ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет62/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Жылу ағымы. г е о л . Қандай да бір изотермиялық бет арқылы уақыт бірлігінде өтетін жылу мөлшері. Жылу алды. Қуат, күш алды. Жылу алмасу. ф и з . а) Жылудың қызуы мол денеден қызуы кем денеге таралу процесі. ә) Жылу тасымалдаудың температуралық градиенті салдарынан өздігінен жүретін қайтымсыз процесс. Жылу алмасу коэффициенті. к е н . Жылу алмасу қарқындылығын сипаттайтын шама. Жылу барды. Жылылық, жақсылық, жалын сезілді. Жылу берді. а) Жылытты, қыз-қыз қайнатты. ә) Күш-қуат берді, қайраттандырды. б) Еңбектенді, күш-қуатын жұмсады. Жылу беру. ф и з. Қатты дене беті және онымен жанасатын орта – жылу тасығыш (сұйықтық, газ) арасындағы жылу алмасу. Жылу беру коэффициенті. к е н . Жылу беру қарқындылығын сипаттайтын шама. Жылуды реттеу. б и о л . <грек. therme – жылу және лат. regulare - реттеу>. Қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан, адам, сүтқоректілер және құстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті. Жылудың механикалық эквиваленті. ф и з . Жылу мөлшерінің бірлігіне (калорияға немесе килокалорияға) эквивалентті жұмыс мөлшері. Жылу енді. Жылынды, жылу алды. Жылу жүйесі. Бір орталықтан жылумен жабдықтауда жылу тасығыш заттарды (ыстық су мен бу) тұтынушыларға жеткізіп беретін құбырлар желісі. Жылу мәшинесі. Жылудың жұмысқа не жұмыстың жылуға айналуы іске асырылатын мәшине (жылулық қозғалтқыш, жылулық сорғы т.б.). Жылу көздері. ф и з . Жылу энергиясын беретін орын. Жылумен қамтамасыз ету. Тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, тұтынушыларды жылу тасығыштар (ыстық су немесе бу) арқылы жылумен қамтамасыз ету. Жылу қашты. Бойы жылынбады. Жылу қорғағыш шыны. х и м . Толқын ұзындығы 0,7 мкм инфрақызыл сәуледен қорғайтын шыны. Жылу құйды. Әсерлендірді, үміттендірді, жақсылыққа жетеледі. Жылу өткізбейтін материалдар. ф и з . Жылу өткізгіштігі төмен материалдар. Жылу өткізгіштік коэффиценті. ф и з . Жылу ағынының және заттағы оны тудыратын температура градиенті арасындағы пропорционалдық коэффициент. Жылу сүйгіш бактериялар. з о о л . Тіршілік етуі үшін жоғары температураны (40°-тан 80°-қа дейін) қажет ететін бактериялар. Жылу сыйымдылығы. ф и з . Дененің температурасын 1 градусқа (1° С-ға не 1 К-ге) арттыруға жұмсалатын жылу мөлшері. Жылу теңдестігі. с у ш а р . Тұйық жүйедегі энергияның бір күйден екінші күйге өту мүмкіндігін есепке ала отырып, жылу энергиясының сақталу заңдылығын сипаттау. Жылу техникасы. ф и з . Жылу энергиясын алу мен оны пайдалану әдістерін қамтитын ғылым мен техника саласы. Жылу торабы. т е х . Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жылу тасымалдағышпен (ыстық сумен не бумен) жылу көзінен тұтынушыларға жылу жеткізіп беретін, жылылық сақтайтын оқшауламамен қапталған құбырлар жүйесі. Жылу энергетикасы. ф и з . Жылудың энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, гидравликалық т.б.) түрленуін зерттейтін жылу техникасының саласы. Жылу электр орталығы. с у ш а р . Қалалық ірі зауыт немесе кәсіпорындар тобына қызмет көрсететін және осы тұтынушыларды электр энергиясымен, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін электр стансысы. Жылу электр стансысы. Органикалық отынды жағу кезінде бөлініп шығатын жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясын өндіретін электр стансысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет