Жүзіп өтті.Арғы бетке өтті. Жүзіп ішті.Қанып ішті, еркін сімірді. ЖҮЗБАСЫ з а т . т а р . к ө н е . Әрбір жүз адамның басшысы. ЖҮЗБЕ:жүзбе док. с у ш а р . Кеменің су асты бөлігін байқау және жөндеу үшін жабдықталатын ғимарат. Жүзбе тасындылар. с у ш а р . Ағыспен жүзінді түрінде тасымалданатын қатты бөлшектер. ЖҮЗБЕ-ЖҮЗ ү с т . Бетпе-бет, көзбе-көз. Жүзбе-жүз сөйлесті [тілдесті].Көзбе-көз сөйлесті. ЖҮЗБЕЛІ с ы н . Жүзіп жүретін. Жүзбелі база.Кемелер қирамаларын (сүңгуір қайықтар, катерлер), су ұшақтарын жөндеу мен күтуге, материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған көмекші кеме.Жүзбелі инженерлік мина. ә с к . Жүзіп жүрген, аласа және су астындағы көпірлерді, гидротехникалық құрылыстарды құрта алатын, сонымен қатар кемелерді, өткелден өту құралдары мен жүзгіш мәшинелерін жоюға арналған мина.Жүзбелі көпір. с у ш а р . Паромдық-көпірлік құрылғылардан суда құрастырылатын көпір.Жүзбелі танк. ә с к . Алдын ала дайындықсыз және қосымша жабдықсыз су бөгеттерінен жүзе алатын және жүзіп келе жатып атыс жүргізе алатын ұрыс машинасы. Жүзбелі теңіз минасы.ә с к . Гидростатикалық аспаптың және басқа да құрылғылардың көмегімен белгілі бір тереңдікте жүзіп жүретін зәкірсіз мина. ЖҮЗБЕАҒЗА з а т . <грек. cektos> Судың қалың қабатында ағысқа қарсы белсенді жүзетін ағзалар жиынтығы. ЖҮЗГЕН з а т . ө с . <лат. calligonum> Шөл және шөлейтті, құмды жерлерде өсетін тамыры ұзын, құрғақшылыққа төзімді аласа бұталы өсімдік. ЖҮЗГІЗ= е т . Суда жүздіру. ЖҮЗГІЗУЖүзгіз етістігінің қимыл атауы. ЖҮЗГІНДЕР з а т . Дисперстік фаза мен дисперсиялық орта тығыздықтарының аздаған айырмашылықтарына сай седиментация процесі өте баяу жүретін суспензиялар. ЖҮЗГІШ с ы н . Жақсы жүзе білетін, малтығыш.