Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Диалогтік ұстанымның біздің зерттеуімізде орны ерекше



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Диалогтік ұстанымның біздің зерттеуімізде орны ерекше. Диалог термині 
сөздіктерде түрліше түсіндіріледі, мысалы: Тіл білімі сөздігінде: «диалог 
(сұхбат) (гр. Dialogos)
 әнгіме, сұхбат. Диалогтік сөйлеу – (сұхбаттасу) өзара 
тілдесу негізінде ауызша сөйлеу формасы. «Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде»: «Диалог – екі немесе бірнеше адам арасындағы әңгіме» делінген. 
Қазақ тілі энциклопедиясында: «Диалог (гр. Dialogos – сөйлесу, әңгімелесу) – 
екі адамның тіл қатысуы», – деп көрсетілген [162]. 
Диалог – адамды қалыптастыратын құрал ғана емес, танытатын да құрал. 
М.М.Бахтин: «Тек қарым-қатынаста, өзара әрекетте адамдағы «адам» ашылады. 
Қазіргі педагогикалық технологиялар өзара әрекеттестікке негізделген
сондықтан оларды екі адамның тіл қатысуы» [162,б. 98] – деп атайды. 
Диалог – екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. 
Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогті демократиялық 
қоғамдағы қарым-қатынастың басты нысаны деп атауға тұрарлық. Ал 
демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде туындаған қандай да болмасын 
проблеманы терезесі тең тұлғалардың қарым-қатынасында талқылауға дайын 
болып, өзінің конструктивтік көзқарасын басқаларға білдіруге және жеткізуге 
ұмтылады. Бұл қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда 
болып, басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан 
жасалады. 
Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогті 
әрбір адам өзімен де жасайды. Атақты структуралист Ю. Лотман қарым-
қатынастың (коммуникацияның) схемасын екі түрде былайша көрсеткен: «Мен 
– Ол» және «Мен – Мен». Бірінші сызбада адамның басқамен жасалған 
диалогі, қарым-қатынасы (бөтен адамдар, ақпарат, кітап, табиғат, бүкіл Әлем) 
көрсетілсе, екіншіде оның өзімен-өзі жасаған диалог тұр. 
XIX ғасырдың 70-жылдары педагогикада пайда болған кешенділік 
ұстанымын басшылыққа алу зерттеудің табыстылығын қамтамасыз етеді деп 
санадық. Бұл ұстаным негізінде педагогикалық жүйенің жүйеқұраушы 
элементтерін айқындау, олардың арасындағы байланыстарды орнату арқылы 
ортақ мақсатқа бағыттау назарда ұсталады. Болашақ педагогтерді кәсіби 


58 
әрекетке даярлаудың жүйе құраушылары бір жағынан: мақсаттар, міндеттер, 
мазмұн, әдіс, құралдар мен формалар болса, екініші жағынан университеттік 
орта: оқытушылар, білімдік орта т.б. болып келеді. Кез келген педагогикалық 
феномен сияқты біз зерттеп отырған мәселе де басқа құбылыстармен 
байланыста болғандықтан, оны жеке дара қарастыру қателіктерге ұрындырары 
мүмкін. Жалпы білімдік үдеріс көптеген факторлармен біртұтастықта жүзеге 
асатыны белгілі. Сондықтан оны сол элементтер жиынтығы және ішкі ортамен 
бірлестікте қарастыру дұрыс болады. Бұл ұстанымды басшылыққа алу 
себебіміз, бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамыту, ең 
алдымен оған үйрететін ұстаздардың осы кешенді сапасының қалыптасқан 
болуына тікелей байланысты. Олай болса, болашақ мамандарды даярлау 
үдерісінде олар метапәндік нәтижелермен өздері қарулануы тиіс. Ол бір 
қажеттілікке айналған болуы қажет. Демек болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдері ЖОО оқыту үдерісіндегі барлық пәндер аясында бастауыш 
сыныптағы білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға қажетті біліммен 
қарулануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет