66
мәтіндік материалдың аса маңызды элементтерін
анықтау және оларды
графикалық сызба формасына қайта құру үдерісі.
Сызбалаушы – мәтіндік материалдарды сызбалауды жүзеге асыратын
маман, оның нәтижесі ретінде сызба курсы алынады. Мұғалім бүгінгі күні
үлкен ауқымды мәтінмен жұмыс жасайтын оқушы секілді сызбалаушы да
болуы керек.
Сызба курсы
мәтіндік материалдардың негізгі мазмұнын дәл және
көрнекі түрде көрсететін мәтіндік материалдарды сызбалау нәтижесінде
алынған графикалық сызбалардың альбомы болып табылатын жаңа типтегі оқу
құралы.
Белгілік-символдық әрекеттерді орындау
қабілеті адаммен бірге
туылмайтынын және оның табиғи түрде пайда болмайтынын түсіну керек.
«Белгі» метапәнінің аясында оқушылардың сызбалау қабілеті қалыптасады.
Оқушылар сызбалардың көмегі арқылы нені түсінгенін, нені айтқысы келетінін,
ойлануға немесе қайта ойлауға тырысатынын, нені орындағысы келетінін
көрсетуді үйренеді. Алайда белгілі нысанның сызбасын жасау оңай емес. Сол
себепті әр оқушы сызбалау технологиясын тәжірибеде меңгеруі тиіс.
Кез-келген графикалық бейне немесе сурет сызба болып саналмайды. Бұл
жұмыс әрі қарай оқушыларға дәстүрлі оқу пәндерінің аясында жаттаған
графикалық бейнелерді саналы түрде қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы,
Қазақ тілі сабақтарында сөз құрамы, сөйлем және сөйлем мүшелерінің;
математикада түрлі геометриялық фигуралардың сызбалары; дүниетану
сабақтарында деректері бар әртүрлі
кестелер қолданылып, «Белгі» метапәні
жүзеге асырылады (сурет 5).
Сурет 5
Дәстүрлі оқу пәндері аясында «Белгі» метапәнін жүзеге асыру үлгісі
Аталған әртүрлі графикалық бейнелер арқылы оқушылар бейнеде
көрсетілген мазмұнды ойша көруді үйренеді. Сондықтан оқу материалының
ауқымды көлемін есте сақтау проблемасы жоғалады.
• сөз құрамы, сөйлем
және сөйлем
мүшелерінің
сызбасы
Қазақ тілі
• фигуралардың
сызбалары
Математика
• деректері бар
әртүрлі кестелер
Дүниетану
67
Бастауыш сыныпта оқушылардың абстарктілі/ дерексіз ойлауын дамыту
қажет екені белгілі.
Абстрактілі ойлау –
бұл ұсақ бөлшектерден
дерексіздендіруге және жағдайға біртұтас қарауға мүмкіндік беретін ойлаудың
бір типі. Абстрактілі ойлаудың бір мысалы ретінде «Томирис» фильмінің
айқын үзінділерінің бірін еске түсіруге болады. Онда Томирис патшайым
сарбаздарына ұрыс тактикасын түсіндіреді және қолда бар құралдардың
көмегімен Кир патшаның сарбаздарын жеңудің нақты тактикасын көрсетеді.
Егер қолбасшы шайқасты ойластырып, содан кейін қарсыласын осы жоспар
бойынша жеңсе, онда бұл
абстрактілі деңгейде табылған шешімнің физикалық
жоспарға табысты ауысуы болып саналады.
«Белгі» метапәні аясында балаларды белгілер мен символдарды сызбалау,
түсіну, құру және қолдану бойынша оқыту мақсаты жүзеге асады. Сонымен
қатар сызбалау технологиясы оқушыларға суретте тіркелген мағынаны
сызбалардың көмегімен мазмұнын ойша қалыптастыруға мүмкіндік береді
[166].
Осылайша «Белгі» метапәнімен жұмыс істеудегі нәтижелер айқын болады.
Ол нәтижелерді төмендегі 6-суретте ұсынып отырмыз.
Сурет 6 - «Белгі» метапәнімен жұмыс істеуде қол жеткізетін нәтижелер
Осы тұста француз философы Мишель де Монтеньнің келесі сөздерін
келтіруге болады:
«Жақсы толтырылған мидан, жақсы құрылған ми құнды
болады».
Сызба сызу үшін әзірленген материал болуы қажет. Ал ол материал
сызылған сызбада көрініс табады. Яғни ол материалдың біздің санамызда қалай
орныққандығын көрсетеді [169].
Достарыңызбен бөлісу: