9 Іс-тәжірибе кезеңдерінің құрылымы мен мазмұны.
Оқу (геодезиялық) іс-тәжірибенің мазмұны мен ұйымдастыруы. Оқу (геодезиялық) дала іс-тәжірибе үш кезеңнен тұрады: дайындық, далалық және камералдық. Дайындық кезеңі барысында студенттер топографиялық түсірісті жүргізетін жергілікті жермен танысады. Топографиялық түсіріс жұмыстары кешенін жүргізуге арналған геодезиялық аспаптарды далалық жұмыстарға дайындау.
Дала кезеңінде студенттер бағдарлама бойынша біріншіден жергілікті жермен алдын ала танысу (рекогносцировкалық) жұмыстарын жүргізеді. Дайындалған полигонның горизонталдық бұрыштарын теодолитпен өлшейді. Теодолиттік түсірістің далалық журналын толтырады. Алдын ала дайындалған нивелирлеу трассаларына техникалық нивелирлеу жұмыстарын жүргізеді. Техникалық нивелирлеу далалық журналын толтырады.
Камералдық кезеңі жұмыстары оқу орнында, лабораториялық жағдайда өткізіледі. Камералдық кезеңі барысында студенттер берілген жергілікті учаскенің топографиялық жоспарын жасау үшін қажетті материалдарды өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Топографиялық жоспардың масштабына сәйкес шартты белгілерін дайындайды. Таңдалған масштаб бойынша топографиялық жоспарды жасап іс-тәжірибе есебін дайындайды. Оқу іс-тәжірибенің есебін қорғайды.
І. Дайындық кезеңі.
1.Оқу-әдістемелік дайындық:
а) іс-тәжірибенің мақсаты және міндетімен, жұмыс істеудің әдістері және тәсілдерімен, дала күнделіктерін жүргізу әдістемесімен таныстыру;
ә) теориялық оқу барысында топографиялық түсіріс жұмыстар кешені туралы алған білімі негізінде топографиялық түсіріс жұмыстарына дайындалады;
б) топографиялық түсіріске арналған геодезиялық аспаптарды далалық жұмыстарға дайындау. Ара қашықтықты өлшеу аспаптарын дайындау: рулеткалары, өлшеуіш-ленталары, лазерлік ара қашықтық-өлшеуіш, қазықтарды дайындайды. Теодолит және арнайы қазықтар (вешкалар) тексеру жұмыстары, теодолитті арнайы тексеруді жүргізу. Нивелир және рейкаларды тексеру жұмыстары, нивелирді арнайы тексеруді жүргізу.
2.Ұйымдастыру жұмыстары: а) іс-тәжірибе барысында тәртіпті сақтау қағидаларымен және нормаларымен, студенттер мен жетекшілердің міндеттерімен және құқыттарымен танысу;
ә) техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауымен танысу;
б) студенттерді бригадаларға бөлу және студенттерге міндеттерін жүктеу: бригада жетекшісі, топтың (бригаданың) медициналық және санитарлық жағдайына, аспаптардың жағдайына және тасмалдауына жауаптылар және т.с.с.
в) іс-тәжірибенің құжаттарын жүргізуге, дала жағдайында жинаған материалды сорттау және сақтау, дала журналдарын жүргізу және оның тәртіпке сәйкестілігін бақылайтын жауапты студентті тағайындау;
3. Техникалық дайындық: топографиялық түсіріске арналған геодезиялық аспаптарды және қажетті құрал-саймандарды далалық жұмысқа шығару деңгейіне дайындау.
Бірінші дайындық кезеңді өту барысында ссылка бойынша мына бейнероликті пайдаланыңыз:
https://www.youtube.com/channel/UCBkqaIO990z5nNjGi8nWJEQ/about
ІІ Дала кезеңі. Дала кезеңінде топографиялық түсіріс жұмыстары төменде көрсетілген жоспар бойынша жүргізіледі.