10 Тәжірибе барысында орындалатын студенттің өз бетінше жұмыс түрлері.
Геодезия бойынша оқу іс-тәжірибе болашақ касіби әрекетіне жақын жағдайда жүргізіледі, оқу іс-тәжірибе студенттердің «Геодезия» пәнен алынған біліміне негізденеді. Іс-тәжірибе өту барысында студент мынадай бағыттар бойынша өз бетінше жұмыстарды орындайды:
- геодезиялық өлшеу үшін аспап пен жабдықтарды жұмыс жағдайына келтіру;
- алдын ала барлау (рекогносцировка) жұмыстарын жүргізу;
- теодолиттік, тахеометрлік және нивелирлеу жұмыстарының дала журналдарын жүргізу;
- геодезиялық түсіріс жұмыстарының нәтижелерін камеральдық өңдеу;
- геодезиялық түсіріс нәтижелері бойынша топографиялық планды құрастуры.
11 Аттестаттау түрлері және оның кезеңі.
Тәжірибе аяқталудан жетекші студентке мінездеме береді, мүнда, орындалған жұмыстардың түрлері, олардың сапасы туралы, үйренген практикалық дағдылар, қоғамдық жұмысқа қатысы туралы мәліметтер болады. Іс-тәжірибе өтуіне жалпы баға беріледі. Мінездеме мен күнделікке жетекші қол қояды.
Студент тәжірибе есебін және күнделігін кафедраға тапсырып және оны комиссия алдында қорғайды.
12 Бағалау критерийлері «6В07304 – Кадастр» білім беру бағдарламасы 1 курс студенттерінің тәжірибе есептері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бағалау және аттестаттау саясатына сәйкес мынадай схема бойынша бағаланады:
1. Тәжірибе есебінің құрылымы тәжірибе бағдарламаның талаптарына сәйкес – 40 %
2. Жиналған материалдың көлемі диплом алды тәжірибені өткізуге қажетті материалдың көлеміне және дипломдық жұмыстың немесе дипломдық жобаны аяқтауға қажетті көлеміне сәйкес болуы – 50 %.
3. Өндірістік тәжірибенің есебін тәжірибе есептерінің түрлері бойынша университеттің талаптарына сәйкес рәсімделуі – 10 %
Жалпы жинағы – 100 %
Төменде пайызбен алынған минимальдық бағалары келтірілген:
95% - 100%: А
90% - 94%: А-
85% - 89%: В+
80% - 84%: В
75% - 79%: В-
70% - 74%: С+
65% - 69%: С
60% - 64%: С-
55% - 59%: D+
50% - 54%: D-
0% -49%: F