа пәндермен байланысындағы сипаттамаларын 
толығырақ оқуға болады. 
Біздің зерттеу объектіміз бен пәнімізге жақын келетін зерттеу жұмыстары
да баршылық. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстандық ғалымдардың зерттеу 
жұмыстарын мәселен, Т.Қ.Оспанов [100], И.В.Баранова [101] т.б. нәтижесі 
көңіл аударарлықтай. Әсіресе, «интеграция» ұғымына педагогикалық тұрғыдан
түсінік беріп, бұл ұғымды үдеріс, қалып, ұстаным, күй, заңдылық, танымның
тәсілі ретінде анықтайтын деректердің келтірілгенімен толық қосыламыз. Біз 
де сонымен бірге, «интеграция» ұғымының төмендегідей түсіндірмелерін
құптаймыз және олардың қарастырылып отырған ұғымды педагогикалық 
категория деңгейіне көтерілуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Ғалым Т.Қ.Оспанов [100,б. 25] аса маңызды, интеграция ұғымының 
қолданбалы саладағы мән-мағынасын ашуға септігін тигізетін және ықпал
ететін мынадай ой тұжырымдайды: 


27 
– білім мазмұнын интеграциялаудағы басты мәселе әр текті және әр 
саладағы білімнің элементтерін «кіріктіру» мүмкін болатын ортақ негізді 
(мақсат, міндет, идея, іс-әрекет) анықтау болмақ, сондай-ақ осындай ортақ негіз 
дәл және үйлесімді, орынды анықталса, «интеграция» проблемасы да өз 
шешімін табуы мүмкін, яғни білімнің ортақ типті бөліктері немесе элементтері 
болса, онда әр саладағы білімді интеграциялаудың әдіснамалық негізі 
анықталады деп есептеуге болады; 
– жалпы алғанда, әр алуан білім саласынан мағлұматтарды интеграциялау
үшін, алдымен, олардың негізін құрайтын басты немесе жетекші ғылыми
ұғымдар, заңдылықтар, теориялар, идеялар, сондай-ақ ортақ іс-әрекеттер мен
әдіс-тәсілдер анықталуы тиіс және де оларды анықтау мүмкін болмаса, онда
әр текті білімді табиғи бірлікте болатындай етіп кіріктіру мүмкін емес, ал
«зорлықпен» кіріктірілген білім мазмұнының пайдасынан гөрі зияны
басымырақ болатыны ақиқат; 
– білім мазмұнын анықтауда пәндерді блоктар бойынша топтай отырып, 
гуманитарлық 
пәндерден 
жаратылыстану-математика 
пәндеріне, 
интеграцияланған пәндерден пәнаралық курстарға, олардан жекелеген
пәндерге (ғылыми негіздеріне) және одан жинақтау курстарына көшуді
бірте-бірте жүзеге асыру қазіргі заман талабынан туындап отырған үрдіс
болып отырған тәрізді. 
Сөз жоқ, ғалымның айтқан идеяларының маңызы жоғары. Осымен де 
байланысты, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды 
ұйымдастыруда біздің тарапымыздан бұл пікірлер басшылыққа алынатыны 
белгілі. 
Білім мазмұны интеграциясының психологиялық негізі ретінде, 
ғалымдардың пікірінше (В.А.Далингер [102], А.А.Бейсенбаева [90,б. 437], 
С.Рахметқызы [103], Т.Қ.Оспанов [100,б. 23], Ә.М.Мұханбетжанова [91,б. 362]) 
кеңес психологі Ю.А.Самариннің [104] ассоциативтік ойлау идеясын алуға 
болады. Шындығында, бұл идея бойынша, кез-келген білім – ол ассоциация, 
ал білімдердің жүйесі – ол ассоциациялар жүйесі. Демек, қарапайым білімнің
шегінен аспайтын, дербес жүйелілік, жүйеішілік, жүйеаралық ассоциациялар
болатынына орай, қарапайым, дербес, пәнаралық, пәнішілік білімдердің
қарастырылуы мүмкін. Осындай көзқарас ғылым дамуындағы интеграциялық
және дифференциациялық үдерістерге қарама-қайшы емес. Олай болса,
пәнішілік және пәнаралық байланыстар интеграциялық үдерістердің
қарапайым формасы немесе оны жүзеге асырудың жолы деуге толық негіз
бар. Бұлар білім берудегі интеграцияның бастауы іспеттес және керісінше, 
пәнішілік пен пәнаралық байланыстардың әдіснамалық негізі - интеграция 
және дифференциация үдерістері, олардың бірлігі мен қарама-қайшылығы
өзара байланысы, өзара әсері және өзара әсерлесуі мен өзара қатынасы.
Интеграция ұғымының көп мағыналылығы оны педагогиканың әр алуан 
салаларында (дидактикада, тәрбие теориясында, дербес пәндердің оқыту
әдістемесінде) пәрменді қолдануға мүмкіндік туғызуда. Атап айтқанда: 


28 
– экономикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өмірдің әр түрлі 
салалары мен мектептің өзара әсерін жүзеге асыру бағытында; 
– жалпы білім беретін және кәсіби дайындыққа баулитын білім берудің 
біртұтас жүйесін жасауда; 
– жастарға білім берумен байланысты дайындықты білім берудің әр түрлі 
салаларындағы жалпы педагогикалық заңдылықпен табиғи ұштастыруға; 
– оқыту жүйесінің дидактикалық заңдылықтарымен тәрбиеленуінде жан-
жақты дамыту мәселесінің табиғи бірлікте шешілуін үйлестіруде; 
– педагогикалық ғылым мен білімнің бірлігін жүзеге асыруда және т.б. 
бағыттарда «интеграцияны» қолдануға қатысты біршама тәжірибе де жинақтала 
бастады. Алайда, мұнда да «интеграция» ұғымын нақты жағдайда ұғымдық 
категорияға барабар деңгейде дәл, нақты пайдалану мүмкін болатындай 
терминологиялық классификацияның ара жігі әлі ашыла қойған жоқ. Осының 
салдарынан тіпті әр текті, кейде үйлесімді бола бермейтін тұжырымдар, 
пайымдаулар мен ұсыныстардың орын алуы да байқалады. Олай болса, 
«интеграция» терминінің жалпы педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік 
мағыналары мен мән-маңызын бірмәнді анықтау мүмкін болатындай, ол 
ұғымның аса мәнді белгілерін сұрыптай отырып, ғылыми термин жасау 
қажеттілігі бар. 
Осы бағыттағы арнайы жүргізілген жұмыстың барысында, жоғарыда шолу 
ретінде қарастырылған «интеграция» терминінің әр алуан түсіндірмелерін 
салыстырудың нәтижесінде мынадай тұжырымдарға, қорытындыларға келдік: 
1. Көпшілік жағдайларда «интеграция» ұғымы әрдайым орынды бола 
бермейтін «біріктірілу», «қосылу» сияқты түсініктерге келтіріледі. Сонымен 
бірге осы ұғымды «жалпының» құрамында көрініс беретін «дербестің» жаңа 
сапасы ретінде түсіндіруге де болмайтын сияқты, өйткені интеграция осы 
күрделі деңгейдегі құбылыс іспеттес. 
2. Ұғымның категориялық қатары әлі де болса толық түрде анықтала 
қоймаған сияқты. Әсіресе, осы ұғымды әдіснамалық деңгейде анықтауды, яғни 
ұстаным, заңдылық, белгі, ойлаудың және танымның тәсілі ретінде анықтаудың 
жетілдіріле түсуі тиіс. 
3. Педагогиканың әр алуан салаларында «интеграция» ұғымының кеңінен 
қолданылуы, сондай-ақ интегративтік үдерістердің педагогика ғылымы 
дамуының негізгі бағытына айналуы осы ұғымға қатысты терминологияны 
жасауды жан-жақты жетілдіру және әр терминді бір мәнді қолдануды 
қамтамасыз ету тұрғысынан арнайы зерттеулер жүргізу педагогика 
ғылымындағы өзекті мәселенің бірі екендігін байқатты. 
Жалпы алғанда, интеграция проблемасы бастауыш мектепке қатысты 
қойылуы мүмкін бе және ол қандай деңгейде деген сұрақтар жиі қойылып, оны 
шешумен байланысты ізденістер мен зерттеулер үдей түсуде. Дегенмен 
бастауыш буын үшін мақсаты мен міндетінің бірдей типтілігін ескере отырып, 
оқу іс-әрекеттерінің түрлерін, олардың элементтері мен бөліктерін біріктіру 
және үйлестіру арқылы бір тұтас түрге келтіру үдерісі – интеграцияның 
қарапайым көрінісі ретінде бұрыннан орын алып келе жатқан құбылыс. 


29 
«Integration» сөзінің қазақша мағынасы «қайта құру», «толықтыру» 
дегенді білдірсе, «integrer»» сөзі «бүтін» деген мағынаны білдіреді. Соңғысы 
екі мағынада қолданылады: бөліктерді бүтінге біріктіру. 
Бұдан интеграция ұғымы барлық салаға да қатысты екені байқалады. Білім 
беру үдерісіндегі негізгі ұстаным оқу-тәрбие қызметтерін табиғи бірлікте 
интеграциялау болып жүргені де сондықтан. 
Интеграция – тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Ол 
оқытуда бір бүтін синтезделген курсқа түрлі пәндердің элементтерін (тақырып, 
бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру, пәнаралық 
байланысты шешу ғылым негіздерін комплекстеу арқылы жүзеге асады. 
Әдебиеттерде мысал ретінде бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары 
сыныптағы адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәндері 
келтірілген. Соңғысы медицина, биология, химия, физикамен біріктіліген. Олар 
осы пәндердің координацияланған мазмұнына сәйкес бір пәнде логикалық 
құрылымымен беріледі [105]. 
Координация – өтілетін ұғымдары мен құбылыстары және олардың оқу 
танымдылығы мен уақыттары ортақ туыстас пәндердің оқу бағдарламаларын 
ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың тар мағынасы). 
Еуропа елдерінің педагогикасында пәнаралық байланыс, көбіне пәндерді 
оқу-танымдық мақсаттарына қарай координациялау бағыты арқылы дамиды. 
Білім мазмұнын құрастыруда пәндік емес, нысандық ұстаным (объективный 
принцип) қолданылатындықтан, негізінен оқытудың нысандары (жекелеген 
ұғымдар, ұғымдар топтары) мен әрекет түрлері ескеріледі [105,б. 14]. 
Интеграция идеясы әр дәуірдегі және түрлі қоғамдық жүйедегі 
педагогтердің философиялық, идеологиялық көзқарастары бойынша, дидактика 
дамуындағы ортақ бағыттар бойынша қалыптасты. Барлық тарихи кезеңде де 
педагогтер пәнаралық байланыс идеясының маңыздылығын білім жүйесі мен 
ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда, танымның жалпы әдістерін және 
белгілі бір әрекет түрлерінің негізінде білімді біріктірудегі еңбек дағдылары 
мен машықтарын меңгертуде, оқушыларды тәрбиелеуде көрді. Бұл аспектілер 
оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерімен сәйкес келеді. 
Сондықтан пәнаралық байланыс проблемасы қазіргі оқытудың кешенді 
бағыттарының бірі ретінде әдіснамалық негізі болып саналады. 
И.Д.Зверевтің, В.М.Максимованың еңбектерінде пәнаралық байланыс 
оқыту мен тәрбиенің кешенді бағытының құралы ретінде жалпы педагогикалық 
тұрғыда қарастырылып, оның білімдік міндеті оқушыларда жалпы білім 
жүйесін қалыптастыру екендігі аталады [106; 107]. Біз де осы құнды пікірді 
қостай отырып, білімді жүйелі құбылыс ретінде меңгерту жолын құптаймыз.
Пәнаралық байланыстың білімдік және тәрбиелік міндеттерінің өзара 
байланысын ашудың психологиялық негізі – адамның сана, сезім және 
әрекетінің бірлік заңдылығы. Оқытудағы осы бірлікті жүзеге асыру – 
оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған кешенді бағыттың 
педагогикалық шарттарының бірі. Кешендік бағыт және оқытудың тәрбиелік 


30 
міндеті жайлы идея пәнаралық байланыстың тәрбиелік қызметін анықтауды 
мақсат еткен зерттеулерді күшейтті.
Пәнаралық 
байланыс 
білімдік, 
тәрбиелік 
міндеттермен 
бірге 
дамытушылық міндет те атқарады. Көптеген ғалымдар оны әрекет тәсілдерінің 
жүйесінен көреді [105,б. 19]. Оқу-танымдық үдерісте ойлау, сөйлеу, 
эстетикалық сезім, логикалық және бейнеліліктің өзара байланыстарының жаңа 
жолдары анықталған (И.Э.Унт, А.Ф.Меняев т.б.). пәнаралық байланыстың 
дамытушылық қызметінде оқушылардың танымдық белсенділігін және 
өздігінен оқу әрекетімен шұғылдану мен қызығушылығын қалыптастырудағы 
рөлі зерттелген (А.В.Усова, И.К.Журавлев, В.П.Шуман, С.Л.Алумаэ т.б.). 
Оқушылардың оқу әрекеті теориясы негізінде пәнаралық байланыстың 
дамытушылық қызметін ашудың зор маңызы болды. Жалпы әрекет түрлерінің 
ішінде сөйлеу (Т.А.Ладыженская, Н.Н.Ушаков, Н.А.Лошкарева), өлшемді-
есепті (Н.С.Антонов), шығармашылық (И.Я.Лернер, Н.Н.Рахманина) т.б. 
әрекеттері қаралды.
Оқушының жалпы дамуына әдістер мен тәсілдердің ішкі логикалық 
құрылымын жетілдіру мен қайта құру арқылы да тиімді әсер етуге болады. 
Ізденушілік әдісі, проблемалық-танымдылық міндет қою, зерттеу элементтерін 
қолдану негізгі әдістер болып саналады. Сөйтіп, пәнаралық байланысты 
оқушының әрекетімен байланыста қарау арнайы зерттеу нысандары болды. 
Дегенмен, бұл бағыттың да теориялық негізі жеткілікті түрде 
жасалмағандығы туралы тұжырым бар. Зерттеушілер «әрекет түрі» деген 
терминді қолданғанмен, оның мәнін ашпайды. Зерттеулерде әрекеттің 
операциялық жақтары (әрекет, тәсілдер, дағды, білік) ғана алынады, ал бұл 
білім мазмұны мен әрекеттің бірлік ұстанымын бұзуға әкеліп тірейді», – 
делініп, болашақта білім жүйесі мен танымдық әрекеттер тәсілдері жүйесінің 
пәнаралық негіздегі сәйкестігі зерттелу қажеттігі айтылды [105,б. 19]. 
А.Кенжеғұлованың зерттеу жұмысында үш құрамдас бөліктен тұратын оқу 
әрекетінің мәні ашылып, оның оқушыны субъект ретінде дамытатын тәсілдері 
білім жүйесімен байланыста қарастырылады [108]. 
Білім мазмұнын интеграциялауда ғылыми таным қызметінің әдістері мен 
түрлерін синтездеуді білудің маңызы зор. 
Интеграция білім мазмұнының негізгі үш компонентінде көрініс табады: 
пәнаралық байланыс әсерімен сапа жағынан өзгеретін білім жүйесінде; 
пәнаралық байланыс жүзеге асыратын оқу-танымдылық қызметте ерекше 
қасиетке ие болатын дағдылар жүйесінде; әр түрлі пәндер білімдерінің синтезі 
үдерісінде қалыптасатын оқу-танымдық қатынастар жүйесінде. 
Пәнаралық байланыстың көпжақты гносеологиялық шарттары мен ғылыми 
танымның диалектикасын түсіндіретін ғылым мен практиканың синтездері 
мыналар: ғылымаралық синтез, әдіснамалық синтез және ғылымның 
әлеуметтенуі әсерінен болатын синтез [109]. 
Ғылымаралық синтез ғылыми білімдердің құрылымын жасайды, олардың 
жүйесінен жаңа «қабаттар», блоктар, элементтер бөлініп шығады. Қазіргі 
ғылым көпдеңгейлі, көпфункционалды сипаттар алуда. Оның жүйесінде жаңа 


31 
синтезделген элементтер – шекаралық ғылымдар (биофизика, биохимия, 
физикалық 
химия, 
математикалық 
лингвистика, 
биокибернетика, 
психолингвистика т.б.) пайда болады. Ғылымның интеграциялануы мен 
саралануы білімнің жай ғана сандық жағынан өзгерісі емес, ғылымның қайта 
жаңаруының заңды құбылысы. Қазіргі ғылым дүниесі туралы түсінік нақты бір 
ғылым түрі мен философиялық ұғымдардың синтезінен құрылады. Нақты 
ғылымдар арасындағы және ғылым мен философия арасындағы білім 
интеграциясының қарқынды дамуы олардың арасындағы қатынасты 
күрделендіріп жіберді. Араларында интегративтік теория, ғылым, бағыт сияқты 
жаңа «қабаттар» пайда болды (жүйе туралы теория,жүйелілік бағыты, 
информатика мен кибернетика теориясы, семиотика т.б.). Бұлар философия мен 
арнайы ғылымды тығыз байланыстыратын аралық рөл атқарады. Ғылымаралық 
синтез білім мазмұнын, жүйе ретінде оның құрылымын өзгертеді. Сонымен 
қатар оның әдістері мен құралдары туралы мәселе де алға шығады. Бұл – 
ғылыми танымның әдіснамалық синтезі болады. Интеграция таным үдерісінің 
операциялық та қызметін атқарады. 
Қазіргі ғылыми танымға білімнің біржақтылығының жойылуы, көрнекі-
концептуальды модель қалыптастыратын абстракцияның күшеюі, ақпараттық 
жүйелер, заттардың жалпыланған көрнекі бейнелері тән. Интеграция зерттеудің 
бір әдісін – жалпы концептуальды аппаратын жасауға ықпал етеді де, әр пән 
арасындағы бөлшектенушілікті жояды.Интеграция – білім беру ісін қайта 
құрудың өте бір маңызды және ең күрделі проблемаларының бірі. Бұл мәселе 
терең, жан-жақты негіздеуді қажет етеді. Білім мазмұнын интеграциялаудың 
ұстанымдары, интеграцияланған білімнің маңызы, қызметі (функциясы) т.б. 
аспектілері туралы арнай зерттеулер, ғылыми-әдістемелік еңбектер өте аз. Бұл 
проблеманың кейбір аспектілерінің нышандарын 20-жылдардағы оқу 
материалын комплекспен оқытуды ұсынған мемлекеттік ғылыми кеңестің 
бағдарламаларынан табуға болады. Оларда ВК(Б)П Орталық Комитетінің 1931 
– 1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектеп туралы», «Бастауыш және 
орта мектептердің оқу программалары мен режимі туралы» қаулыларында 
көрсетілген елеулі кемшіліктеріне қарамастан, мектептің практикамен 
байланысын нығайтып, мектепті елдің саяси және шаруашылық өміріне 
жақындастыру, оқушыларға қоғамдық-саяси тәрбие беруді тереңдету көзделеді. 
Комплекспен оқытуда оқушылардың білімін оның дене және ақыл-ой 
дамуымен, еңбекпен байланыстыруға ерекше көңіл бөлінді. 
Комплекспен оқытудың идеясы, мәні, өзекті ұстанымдары, маңызы, пәндік 
жүйемен салыстырғандағы артықшылықтары Ж.Аймауытовтың «Комплекспен 
оқыту» деген кітабында баяндалған. Осы еңбегінде автор былай деп жазады: 
«Комплекспен оқытқанда: 
– ... оқытушы балаға икемделеді. Баланың сұрауын, қызық көруін еске 
алып, баланың өзіне тапқызуға, істетуге тырысады. 
– ... бала өмірді, құбылысты өзі бақылауды, зерттеуді тәжірибе қылады. 


32 
– ... сабақ үзіліссіз бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып отырады; бір 
сағатта бітпеген нәрсе екінші сағатта зерттеледі, үзіліс (тыныс) деген сабақтың 
арасын жіктеу үшін емес, тек демалу, бой көтеру үшін істеледі. 
– ... керексіз көп материалдар шағындалады, сұрыпталады, тек еңбек пен 
жаратылысқа, қоғамға қатынасы бар, өмірге керектері алынады. 
– ... негізгі зерттелетін нәрсе, кіндік тақырып – еңбек» [110,б. 21].
Бұл айтылғандардан комплекспен оқыту оқу пәндерін, білім мазмұнын 
интеграциялаумен үндес, оның мәніне, негізіне үйлес екені көрінеді.
Білім мазмұнын интеграциялау оқушыларға берілетін білімнің теориялық 
және ғылыми деңгейін жоғары сатыға көтеру, танымдық маңызы зор идеяларды 
кіріктіріп, жалпылау, оқушыларда диалектикалық-материалистік көзқарас 
қалыптастыру т.б. осылар сияқты өзінің әдіснамалық функциялары жағынан 
пәнаралық байланыс мәселесіне де жақын. Негізінде, білім мазмұнын, оқыту 
әдістерін интеграциялаудың психологиялық, дидактикалық аспектілерін 
М.Н.Скаткин, Г.И.Шукин. В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, 
В.Н.Максимова [17,б. 144; 18,б. 629; 19,б. 22-32; 20,б. 322; 21; 22,с. 219].т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылғаны белгілі. «На пути к 
новой школе» кітабында көрсетілгендей, интеграция – жастарға білім беру ісін 
қайта құрудың өте бір маңызды және ең күрделі проблемаларының бірі. Бұл 
проблема терең, жан-жақты негіздеуді қажет етеді. 
Осы мәселеге қатысты қазақстандық ғалымдар К.Ж.Жүнісова мен 
Ж.А.Қараевтың, Т.Қ.Оспанов пен И.В.Баранованың, Н.Жапанбаеваның 
еңбектерін атауға болады [111-114]. 
Білім мазмұнын, оқу пәндерін интеграциялаудың қажеттігі былайша 
негізделеді: біріншіден, интеграцияланған білім оқушыларда дүниенің тұтас 
ғылыми бейнесін қалыптастыруға (бастауыш сынып оқушыларының дүниені 
эмоциялық-тұтас қабылдауына) мүмкіндік береді. Осы арқылы оқушылардың 
дүниетанымындағы бөлшектенушілікке, есте сақтау қабілетіне шамадан тыс 
жүк түсіруге, шығармашылық ой-өрісін тарылтуға жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет