Жұмыс бағдарламасы «Биоиндикация»



бет46/68
Дата28.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#28986
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
«ЗЕРТТЕУДІҢ БИОИНДИКАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ» (2)

Қажетті құрал-жабдықтар: инфузория дақылы, атразин, пропазин, симазин (қоршаған ортаны ластаушы басқа да заттар) гербицидтерінің ерітінділері, сағат шынысы, термостат, пробиркалар, пробрикаларды қоятын штативтер, бинокулярлық микраскоп.

Жұмысты орындау барысы.

Сағат шынысы 2 мл зерттеліп отырған заттың ертіндісін құйып, оған инфузориялардың 15 дарағын орналастырыңыздар. Белгілі бір уақыттан кейін (15 минут, 24,72 сағат) дарақтардың саны және олардың белсенділігі есепке алынады. Зақымданбаған дарақтар оңай жоғары көтеріліп, ерітінді бетінде қалқып, жүзіп жүреді. Ал зақымданбаған жануарлар ерітіндінің түбіне шөгіп, баяу қозғалады, ал өлген инфузориялар түссізденеді.

Егер 15 минуттан соң инфузориялар тірі болса, онда инфузориялары бар пестицид ерітінділерін пробиркаларға құйып, 23 С термостатқа 24 сағатқа қойылады.

Бір тәуліктен соң ертінділер микраскоп астында зерттеледі. Егер 24 сағаттан соң инфузориялардың өлімі байқалмаса, онда дақылдары бар препараттарды термостатқа қойып, 72 сағаттан соң тағы да зерттеуге алынады.

Бақылау ретінде 2мл таза суға 15 инфузория дарақтары орналастырылды. 24,72 сағаттан соң тәжірбие жағдайындағы жануарлардың табиғи өсімі есепке алынады.

Тәжірбие нәтижелерін кестеге толтырыңыздар



Алынатын сынама

Алынған нәтежелерді толтыру



















Алынған нәтижелер бойынша зерттеліп отырған заттардың улылық дәрежесі туралы қорытынды жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет