ЖҮГІРУШІ з а т . Жүгіретін адам. ЖҮГІРІК с ы н . Жүйрік. ЖҮГІРІЛ= е т . к ә с . Жүргізілу, тартылу (жіп туралы). ЖҮГІРІЛУЖүгіріл етістігінің қимыл атауы. ЖҮГІРІНДІ с ы н . Жүгіріп жүретін, алып кел, барып кел (адам), бір жерде тұрақтап отырмайтын. ЖҮГІРІС з а т . Ары-бері жүгіргендік, ары-бері жүгірген сапырылыс. ЖҮГІРІС= е т . Ары-бері шапқыласу, жүгіре ұмтылысу, зымырасу. // Жүгірген қимыл-қозғалыстары. ЖҮГІРІСУ Жүгіріс етістігінің қимыл атауы. ЖҮДӘ [ар. ] ү с т . ж е р г . Өте, тым, аса, тinті. ЖҮДЕ= е т . 1.Арықтау, азу.2. а у ы с . Жабырқау, мұңаю, қайғыру. 3. а у ы с . Азып- тозу, күйзелу. ЖҮДЕМЕДЕТЕ ү с т . Жүдемелете (үсті-үстіне). ЖҮДЕМЕЛДЕТЕ ү с т . Үсті-үстіне, бірінен соң бірін. ЖҮДЕМЕЛЕТЕ ү с т . с ө й л . Жүдемелдете. ЖҮДЕҢ1 с ы н . Жүдеулеу, арықтау, арық; жадап-жүдеген, арықтаған, азып-тозған. Жүдең тартты.Жүдеді, азды. ЖҮДЕҢ2 с ы н . Аз, сирек. ЖҮДЕҢКІ с ы н . 1.Азыңқы, жүдеу.2.Азырақ, сирек; сапасыз. ЖҮДЕҢКІРЕ= е т . 1.Аздап жүдеу, арықтау, азып-тозу.2. а у ы с . Күйі кету, азып-тозу.3. а у ы с . Жабырқау, кею, налу, мұңаю. ЖҮДЕҢКІРЕУЖүдеңкіре етістігінің қимыл атауы. ЖҮДЕП-ЖАДАП ү с т . Арып-ашып, азып-тозып. ЖҮДЕТ= е т . 1.Арыту, салмақ тастату.2.Аздырып-тоздыру.3. а у ы с . Жабырқату, мұңайту, санамен сарғайту. ЖҮДЕТУЖүдет етістігінің қимыл атауы; арыту, салмақ тастату. ЖҮДЕУ1Жүде етістігінің қимыл атауы.1.Арықтау, салмақ тастау.2. а у ы с . Мұңаю, жабырқау. ЖҮДЕУ2 с ы н . 1.Арықтау, азғындау.2. а у ы с . Жұпыны, қарапайым. 3. а у ы с . Көңілсіз, қолайсыз, сұрқай. Жүдеу ауыл.Шаруасы күйзелген, азып-тозған кедей ауыл.Жүдеу жүз.Көңілсіз, мұңды, тұнжыраған түр, кейіп.Жүдеу күй.Жұпыны, қарапайым қалып.Жүдеу тартты. а) Қоюланды, түнерді. ә) Кедейленді, жұтаңданды.Жүдеу тірлік [тіршілік].Күнделікті күйкі, жұпыны тұрмыс, азып-тозған тұрмыс-тіршілік.Жүдеу шоқпыт жоқшылық.Сіңірі шыққан кедейлік, әбден азып-тозғандық. Жүдеу шырайын ашты.Жағдайын көтерді, көмектесті. ЖҮДЕУБАС с ы н . Азған, жүдеген. ЖҮДЕУБАСТАН= е т . Азып-тозып кету. ЖҮДЕУБАСТАУ с ы н . Арықтау, жүдеулеу. ЖҮДЕУБАСТЫҚ с ы н . з а т . Жүдегендік, азғандық, әлсірегендік. ЖҮДЕУ-ЖАДАУ с ы н . Жүдеген, нашар. ЖҮДЕУ-ЖАДАУЛЫҚ з а т . Азып-тозғандық, нашарлағандық. ЖҮДЕУ-ЖҰТАҢ с ы н . Жүдеген, әлсіреген, азып-тозған. ЖҮДЕУЛЕН= е т . Жүдеу, азу. ЖҮДЕУЛЕНУ Жүдеулен етістігінің қимыл атауы. ЖҮДЕУЛЕУ с ы н . 1.Арықтау, азғындау.2. а у ы с . Жұпынылау, тапшылау. ЖҮДЕУЛІК з а т . 1.Жүдегендік, арықтық.2. а у ы с . Күйсіздік, жадаулық, нашарлық. ЖҮДЕУШІЛІК з а т . Жүдегендік, азып-тозғандық, жоқшылық, жетіспегендік. Жүдеушілік кірді.Қиыншылық келді, жоқшылық жайлады. ЖҮЗ1з а т . к ө т е р і ң . Адамның беті, өңі, түрі, түсі; ажар, көрік, шырай. Жүз аудармады.Бетін, назарын бұрмады.Жүз бермеді.Ыңғай бермеді, көнбеді. Жүз жиырма төрт мың әнбие [пайғамбар]. д і н и . Күллі пайғамбар деген мағынада.Жүз жылғы.Баяғыдағы, есте жоқ заманғы.Жүз жыртысты.Ұрысты, айтысты, тартысты, араздасты, ренжісті.Жүз көрсетті. Келіп кетті, жолықты, кездесті.Жүз көріс қылды.Танысты, дидарласты. Жүз көріспеді. Араз болды, араздасты.Жүз көрісті.Кездесті, бірімен-бірі бетпе-бет жолықты.Жүз пара.Жақынға, бет көрсе, жүз ұялар ағайынға тартар билік.Жүз салды.Беттің суын бес төкті, өтінді. Жүз салдырды.Кіріптар қылды, басын игіздірді, дәрежесін төмендетті.Жүз тайдырды. Бетін теріс бұрды, теріс қарады, бетіне қарамады, жақтыртпады.Жүз таныс.Бір жерде көрген кісі, таныс сияқты; күнде көріп жүрген, танымал.Жүз таса қылу.Бойын аулаққа салу, безу.Жүз тоқтатты.Көңіл аударды, қарады.Жүз тұтты. ж е р г . Бетке ұстады, арқа сүйеді.Жүз шайысты.Бір-бірімен сөзге келді, ұрысты. Жүзі ашық.Жылы жүзді, жайдары, жақсы ниетті. Жүзі ду етті. Беті қызарып кетті.Жүзі [гүл-гүл] жайнады. Реңі құлпырды.Жүзі жайнап сала берді.Қатты қуанды, шаттанды.Жүзі жанбады.Қысылып-қымтырылмады, тайсалмады, шімірікпеді, ұялмады.Жүзі жанбай отырды.Міз бақпады, бет-аузы шылп етпеді, ұялмады.Жүзі жапырылды. ж е р г . Қысылды, ұялды.Жүзі жарқ етті. а) Бет-әлпеті көріне кетті. ә) Қуанып кетті, бетінде шаттық оты ойнады.Жүзі жарқын. а) Ақжарқын, ақкөңіл, жақсылық ойлағыш, ниеті таза. ә) Мерейі үстем, ел бетіне қарайтын жағдайда.Жүзі [өңі, кескіні] жүдеу.Көңілсіз, қаяулы; арық.Жүзі жылы.Жайдары, жылы шырайлы, мейірімді. Жүзі жылыды.Түсін жылытты, жүзіне қан жүгірді, қатуланғанын қойды, райынан қайтты; мейірленді, көңілденді.Жүзі күйгір. қ а р ғ . Қарабет болғыр. Жүзі күймеді.Шімірікпеді, ұялмады. Жүзі қайтты. а) Тайсалды, қаймықты. ә) Орақ, ұстара, пышақ т.б. жүзі жапырылып, өтпей қалды. Жүзі қара. қ а р ғ . Ұятсыз, арсыз, қарабет.Жүзі қуарды.Өңі қашты, түсі бозарып кетті.Жүзі қуқылданды.Түсі қашты, беті құп- қу болып кетті.Жүзі құлпырды. Жүзі гүлдей жайнады.Жүзін аударды. Бетін басқа жаққа бұрды. Жүзін бір көрді.Соңғы рет көрісті; бір көріп арманына жетсе.Жүзінде мұң бар.Көңілі жабырқау, қаяулы, мұңды. Жүзіне жылы қарады.Жылы шырай танытты. Жүзіне қан толды.Жүзі күреңітті.Жүзінен әр тайғанда.Бетінің қызылы кеткен, өңі тайған кезде, қартайғанда. Жүзінен оқыды.Өңіне қарап бәрін түсінді.Жүзіне нұр жүгірді.Көңілденді, жүзі жылыды.Жүзінен ұялды.Жүзіне қарауға ұялды.Жүзінен нұр таймаған.Өңін бермеген, ажарын жоғалтпаған.Жүзінен шайлықты.Бетіне қарауға шыдамады, тайсалды, қаймықты. Жүзіне тура қарады.Именбеді, ұялмады, жүзі шімірікпеді.Жүзін жасырды. э т н . Бетін жапты, көмді [Өлікке байланысты айтылады].Жүзін өрт шалды.Жүзі өрт сөндіргендей болды, түтікті, ызаланды. Жүзін салқындатты.Түсін суытты, салқын қабақ танытты.Жүзінің суын төкті.Бетінің суын бес төкті, масқаралады. Жүзі солды. а) Жүдеді. ә) Ұятқа қалды, назары төмен болды. Жүзі суық.Шырайы салқын, ызғарлы. Жүзі сынық.Сыпайы, инабатты, ұятты.Жүзі түнерді.Қабағы түйілді, жүзін салқындатты, түрін қатайтты.Жүзі шыдады.Именбеді, ұялмады.Жүзі шыдамады [шыдаған жоқ].Дәті жетпеді, именді, ұялды, қаймықты.Жүзі шімірікпеді [шіміркенбеді].Еш нәрседен именбеді, ұялмады. Жүзі шіркеулі.Біреудің алдында ұятты, айыпты, кінәлі.