Жылқы айдады.Жылқыны үйір-үйірімен қайырып, айдап, үстінен өтіп кетті.Жылқы айдап әкетті.Зорлықпен, барымтамен жылқы үйірін алып кетті. Жылқы аурулары. в е т . Жылқы ағзасының қалыпты жағдайының бұзылуынан болатын ауру.Жылқы бақты.Жылқыны үйір-үйірімен қыста, көктемде тұяғымен қарды аршып, шөп тауып жайылатын, тау, бөктер, ықтасын жерлерде, ойға түспей, жайылымда бақты.Жылқыға салды.Жылқы бақтыруға жіберді, жылқы бақтырды.Жылқыға түсті.Ұрлық қылды деген мағынада айтылады.Жылқыдан қылқұйрық қалмады. Жылқы малы түгел қырылды. Жылқы еті. а) Сойылған жылқы еті. ә) Сойылған жылқы етінің асылған, пісірілген түрі.Жылқы жылы.Жылан жылынан кейін, қой жылынан бұрын келетін мүшел есебінің жетінші жылы. Жылқы зауыты. Тұқымдық, спорттық, міністік және жегіс жылқыларын өсіретін арнайы шаруашылық. Жылқы малы.Төрт түліктің ішіндегі жылқыға қатысты айтылатын ерекше қастерлегенді білдіретін атауыш.Жылқы мінезді [кісі, ел]. Төзімді, шыдамды, көнбіс.Жылқы мінезді [мінездес].Өзгермелі, құбылмалы. Жылқы өсіру.Жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әртүрлі мақсаттарға тиімді пайдалану бағытындағы мал шаруашылығының негізгі бір саласы.Жылқы суарды.Жылқыны үйірімен суатқа, тоған, өзен, көлдерге түсіріп, су ішкізді. ЖЫЛҚЫДАЙ с ы н . Жылқы сияқты, жылқы тәрізді. Жылқыдай жусатып, қойдай өргізу. Айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу. ЖЫЛҚЫҚҰЙРЫҚ з а т . б о т . Сабағы жылқының құйрығы құсап төгіліп тұратын майда шөп. ЖЫЛҚЫҚҰЛАҚ[щавель пирамидальный]б о т . Қымыздықтың бір түрі: сүмбіл қымыздық. ЖЫЛҚЫЛАН= е т . Жылқысы көбею, жылқы малына бай болу. ЖЫЛҚЫЛЫ с ы н . Жылқысы көп, жылқыға бай. ЖЫЛҚЫТЕКТЕС з а т . з о о л . <лат. eguidae> Тақтұяқты сүтқоректі жануарлардың тұқымдасы.