Жұмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша (пәннің аты)



бет17/31
Дата15.06.2023
өлшемі404,5 Kb.
#101634
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
det xir vop kz

8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского
возраста» 2004 г. 2-х том Геотор-Мед
2. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургия» . 1 том, 1996г.
3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургия». Л., 1993г.

  1. Р.К. Каримов. “ЧМТ”. 1997.

  2. К.С. Ормантаев “Тяжелая черепно-мозговая травма”. 1982.

  3. Джалалидзе Ю.Ю. «Ожоги и их лечение» М. 1970 г.

  4. С.Я. Долецкий. «Послеожоговые деформации у детей и их хирургическое лечение». К., 1971 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. . Долецкий С.Я., Гаврюшев В.В., Акопян В.Г. «Хирургия новорожденных». Руководство для врачей. М., Медицина, 1976 г.

  2. Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностика» М., 2001г.

  3. Рокицкий М.Р. «Ошибки и опасности в хирургии детского возраста». Л., Медицина. 1993г.

  4. Л.Б. Берлин. «Морфология кожи после ожоги и свободной пересадки». М.-Л. 1966 г. Хирургия, 1969 г.

  5. Н.Н. Блохин. «Кожная пластина». Мед.1955 г.

  6. К.Д. Вилявин., О.В. Шушова. «Патогенез и лечение ожоговой болезни». Мед. 1963 г.

  7. Р.Л. Арьев. «Ожоги и отморожение» М., - Л. – 1971 г


АҚПАРАТТЫ - ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК


Тақырыбы: Балалардың бас-ми жарақаттарының
ерекшеліктері. Балалар сүйек жарақаттарының
ерекшеліктері. Күйіктер, жаралар.


Бас-ми жарақаттары. Бас сүйек негізі мен күмбезінің сынықтары. Бас-мидың шайқалуы.
Балаларда бас-ми сүйегінің сынықтары жиі кедеседі. Ұл балаларда көп қозғалғыштығына байланысты бұл жарақатқа қыз балаларға қарағанда 2-3 есе жиі ұшырайды. Жарақаттанушылардың көбі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Емізулі жаста бас сүйегі жарақатының себебі баланың керуеттен, үстелден немесе коляскадан құлауы. Мақсатты, бағдарлы рефлекторлы қозғалысы жоқ кішкентай балалар салыстырмалы ауыр басымен төмен қарап құлайды, сондықтан аздаған биіктіктен құлаудың өзі бас сүйегінің сынуына әкелуі мүмкін. 2-5 жастағы балалар жиі көктем – жаз айларында терезеден, балконнан, шатырдан, шарбақтан құлайды. Ересектеу балалардың көшеге шығуына байланысты жол-көлік травматизмі көп болады. И.Г. Дамьенің мәліметі бойынша бас сүйегі жарақаттарның ішнде жол-көліктен және құлау себебінен болған зақымданулардың 80%-інде балалардың қараусыз қалуынан және үйден тыс жерде болғандығымен байланыстырады.
Балаларда бас сүйегінің сынықтары айқын емес неврологиялық белгілермен өтеді. Бас сүйегі сынығының пішін мен көлемі жарақаттың күштілігіне, күштің түсу беткейіне, жарақат орнына және сүйек құрылысы мен тігістердің серпімділігіне байланысты болады. Бала сүйегінің серпімді болуы және тігістердің толық бітілмеуі сүйек бүтіндігінің бұзылуынан аздап сақтайды, бірақ жарақаттушы күш миға әсер етіп оның жабық зақымдануына әкеледі. Бас сүйегінің зақымдануы жарақаттың жанама әсеріненде пайда болуы мүмкін. Биіктіктен аяқпен немесе жамбаспен құлау кезінде соғылудың омыртқа жотасы арқылы бас сүйегінің негізіне берілуі мүмкі. Мұрынды соғып алу кезінде күш түсіру нүктесі маңдай аймағына, ал иектен жарақаттану самай сүйегіне беріледі.
Бала шалқасынан құласа шүйде сүйектің, етпетінен құласа маңдай, жанамалап құлаған жағдайда самай сүйектері сынып, төбе сүйектерге өтіп кетуі мүмкін.
Бас сүйегінің қысылуы кезінде сүйек тігістерінің ажырауы байқалады. Сүйектің серпімді болу себебінен бас сүйегінің аз аумағына күш түсіру-сызықты сынықтар, сызаттар тудырады. Кішкентай балаларда олар көрші тігістерден ажыратпайды, ал ересек балаларда сызықтық сынықтар төмен қарай түсіп, бас сүйегінің негізіне, сүйек пирамидасына дейін жетеді. Бас сүйегінің қуысын құлақ пен мұрын қуыстарымен байланыстырады.
Бас сүйек күмбезінің сызаты емізулі және кішкентай балаларда субапоневротикалық гематомамен өтеді. Үлкен көлемді болса, жаңа туылған нәрестелердің кефалогематомасын еске түсіреді. Гематома жиегінің көтеріңкі тіндері қанмен инфильтрациялану нәтижесінде қалыңдап, сипап көргенде клиникалық импрессионды сыныққа ұқсайды. Венозды синустардың зақымдануы кезінде гематомалар өте үлкен көлемге жетеді. Орталық менингиалды артерияның қосымша жарақаттануы болса, гематоманың пульсациясы болады. Сүйектің шектелген аймағына күш түсуі, оның серпімділігінен басым болса сызаты бар ішке кірген бөлек пайда болады. Оның жиктері жылжып, тереңдікке кетеді. Осылайша импрессионды сынық пайда болады. Емізулі балаларда сынықтың бұл түрінде, зақымдалған жер «целлулоидты допң тәрізді ішке кіреді. Сүйек сынықтарының ішке кірген бөлігінің байланысы сақталады, қосымша гематома байқалмайды. Бірақ өте жиі сүйек үсті сынықтары мен сызаттар қосарланып келіп, ішке кірген жерден радиалды және циркуллярлы тарайды. Бұл сынық төбе сүйектерінде жиі кездеседі.
Сүйектің айтарлықтай беткейіне үлкен күш әсер еткенде майысқан сүйек фрагменттері бас сүйек қабықшаларымен байланысын жоғалтып, сынып тереңдікке кетеді. Бұл сынықтар депрессионды деп аталады.
Бас сүйек негізінің адыңғы маңдай бөлігі сынса көз шарасының қанталауы, ортаңғы бөлігі жарақаттанса құлақтан ликвор, қан ағуы байқалады. Ал бас сүйек негізінің артқы сынған кезде бульбары бағаналық белгілер пайда болып баланың тыныс алуы мен жүрек қызметі бұзылады.
Балалар әсіресе кішкентайлар бас сүйек және ми жарақатын салыстырмалы ересектерге қарағанда оңай өткізеді. Жалпы және жергілікті белгілері, неврологиялық симптоматикасы айқн емес. Әлсіз білінетін пирамидалық белгілермен, сіңір рефлектерінің жоғарылауымен жарақатқа қарсы жақтағы мұрын-ерін ұшбұрышының тегістелуімен көрінеді. Жалпы жақсы жағдайына қарамастан айқын емес белгілер болғанда балаларда жарақаттан соң болатын бас сүйек ішілік бұзылыстардан сақтау үшін науқасты тез арада ауруханаға жатқызу керек.
Мұрыннан және сыртқы тыныс жолдарынан қан кету мен ликвореяда тампонада және басқа да манипуляциялар жасауға мүлдем болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет