Жұмыс бағдарламасы 2019 жылғы мжмбс-ға сәйкес әзірленген. «Емдеу ісі»


Б-3 құзыреттілік аймағы.Жасушаның генетикалық ақпараты. Генетикалық гомеостаз



бет4/15
Дата21.09.2023
өлшемі273,5 Kb.
#109597
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Б-3 құзыреттілік аймағы.Жасушаның генетикалық ақпараты. Генетикалық гомеостаз.
Ген туралы түсінік. Прокариот пен эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдастырылуы. Гендер жіктелуі. Кластерлі гендер. Геном туралы түсінік. Прокариот пен эукариот геномының құрылымдық және қызметтік ұйымдастырылуының ерекшеліктері. Адам геномын ұйымдастыру. Вирустардың генетикалық аппараттарының ерекшеліктері. Құрамында ДНК және РНК бар вирустар. Хромосомалар. Хромосомды құрылымдық ұйымдастырудың деңгейлері. Хроматин. Эу- және гетерохроматин. Адам кариотипі туралы түсінік. Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы. Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрінуі. Мутациялар: гендік, хромосомдық және геномдық. Бір ата-аналық дисомиялар, геномды импринтинг кезіндегі нәтиже. Мутацияның патологиялық нәтижелері. Летальды және сублетальды мутациялар, жалпы аурушаңдық пен өлімге қосар үлесі. Соматикалық және генеративті мутациялар. Мутагенез. Мутагенді факторлар. Жасушаның мутацияға ұшырауына қарсы тұруы. Репарация. Репарация түрлері, репарацияның ферментті жүйелері. Генетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоз.
Б-4 құзыреттілік аймағы. Молекулалы-генетикалық зерттеу әдістері
Адам геномын зерттеудің негізгі нәтижелері. ДНК-диагностика әдістері. Медициналық және фармокологиялық зерттеулерде қолдану. Адам ауруының дамуына қатысатын гендер идентификациясы. Генетикалық маркерлер. Гендер банкі. Клонотека. Позициялық картирлеу. Гендік-инженерлік технологиялар. Трансгенді ағзалар, фармация мен медицинада қолдану. Ағзаларды клондау. Мәліметтердің электронды базалары мен биомедициналық сайттары


В- құзыреттілік аймағы. Жасушаның молекулалық биологиясы.
Жасушаның негізгі компоненттерінің (құрамдастарының) қызметі және молекулалық құрылымы.
Ядро, митохондриялар, лизосомалар, Гольджи кешені, жасуша орталығы, эндоплазмалық ретикулум, цитоқаңқа.
В-1құзыреттілік аймағы.Жасуша тіршілігіндегі жарғақшаның рөлі. Жарғақша арқылы тасымал. Жасушаға сигнал берілудің негізгі этаптары. Медициналық ерекшелігі
Биологиялық мембраналардың молекулалық құрылымы мен қызметтері. Мембраналық липидтер мен ақуыздардың түрлері мен қызметтері. Арнайы мембраналардың жалпы сипаттамасы (нейрондар, эритроциттер). Мембрана арқылы тасымалдау: белсенді, пассив.Везикулярлы тасымалдау туралы түсінік. Жасушааралық байланыстар, жасушааралық адгезия, жасуша сыртқы матрикс. Медициналық маңызы. Жасушаға дабыл берудің негізгі кезеңдері. Дабыл молекулаларының жалпы сипаттамасы. Мембранамен байланысқан және жасушаішілік рецепторлар. Құрылысының ерекшеліктері, дабыл беру кезеңдері. Медициналық маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет