Жұмыс бағдарламасы жда жағдайындағы балалар хирургиясы пән бойынша (пәннің аты)



бет24/31
Дата15.06.2023
өлшемі404,5 Kb.
#101634
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
det xir vop kz

1. Тақырыбы: Зәр шығару органдарының ақаулары
2. Оқу сағатының саны: 7 сағат 20 мин.
3. Тақырыптың өзектілігі (оқу дәлелдемесі):
Эмбриональды фетопатия ішінде зәр шығару жүйесінің даму ақаулары 40% құрайды. Зәрдің жүруі бұзылысына байланысты науқаста пиелонефрит және бүйрек жетіспеушілігі дамиды.
Урогенитальды жүйенің даму ақаулары туа біткен аномалияның 35-40% құрайды. Эмбриогенезде күрделі процестердің бұзылу механизмін жақсы менгере білу, бала өмірінің ерте дұрыс диагностикалауға жәрдем береді.
Балаларда зәр шығару жүйесінің ақауары мен жүре пайда болған аурулары жиі кездеседі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша балалардың 10-14% зәр жолдарының әртүрі ақауларымен туылады. Амбулаторлы хирургтың мақсаты-науқастың зәр анализында өзгерістерді көріп, уақытысында стационарлы ем алуға жіберу.
Қуықты- зәрағар рефлюксі – қуықтан зәрдің кері қарай кетуі, бұл процесс созылмалы пиелонефриті бар науқастардың 35-60% де анықталған.ҚЗР жоғарғы зәр жолдарында зәр жүру бұзылып, пиелонефриттің дамуына қолайлы жағдай түғызады. ҚЗР пиелонефриттің латентті ағымы кезінде созылмалы процестің соңы, бүйректің семуіне, гипертензия мен созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне ашып келеді.
Балалардағы бүйрек және зәр шығару жолдарындағы даму ақауларының зерттеу әдістерін дұрыс жүргізу арқылы, оны емдеу тактикасын дұрыс таңдауға үлкен сегтігін тигізеді. Бұл патология емінде ажыратпалы диагностика әдістерін дұрыс игеру өте маңызды.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының даму ақауларын емдеу тактикасын анықтау, зақымдалған мүшенің функциясының зерттеу нәтижелеріне байланысты. Консервативті ем әсерін бермеген жағдайда ғана балаларда оперативті ем жасалынады. Сондықтан, клиникалық, лабораторлық және инструментальды зерттеу әдістерін дұрыс бағалау, патологияның биохимиялық және патогенетикалық механизмін білу, консервативті және оперативті әдістерді меңгеру – емнің тиімді әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
4. Сабақтың мақсаты:
Зәр шығару жүйесінің даму ақауларын интерндерге диагностикалауды, зерттеу жұмыстарын жұргізуді, консервативті және оперативті емді тағайындауды, операциялық жолменене коррекция жасуды үйрету.
Қуықты-зәрағар рефлюксінің ҚЗР даму механизмі мен себептерін меңгеруді, оперативті емнің түрлерін және көрсеткіштерін тануды үйрету.
Гидронефрозды диагностикалауды, клиникалық көріністерін тануды, емедеуді үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет