6) Тапсыру мерзімі: 6-ші апта
7) Әдебиет: негізгі және қосымша 8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.): Сұрақтар: Қант диабетінің қандай түрлерін білесіз және олардың ерекшеліктері?
Ұйқы безінің негізгі функциясы қандай?
Қант диабетінің 1 типінің дамуының негізгі себебі қандай?
Тесттер: 1.Қант диабетінің симптомдары:
а) көрудің анық болуы
б) жаралардың баяу жазылуы
в) тез шаршау
г) ауыздың кебуі, құрғауы
д) аталғанның барлығы
2.Қант диабетінің даму себебі:
а) көмірсудің алмасуын бұзылуы
б) жүйке жүйесінің бұзылуы
в) ағза мен тіндердің бұзылуы
г) инсулиннің салыстырмалы жетіспеушілігі, зат алмасудың бұзылуы
д) ақуыздың бұзылуы
3.Аш қарында қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:
а) 3,3-5,5
б) 3,5-6,1
в) 7,8
г) 11,1
д) 6,1-7,5
4.Қант диабетінің 2-түрі тұқым қуалауға қатысы:
а) тұқым қуаламайды
б) әдетте тұқым қуалайды
в) қуалайды, қуаламайды
г) 2-ішде де тұқым қуалайды
5.Қант диабетіне әсер ететін фаторлар:
а) сезімдік, жас, жүйкелік стресс
б) вирусты инфекциялар
в) жүйкелік стресс
г) ұйқышылдық
д) дұрыс тамақтанбау
6.Қант диабетіндегі емдәм №:
а) №7
б) №9
в) №5
г) №1
д) №10
7.Инсулинотерапияға көрсеткіштер:
а) стресс, жарақат
б) цирроз
в) гиперлактоацедемиялық, гиперосмолярлық кома
г) ангиопатия
д) нейропатия
8.«Қант диабеті» диагнозы қойылады, егер қандағы қант мөлшері… асса:
а) 8,1 - 9,1
б) 9,1 – 10,2
в) 11,1
г) 5,5 – 6,1
д) дұрыс жауап жоқ
9.Қант диабетінің орта ауырлықтағы ағымында инсулиннің мынандай көлемінде компенсацияланады:
а) 60-80 ӘБ бір тәулік
б) 20-60 ӘБ бір тәулік
в) 10 – 20 ӘБ бір тәулік
г) 80-85 ӘБ бір тәулік
д) 80-90 ӘБ бір тәулік
10.Қант диабетінде емдеудің асқынулары:
а) аллергиялық реакция
б) липодистрофия
в) инсулинге тұрақтылық
г) барлығы дұрыс
д) Сомоджи синдромы
Есептер: Науқас 18 жаста ес түссіз жағдайда БСМП-ның қабылдау бөліміне жеткізілді.Анасының сөзі бойынша Қант диабетімен ауырады.Тәулігіне 42 ЕД инсулин қабылдайды. Көп физикалық жұмыс істеген, инсулин қабылдамаған.Соңғы кезде әлсіздікке,шөлдеуге, ұйқысының бұзылуына,тәбеттің төмендеуіне шағымданған.
Тексергенде: Тері жамылғысы құрғақ,бұлшық еті әлсіз,көз қарашығы кішірейген,жарыққа реакциясы жоқ.Пульс 90 рет минутына.АҚ 90/60 мм.с. б.ТЖ 24 рет минутына.Аузынан ацетон иісі шығады.
1.Қандай диагноз қоясыз.
2.Жедел көмек жоспарын құрастырыңыз.
3.Қандай бөлімшеге жібересіз.