Жұмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша (пәннің аты)



бет21/31
Дата15.06.2023
өлшемі404,5 Kb.
#101634
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.


7. Сабақтың мазмұны
- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..
- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..
- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Под руковод. Ю.Ф. Исакова, «Хирургические заболевания детского возраста» 2004 г. 2-х том Геотор-Мед

2. К.У. Ашкраф, Г.М. Ханрен. «Детская хирургия» . 1 том, 1996г.
3. Г.А. Баиров. «Неотложная хирургия». Л., 1993г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Долецкий С.Я., Гаврюшев В.В., Акопян В.Г. «Хирургия новорожденных». Руководство для врачей. М., Медицина, 1976 г.
2. Пыков М.И., Ваталин К.В. «Детская ультразвуковая диагностика»
М., 2001г.
3. Рокицкий М.Р. «Ошибки и опасности в хирургии детского
возраста». Л., Медицина. 1993г.
4. К.Д. Вилявин., О.В. Шушова. «Патогенез и лечение ожоговой
болезни». Мед. 1963 г.
Ақпаратты – дидактикалық блок

Тақырыб: Жедел аппендициттің балалалардағы ерекшеліктері.
Жүре пайда болған ішек өткізбеушілігі.
Жанұялық дәрігердің тактикасы.

Аппендицит ауруы деп соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің жедел қабынуын айтамыз. “Аппендицит” деген терминді алғаш рет (1886 ж) американ хирургі Фитц ұсынды. Халық арасында аппендицит жеңіл ауру деген түсінік қалыптасқан. Бірақ шын мәнінде бұл аурудың клиникалық белгілері сан алуан. Бала организмінің органикалық ерекшеліктеріне байланысты аппендицит ауруының өту барысы ересектерден өзгеше.


Балаларға жасалатын төтенше операциялардың 75% аппендицит себебінен. Аппендицит ауруы жаңа туған нәрестелерде 1000 балаға шаққанда 6 – 7 - еуінде кездеседі. Жыл сайын бұрынғы СССР көлемінде өткізілген 1,5 млн аппендэктомияның 230 000 балаларға жасалынған. АҚШ-та жыл сайын 500000, Германияда 300 000 аппендэктомия жасалынып, оның 0,2 – 0,4% өліммен аяқталып жатыр. Өлім әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларда көп. Себебі аппендицит диагнозын жас балаларға дұрыс қою өте қиын мәселе.
Совет елінде балаларға аппендицит диагнозымен операцияны тұңғыш рет 1888 жылы К.М. Домбровский жасады.
Аппендицит ауруын хирургиялық жолмен емдеу, оның негізгі принциптерін тәжірибеде кеңінен қолданған балалар хирургиясының негізін қалаушылардың бірі дарынды орыс ғалымы Т.П. Краснобаев болды.
Ғалымдар соқыр ішектің қабынуын организм қызметінің бұзылуынан деп есептейді. Әр түрлі әсерлерден соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісіне келетін тамырлар қысылып, қан айналысы бұзылады. Соқыр ішектің кілегей қабатында жара пайда болады да, ол бірте – бірте іріңге толып, серозды және ет қабатарын тесіп шығады.
Жедел аппендицит барлық жас топтарында кездеседі және балаларда жиі тараған хирургиялық аурулардың бірі болып есептеледі. Ұлдар қыздарға қарағанда жиі ауырады.
Жедел аппендициттің құрт тәрізді өсіндісінің морфологиялық өзгерістеріне негізделген бірнеше жіктелулер бар. Ең тиімді болып саналатын Шпренгель жіктемесі бойынша: қарапайым (катаральді, созылмалы) және деструктивті (флегмонозды, гангренозды, гангренозды-тесілген) аппендицитті ажыратады. Деструктивті түрлері көбінесе өсінді қабырғасының тесілуі және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін (аппендикулярлы перитонит, абцесс, инфильтрат). Жедел аппендициттің морфологиялық түрлері клиникалық көрінісіне үнемі сай келе бермейді, сондықтан оларды амбулаторлы жағдайда ажыратудың тәжірибелік мәні жоқ. Жедел аппендицитті болжай отырып хирург операция кезінде өсінді қабырғасындағы дөрекі бұзылыстарды анықтайды немесе керісінше құрт тәрізді өсіндінің өзгеруі болмағандығын шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет