ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет63/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛУ2 з а т . э т н . Дәстүрлі қазақ қоғамында біреу шығынға, ауыр жағдайға ұшырағанда ел жиып беретін көмек, жәрдем.
ЖЫЛУАЛМАСТЫРҒЫШ з а т . к е н . Неғұрлым жоғары температуралы ортадан (қыздырғыш жылу - жылу тасымалдағыш) неғұрлым төмен температуралы ортаға (қыздырылатын дене) жылу беру үшін пайдаланылатын аппарат.
ЖЫЛУАН з а т . ж е р г . Жылға, жыра.
ЖЫЛУЛА= е т . 1. Жылу жию, жылу сұрау. 2. Жылу беру, көмектесу. 3. а у ы с . Теру, жинау, тізу, қор жасау.
ЖЫЛУЛЫҚ з а т . 1. Жылылық, жылу. 2. а у ы с . Мейірімділік, қайырымдылық.
Жылулық барлау. ә с к . Қарсыластың нысандары жөніндегі мәліметтерді арнайы аспаптардың көмегімен жылу (инфрақызыл) шығару арқылы жинау. Жылулық қозғалтқыш. ф и з . Жылу энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіретін қозғалтқыш. Жылулық құбыр. т е х . Үлкен жылу қуаттарын температураның аз өзгерістері жағдайында бере алатын құрылғы. Жылулық сәуле. ф и з . Заттың ішкі энергиясы есебінен шығарылатын электрмагниттік сәуле. Жылулық сәуле шығару. ф и з . Қызған денелердің өз ішкі энергиясы есебінен электрмагниттік сәуле шығаруы. Жылулық белдеулер. г е о г р . Жер шарының күн сәулесінен жылыну мөлшеріне қарай ажыратылатын бөліктері.
ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК з а т . Дененің қызған бөлігінен одан қызуы төмендеу бөлігіне (оның бөліктерінің температурасын теңгере отырып) жылу тасымалдаудың бір түрі.
ЖЫЛУСЫЗ с ы н . 1. Жылуы жоқ. 2. а у ы с . Мейірімсіз.
ЖЫЛУСЫРА= е т . Жылынғысы келу жылыны көксеу.
ЖЫЛУТАСЫМАЛДАҒЫШ з а т . т е х . Жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста болатын сұйық немесе газ тәрізді орта.
ЖЫЛША: бір жылша. с ө й л . Бір жыл бойына, бір жылға дейін.
ЖЫЛШЫЛЫҚ с ы н . Жыл бойы жүретін; соншама кереғар, шалғай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет