ЖҮЗ2з а т . Кесу не шабу құралдарының өткір жағы. ЖҮЗ3 з а т . Бір нәрсенің беті, бет жағы. ЖҮЗ4 с а н . Тоқсан тоғыздан кейінгі есептік сан, он ондық. Жүз батпан.Өте салмақты, ауыр; маңызды.Жүзден бірі.Тең бөлінген жүз бөліктің бір бөлігі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.Таңдаулы, озат, ерен.Жүзден озған.Көптен озған.Жүзден озған жүйрік.Топтан, жұрттан суырылып, шыққан өнерлі, елден ерек.Жүзден озған жүйріктей. Бәйгеден келген аттай, жаратылған жүйрік ат сияқты.Жүзді айдап, бірді жетеледі.Дүниені алшысынан басар, мыңғырған бай болды.Жүздің белін сындырды. б е й н . Жүз жасады, жүз жасқа келді деген мағынада.Жүз жиырма. э т н . Қалың малға берілген малдың ұзын саны. [Әдетте «жүз жиырманы»дәулетті байлар ғана бере алған. Тарата айтқанда: қырық нар, қырық қысырақ, қырық жорға (немесе жылқы), жиыны - жүз жиырманы құраған].Жүз жиырма төрт мың әнбие [пайғамбар]. д і н и . Күллі пайғамбар деген мағынада. Жүз келіп, жүз кетті.Көп рет келді, көп әуре болды.Жүз қайтара [қабат]. Әлденеше рет, қайта-қайта.Жүз қаралы [қаралыдай, шамалы].Жүзге жақын, жүзге жуық.Жүз саққа соқтырды [жүгіртті]. Құбылтты, түрлентті.Жүз толғанды.Мың бұралды; шиыршық атты. Жүз құбылды.Әлденеше өзгерді. ЖҮЗ5: жүзін беру. э т н . Қайтыс болған адамның жерленгеніне жүз күн толуына байланысты ас беріп, еске алып, құран оқыту дәстүрі. ЖҮЗ6 з а т . э т н . т а р . Қазақтардың байырғы кезде жер ыңғайы мен ру-тайпалық жақындығына қарай үшке бөлінген тарихи бірлестігі. ЖҮЗ7 з а т . Бір апта, бір күн, бір ай, бір жыл. ЖҮЗ= е т . 1.Балықтың су ішінде жүзуі, қанат-құйрығының күшімен арлы-берлі қозғалуы.2.Су құстарының су бетінде бауырын төсеп, аяғын қозғап, арлы-бері қалқуы.3.Адамның қол-аяғының қимылымен батып кетпей, су бетімен ілгері жылжуы, малтуы.4.Қайықтың, кеменің су бетінде қозғалып жылжуы.