Жұмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша (пәннің аты)



бет23/31
Дата15.06.2023
өлшемі404,5 Kb.
#101634
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
det xir vop kz

Асқынулары. Кесел басталғаннан бастап баланы дәрігерге көрсеткенге дейін біраз уақыт өтіп кетсе аппендициттің асқынуы мүмкін. Бұл кезде клиникалық көрінісінде қандай да бір асқынудың белгілері көрінеді. Жиі перитонит кездеседі, яғни жалпы көрінісінде ішектердің кебуі, барлық құрсақ қуысы қабырғаларының қатаюы, Щеткин-Блюмберг белгісінің айқын болуы, іштің жайылмалы ауруы тән.
Кейде қабыну процесі құрсақ қуысында шектеліп, құрт тәрізді өсінді орналасқан жерде аппендикулярлы инфильтрат түзіледі (оң жақ мықын аймағында, ретроцекальді, кіші жамбас ойығында). Инфильтраттың клиникалық көрінісі аурудың 3 – 5 күнінде анықталады және алғашқыда жұмсақ консистенциялы, шекарасы анық емес, ауырсынатын түзіліс ретінде білінеді. Одан кейінгі кезеңде инфильтрат тығызданып, оның шекаралары анық айқындалады.
Егер мықын ойығында көлемі кішкентай тығыздалған түзіліс сезілсе, оның негізгі бөлімінің кіші жамбас қуысында орналасатындығы туралы ойлау керек. Ол тік ішекті саусақпен зерттегенде дәлелденеді. Ретроцекальді орналасатын инфильтраттың анықталуы қиын.
Инфильтрат балаларда жоғары температурамен, іш пердесінің тітіркену белгілерімен жүреді. Қан анализінде ЭТЖ жоғарылаған және лейкоцитоз. Инфильтраттың жайылып іріңдеуі құрсақ қуысының іріңдеуіне әкеледі. Іріңдеу іштің қатты ауыруымен, гектикалық жоғары температурамен, іш пердесінің тітіркену белгілерімен, ішектердің жартылай немесе толық өткізбеушілігімен қосарланады. Пальпация жасау кезінде іште ауырсынатын ісінуді, терінің қызаруын, флюктуацияны анықтайды.
Жедел аппендициттің өту барысы балаларда, әсіресе жас нәрестелерде өте ауырлығымен белгілі. Организмнің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ауру тез дамиды. Іріңді инфекцияға бала организмінің қарсыластығы төмен болғандықтан қабыну процесі құрт тәрізді өсіндіден көрші мүшелер мен тіндерге оңай таралады. Шажырқайдың анатомиялық және функциональді жетілмеуі, іш пердесінің пластикалық қасиеттерінің төмен болуы, инфекция ошағына тосқауыл құрып құрсақ қуысын шектей алмайды. Соқыр ішек шажырқайының ұзын болуы, іш пердесіне іріңнің таралуына әкелетін қосымша фактор болып есептеледі. Ұстама басталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде құрт тәрізді өсінді тесіледі. Дәрігерге дер кезінде қаралмау немесе кеш анықталуы салдарынан іріңді перитониттен қайтыс болатын науқастардың саны көбірек.
Жедел аппендицитті анықтау кейде күрделі қиындықтар тудырады. Анамнез жинаған кезде ата-аналары диета бұзылысын, “тұмау” және тағы басқаларды айтып, дәрігердің ойын дұрыс жолға бағыттамауы мүмкін. Анамнезді дұрыс жинау ғана емес, сонымен қатар оны бағалаудың да маңызы үлкен. Жедел аппендицитті анықтаудың негізі науқасты жан-жақты қарау. Науқасты қараудың алдында ол қарсыласпау үшін баламен жылы мейірімді қарым-қатынас орнату көңілін аулау керек, әйтпесе бағалы және шешуші белгілер анықталмай қалады. Зерттеуді дәрігер зорлаусыз, нәзік жүргізуі қажет. Аппендицит кезінде ең алдымен анықтауға қажетті, тұрақты белгілер бар. Оған ауырғандық сезімі және құрсақ қабырғасы бұлшық етінің қатаюы жатады. Басқа белгілерді (құсу, қан жағынан өзгерістер, тілдің өзгеруі, дене қызуы, температура мен пульс қатынасының өзгеруі) бағалағанда науқастың жасын, аурудың ұзақтығын, бастан өткен және қосымша ауруларды ескеру қажет.
Жедел аппендицитті танып-білу қиындығы, бала жасындағы көптеген аурулар бастапқыда жедел аппендициттің клиникасы тәрізді өтетіндігімен түсіндіріледі. Жедел аппендицитті пневмониядан, ревматизмнен, жедел инфекциялармен және асқазан-ішек ауруларынан, бүйрек ұстамасынан, геморрагиялық капилляротоксикоздан, холециститтен, панкреатиттен, асқазан жарасынан, асқынған киста және құрсақ қуысынының ісігі сияқты басқа да сирек аурулардан ажырату керек.
Амбулаторлы қабылдау жағдайында уақыттың аздығын ескере отырып аппендицитті басқа аурулардан ажырату мүмкін болмайды. Қажет болса кеңесу үшін басқа мамандарды (педиатр, инфекционист, уролог) шақыру керек. Егер нақты диагноз күдік тудырып, аппендицит жоққа шығарылмаса науқасты ауруханаға жібереді.
Болжамы операция жасау мерзіміне байланысты және оны әркезде де қауіпті деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет