2.2 Пәннің мақсаты: әлеуметтік мәнді ауруларының негізгі симптомдарын, терапиясын және алдын алуын білетін, шұғыл жағдайларда бірінші көмек көрсете алатын, әлеуметтік қызметкер білім бағдарламасындағы қоғамдық денсаулық сақтау маман - бакалаврды дайындау.
2.3. Міндеттері: • науқастарды тексерудің негізгі әдістepi туралы түсінік беру (сұрау, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);
• әлеуметтік мәнді ауруларының типтік ағымы кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтау қағидаттарымен таныстыру;
• зертханалық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістері туралы түсінік беру;
• әлеуметтік мәнді ауруларға қазіргі кезеңде диагноз қою және емдеу қағидаттарымен таныстыру;
• өміріне қауіп төнген жағдайда дәрігерге дейін медициналық көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін үйрету.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі тиіс: • кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негіздерін, коммуникативтік машық негіздерін;
• әлеуметтік мәнді аурулардың нормада және патологияда физикалық зерттеу әдістерінің мәліметтерін;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулардың симптоматологиясы мен синдромдарын;
• негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін, оларды түсінру негіздерін;
• кең тараған әлеуметтік мәнді ауруларына диагноз қою әдістеpi мен емдеу қағидаттары;
• кейбір шұғыл жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету қағидаттары мен симптоматологияны.
Студент үйреніп алуы қажет: • сұрау, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін қолданып науқасқа қарапайым физикалық тексеру өткізуді;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулары кезінде симптомдар мен синдромдарды ажыратуды;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулардың негізгі зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіруді;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулары кезінде ықтимал диагнозды болжауды;
• шұғыл жағдайларға күмәндану, диагноз қоюды және көмек көрсетуді.
Студент машықтануы қажет: • науқасты жалпы тексеруге (пальпация, перкуссия, аускультация);
• пульсті, артериялық қысымды өлшеуге, тыныстық қозғалыс санын есептеу;
• Коротков тәсілі бойынша қан қысымын өлшеу;
перифериялық тамырлардың пункциясын;
өмірге қауіпті жағдайларда реанимациялық шаралар көрсетуге.