ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖЫЛЖЫҢҚЫРА= е т . Қозғалыңқырау, сырғыңқырау. ЖЫЛЖЫТ=



бет54/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛЖЫҢҚЫРА= е т . Қозғалыңқырау, сырғыңқырау.
ЖЫЛЖЫТ= е т . 1. Орнынан қозғау, орнын ауыстыру. // Ақырын-ақырын қозғау. 2. Жургізу. 3. а у ы с . Басқа жаққа астыртын ауыстыру, тайдыру; сырғыту.
Жылжытқыш жүктеуіш. и н ф . Бағдарламаны жүктеумен қатар компьютер жадында оны басқа орынға ауыстыруды орындайтын жүктеуіш.
ЖЫЛЖЫТПА с ы н . Шығарыпсалма, емексітпе.
ЖЫЛЖЫТПАЛА= е т . Әне-міне деп соза беру.
ЖЫЛЖЫТПАЛАТ= е т . Тайғанақтату, созу, артын көрсетпеу.
ЖЫЛЖЫТУ Жылжыт етістігінің қимыл атауы.
Жылжыту режімі. и н ф . <ағыл. spooling> Тапсырманың орындалуымен параллель жүзеге асырылатын және осы орындалудың үзіліссіздігі жасақталатын мәліметтерді енгізу-шығару режімі. Жылжыту файлы. и н ф . <ағыл. paging file> Басқа бағдарламаларға жадта орын босату үшін қолданылатын, файл дискіде арнайы бөлінген аймақ (жадтан шығарылған виртуал беттің ішінде сақталатын жүйелік файл).
ЖЫЛЖЫТЫЛ= е т . Орын ауыстырылу.
ЖЫЛЖЫТЫЛУ Жылжытыл етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЖЫТЫҢҚЫРА= е т . Аздап ысыру, қозғау.
ЖЫЛҚЫ з а т . 1. Төрт түлік малдың көлік үшін пайдаланылатын тақ тұяқты түрі, ақ мал. 2. э т н . Соғымға, үлкен астарға, тойға, үлкен, қадірлі кісінің өліміне сойылатын, қазы, қарта, жаясы бағаланатын, еті дәмді, кәделі мал. 3. з о о л . <лат. eguus caballus> Тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. 4. Жылқының үйірі, табыны. 5. Жүйрік ат, тұлпар, бәйгеге қосу, көкпарға міну үшін жаратылатын ат. 6. э т н . Сүті, қымызы үшін қолда ұсталатын үй жануары, мал, бие. 7. э т н . Қазақтың дәстүрлі қоғамында байлығы, үстемтап арасындағы орны, беделі өлшенетін бірлік. 8. Бәйгеге, бас бәйгеге тігілетін құнды сыйлық. 9. Айырбасқа, ақша орнына жүретін бағалы пұл. 10. э т н . Өлтірілген адамның құнына алынатын мал. 11. э т н . Барымталанатын мал. 12. э т н . Қалыңмал ішіндегі бас тоғызға беретін негізгі мал. 13. п о э т . Береке-бірліктің, жайма-шуақ жайлылықтың, байлықтың, тыныштықтың нышаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет