ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Бекітілді
факультет деканы, профессор
_____________В.Г. Сальников
«___» ____________ 2021 ж.
Кәсіби (оқу) іс-тәжірибе өткізу бойынша
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Білім беру бағдарламасы: 6В07304 – Кадастр
курс - І
семестр - IІ
оқу түрі - күндізгі
кредит саны - 2
Алматы 2021
Білім беру бағдарламасы «6В07304 – Кадастр» І курс студенттері үшін кәсіби (оқу) іс-тәжірибе өткізу бойынша жұмыс бағдарламасын әзірлеген картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы Дуйсенбаев С. М. «6В07304 – Кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша негізгі оқу жоспарына сәйкес
Картография және геоинформатика кафедра мәжілісінде қарастырылды және ұсынылды «16» 06 2021 ж., № 41 хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________________ А.А. Асылбекова
Факультеттің әдістемелік бюро мәжілісінде ұсынылды « 01» 09 2021 ж., № 1 хаттама
Факультет әдістемелік бюросының
төрайымы _________________ К.Д. Абубакирова
Бағдарламаның мазмұны.
1 Іс-тәжірибенің мақсаты
«6В07304 – Кадастр» білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес 1 курс студенттері ІІ семестрде кәсіби (оқу) іс-тәжірибеден өтеді.
Оқу геодезиялық іс-тәжірибе «Геодезия» пәнінің теориялық бөлімінің жалғасы болып табылады. Теориялық білімін, дағдылары мен икемділігін бекіту және геодезиялық түсіріс туралы жалпы түсінік алу оқу тәжірибенің мақсаты болып келеді.
2 Іс-тәжірибенің міндеттері
Оқу іс-тәжірибенің басты міндеттері, геодезиялық түсіріс бойынша білімдерін бекіту, кеңейту, тереңдестіру және жүйелендіру; топографиялық план құрастыру бойынша геодезиялық түсіріс жүмыстары кешенін меңгеру; жергілікті жерді түсіру барысында дала жұмыстарын жүргізу бойынша алғашқы тәжірибе алу. Геодезиялық түсіріс және аспаптарды пайдалану бойынша талаптарға сәйкес кәсиби дағдылар жүйесін қалыптастыру оқу іс-тәжірибенің маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қауіпсіздік техникасы талаптарын қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |