Жұмыс бағдарламасы білім беру бағдарламасы: 6В07304 Кадастр курс І семестр IІ оқу түрі күндізгі кредит саны 2


Тәжірибе өткізетін жетекшінің құқықтары мен міндеттері



бет4/9
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#74489
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Кад 1 курс оқу тәжіриб Бағдарламасы

8 Тәжірибе өткізетін жетекшінің құқықтары мен міндеттері.
Іс-тәжірибе жетекшінің міндеттері:

  • университет тарапынан жетекшісімен тығыз байланыста бекітілген студенттердің тәжірибесін ұйымдастыру;

  • кафедра тарапынан жетекшісімен бірге тәжірибе өткізудің бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыру;

  • кафедраның шақыру бойынша тәжірибе алдын өткізілетін ұйымдастыру жиналысына қатысу;

  • практиканттардың өндірістік жұмысын қадағалау, тапсырмыларды орындауда әдістемелік кеңес беру;

  • студенттердің күнделігін жүргізуді және есептерін дайындауды бақылау;

  • бағыттар бойынша құжаттарды, стажер-практиканттардың бағалау картасын толтыру, тәжірибе өту нәтижесі бойынша пікір беру.

Техника қауіпсіздігінің негізгі талаптары:

  1. ауа райына байланысты дала жағдайында жұмыс жүргізуге арналған киімдер мен бас киім және аяқ киімдерді пайдалану;

  2. бекітілген күн тәртібін орындау;

  3. құрал-жабдықтарын жол бойында тастап кетуге тыйым салынады;

  4. қазықтарды тастап кетуге тыйым салынады;

  5. түсіріс телісінде геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында темекі шегуге тағы басқа да тәртіп бұзышылыққа тыйым салынады;

  6. геодезиялық полигон аумағында қоқыс тастауға, ластауға т.с.с. әрекеттерге тыйым салынады;

Дала жұмыстарын жүргізуде техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары:

  1. Эпилепсия, бас және жүрек ауруы бар студенттер дала жұмыстарына жіберілмейді.

  2. Темір, автомобиль жолдарының маңында жұмыс жүргізуге тыйым салынады;

  3. Тау алды және сайларда (жыраларда) тік беткейлерінде жұмыс жасауға тыйым салынады;

  4. Дала жағдайында жұмыс жүргізу барысында студенттер жеке гигиенаны сақтау міндетті.

Техника қауіпсіздігін өтпеген студенттер іс-тәжірибеге жіберілмейді.
Геодезиялық аспаптармен және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау қағидалары.
Геодезиялық құрал-жабдықтар бағасы аса қымбат болып келеді, сондықтан оларды сақталуы студенттердің, бригадирдің және жетекшінің міндеті болып табылады. Геодезялық құрал-саймандарды пайдалануда студент мынадай жалпы қағидаларды сақатау қажет:

  • штативті бірқалыпты орнату керек, штативтің бекіту винттерін және аспапты штативке бекітін винт жай бұралады, егер қатты бұрағанда винттердің бұрандасы бұзылу мүмкін;

  • аспапты штативке бекіткенде оны бір қолымен ұстап тұру керек;

  • геодезиялық құрал-саймандарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады;

  • бір нүктеден келесі нүктеге ауысқан жағдайда аспап штативпен бірге, винттері жақсы бекітіліп бақылаушының иінде еңкейген түрінде көшіріледі;

  • аспап сыртқы қорша,ан ортаның жағымсыз ықпалынан топографиялық шатырмен қорғалу қажет (күн сәулесінен, жаңбырдан, шаңнан, қардан т.с.с.), мұндай шатыр болмаған жағдайда футлярмен немесе тысқабымен (чехол) қорғалады;

  • аспаптың қозғалмалы бөліктерін айналдыру үшін алдын ала бекіту винттері босатылу керек;

  • аспаптың қозғалмалы бөліктерін бекітуде бекітетін винттерін қатты қысып бұрауға болмайды;

  • нысаналайтын винттерді пайдаланғанда соғына дейін жай күшпен бұрай керек, егер винт бұраудың соңына дейін бұралса, онда винтті орта жағдайына келтіру керек;

  • түзету винттерін пайдалану барысында олардың бұралу бағыттарын анықтып, юстировканы, яғни түзетуді жай күшпен бұрау керек;

  • аспаптың оптикасын аса мұқиятпен бақылау қажет, механикалық заөымдалуынан сақтау керек, оптиканың беті жұмсақ фланельдік матамен сүртуге болады;

  • аспапты футлярға салғанда аспаптың паспортына көрсетілгендей салу реттілігін сақтау керек;

  • нивелирлік рейкаларлы вертикальдық жағдайда сақтау керек;

  • өлшеуіш-лентаны немесе рулетканы пайдалануда лентаның немесе рулетканың өзін (полотно) ұстауға болмайды, оның тұтқасынан ұстау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет