Есеп №1 49 жастағы ер кісі, қарқынды терапия бөліміне ангинозды ұстамадан кейін 4 сағат өткенде түсті. Шағымдары төс артының қатты басып ауруы, ауру сезімінің сол қолға, иыққа, жауырынға, жаққа берілуі, өлімнен қорқыныш сезімі. Нитроглицеринді қабылдау көмектеспейді.
Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындары бозарған, салқын жабысқақ тер басқан, еріндері көгерген. АҚ 70/50 мм с.б.б., РS-125 соққы/мин. Аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, шоқырақ ырғағы. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі 17 рет 1 минутта.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері. Шұғыл көмек.
Есеп №2 Науқас Р, 53 жаста. Кардиологқа 200 м қашықтыққа жүргенде, баспалдақпен бірінші қабатқа көтерілгенде суық далаға шыққанда пайда болатын төс артының ауырсынуына, оның сол иық пен мойынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну сезімі жүруді тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдаған соң 3-5 мин соң тоқтайды.
Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Қабақтарында ксантелазмалар байқалады. АҚ 160/110 мм с.б.б., РS - 82 рет 1 мин. Ырғағы дұрыс аздап кернелген. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шегі: оң төстің оң қырымен. Сол V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығы бойымен. Жоғарғы II қабырғааралықта. Cor тондары жүрек ұшында I тон әлсіреген, аортада ІІ тонның металдық акценті. Өкпеде везикулярлы тыныс.
Сұрақтары: 1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Тексеру жоспары.
3. Емдеу принциптері.
Есеп №3 Науқас С, түнгі уақытта төс артының нитроглицеринге әрең басылатын ауырсыну ұстама болған. Физикалық жүктемені жеңіл көтереді. Ұстама кезінде ЭКГ түсіргенде инфарктке ұқсас өзгеріс айқындалды, бірнеше минуттардан кейін ұстама басылғанда ЭКГ-дағы бұл өзгерістер ізсіз жоғалды.
Сұрақтары: 1. Сіздің болжам диагнозыңыз және негізгі синдромды анықтаңыз.
2. Науқастың мұндай жағдайын қалай сипаттайсыз?
3. Бұл науқасқа қандай дәрілер тағайындаған жөн?
4. Болжамы қандай?