Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет7/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102
Байланысты:
szz kds kz

3) Оқыту мақсаттары:
• науқастарды тексерудің негізгі әдістepi туралы түсінік беру (сұрау, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);
• әлеуметтік мәнді ауруларының типтік ағымы кезінде симптомдар мен синдромдарды анықтау қағидаттарымен таныстыру;
• зертханалық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістері туралы түсінік беру;
• әлеуметтік мәнді ауруларға қазіргі кезеңде диагноз қою және емдеу қағидаттарымен таныстыру;
• өміріне қауіп төнген жағдайда дәрігерге дейін медициналық көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін үйрету.

4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент:
• кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негіздерін, коммуникативтік машық негіздерін;
• әлеуметтік мәнді аурулардың нормада және патологияда физикалық зерттеу әдістерінің мәліметтерін;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулардың симптоматологиясы мен синдромдарын;
• негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін, оларды түсінру негіздерін;
• кең тараған әлеуметтік мәнді ауруларына диагноз қою әдістеpi мен емдеу қағидаттары;
• кейбір шұғыл жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету қағидаттары мен симптоматологияны білуі тиіс.
Студент:
• сұрау, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін қолданып науқасқа қарапайым физикалық тексеру өткізуді;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулары кезінде симптомдар мен синдромдарды ажыратуды;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулардың негізгі зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіруді;
• кең тараған әлеуметтік мәнді аурулары кезінде ықтимал диагнозды болжауды;
• шұғыл жағдайларға күмәндану, диагноз қоюды және көмек көрсетуді үйреніп алуы қажет.
Студент:
• науқасты жалпы тексеруге (пальпация, перкуссия, аускультация);
• пульсті, артериялық қысымды өлшеуге, тыныстық қозғалыс санын есептеу;
• Коротков тәсілі бойынша қан қысымын өлшеу;

  • перифериялық тамырлардың пункциясын;

  • өмірге қауіпті жағдайларда реанимациялық шаралар көрсетуге машықтануы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет