Есептер:
1.Науқаста бауыр ауруына күдік ретінде анализінде: жалпы белок 66 г/л. Альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимол сынамасы 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., СФ - 186 МЕ/л.
Анализ нәтижелерінің көрсеткіштерінің барлығы қалыптыдан ауытқуы бар ма?
Қандай ауру туралы болады?
Этиологиялық диагнозды анықтау үшін тағы қандай анализдер қажет?
2.Науқас, 47 жаста, сатушы. Оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, құсуға, қызбаға шағымданып келді. Сұрастыру кезінде науқастың ішімдік қолданатыны, яғни үш күн бұрын үлкен мөлшерде спирт қолданғаны анықталды. Қарағанда: тері жамылғылары сарғайған, тығыздалған, ұлғайған бауыр пальпацияланады. Қан анализі: гипербилирубинемия, аспартат- және аланин-аминотрансфераза жоғарылаған, гипоальбуминемия, гиперглобулинемия, ЭТЖ жоғарылаған, нейтрофилді лейкоцитоз.
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Науқаста қандай асқыну бар?
3. Қандағы трансаминазаның жоғарылауы нені көрсетеді?
4. ЖҚА қандай өзгерістер болуы мүмкін?
3. Науқас ас содасын немесе аздаған тамақ ішкенде басылатын «аштық сезімі» тәрізді, түнгі кеш ауырсынуларға, қыжылға, құсуға, іш қатуға шағымданады. 5 жылдан бері ауырады, асқыну кеш күзде пайда болады. Асқынулар арасында жағдайы жақсарады.
Объективті: іші сәл қатыңқы және оң жақ эпигастралды аймақта ауырсынады. Мендель симптомы оң жақта ортаңғы сызықта кіндіктен жоғары оң мәнді.
Бұл симптом қандай ауруға тән?
4. Бауыр ауруы бар деп күдіктенген науқастың анализінде: жалпы белок 66 г/л. альбуминдер 36%, у-глобулиндер 28%; билирубин 28 мкмоль/л. тікелей 18 мкмоль/л. Тікелей емес 10 мкмоль/л: тимолды сынама 12 сд.: АЛТ 80 ед.. ACT - 66 ед., ЩФ - 186 МЕ/л.
1. барлық анализдер қалыптыдан ауытқығанба?
2. осы тексеру нәтижелері кездескенде қандай ауру туралы ойлауға болады?
3. этиологиялық факторларын табу үшін тағы қандай тексерулер жүргізілуі керек.
1) Тақырыбы №5: Қан жүйесінің кең тараған аурулары. Анемия. Лейкоздар. Негізгі себептері. Клиникалық көрінісi. Зертханалық диагностика. терапиясы және алдын алуы.
2) Мақсаты: Студенттерді оқу және қосымша әдебиеттермен; ақпараттардың электронды түрлерімен; тесттік тапсырмаларды дұрыс жұмыс істеуге; презентация және глоссарилер дайындауға; рольдік ойындарды құруға үйрету; тақырыпты өздігінен дайындау үшин мұғалімдермен кеңес жүргізу.
3) Тапсырма:
1. СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
2. сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
тест тапсырмаларын шешу
өздігінен тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |