ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет65/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛЫ= е т . 1. Күннің, оттың немесе дененің қызуымен жылы қалыпқа келу. 2. а у ы с . Мейірлену, көңілі түсу.
ЖЫЛЫДАЙ ү с т . Жылы күйінде, суытпай.
ЖЫЛЫЖАЙ з а т . Көкөніс, жеміс-жидек, гүл, көшеттер өсіретін әйнекпен немесе жарық өткізетін материалмен жабылған арнайы құрылыс.
ЖЫЛЫ-ЖҰМСАҚ з а т . Мал мен аң етінің дәмді жері.
ЖЫЛЫ-ЖҰМСАҚТАП ү с т . Жылы-жұмсақ еттерді қосып араластырып.
ЖЫЛЫҚАНДЫ: жылықанды жануарлар. з о о л . Дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелсіз, үнемі тұрақты әрі жоғары болатын жануарлар.
ЖЫЛЫЛА= е т . Жылы күйге келтіру, жылы қылу.
ЖЫЛЫЛАН= е т . Жылы күйге келу.
ЖЫЛЫЛАНУ Жылылан етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫЛАУ1 с ы н . Аздап жылы, жылырақ.
ЖЫЛЫЛАУ2 Жылыла етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫЛЫҚ з а т . 1. Ауа мен дененің жылыған қалпы. 2. а у ы с . Ізеттілік, ілтипат. 3. а у ы с . Мейірімділік, бауырмалдық.
ЖЫЛЫМ1 з а т . 1. Өзен мен көлдің қыста қатпай жататын терең жері, иірім. 2. а у ы с . Қу, сұм, сұмырай; пасық (адам).
Жылым құрт. б е й н . Білдірмей құртатын арам адам.
ЖЫЛЫМ2 з а т . Үңгір аузының желке тұсынан аю демімен тесілген, қалың қарда жылы леп шығып жататын ойық.
ЖЫЛЫМ3 з а т . к ә с . Теңізден балық аулау үшін қолданылатын ұзындығы 1000 метр, көлденеңі 500 метрдей ау.
Жылым шашу. Жылым ауды жазысу, балыққа құру.
ЖЫЛЫМДАП ү с т . Аз-аздап, там-тұмдап.
ЖЫЛЫМДАУ с ы н . Жылым сияқтанған, жылымға ұқсаған.
ЖЫЛЫМСУ Жылымсы етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЫМСЫ= е т . Сұрқиялану, жылмию.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет