Жұмыс бағдарламасы «Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу»



бет40/57
Дата04.02.2022
өлшемі451,94 Kb.
#24853
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы «Жылуэнергетикада ж не жылутехнологияда энерг

Техникалық шаралар тобы жаңа ұрпақтың энергия үнемдейтін технологиялық құрылғыларын қолдануды қарастырады.

Осы қарастырылған іс-шаралар энергия үнемдеудің ірімасштабтыпринципиальді мүмкін болатын резервін жүзеге асырады және оның әдісінің тәжірибелік жетістігінің кең спектріне демонстрация жасайды.

Энергия үнемдейтін тиімді жүйені құруға арналған екінші іргелі негізгі – энергия үнемдейтін жылулық сызбаларды дайындаудан тұрады. Бұл бағытта тапсырманы жақсы орындау үшін нақты жылутехникалық процестердің жоғарғы энергоүнемділігіне жетудің принципиальді жолдарын толықтай көрсететін жылулық сызбалардың көптеген нұсқаларын қарастырған жөн.

Бұндай шешімдердің мүмкіншілігі – термодинамикалық идеалды технологиялық қондырғылардың принциптерін және олардың жылулық сызбаларының анализін, технологиялық процестер мен технологиялық қондырғыларының қалдықсыздығын жүзеге асыру мүмкіншілігін іздестіруін пайдалану негізінде ашылады.

Энергия үнемдейтін технологиялық жүйелерді іздеу мақсатындағы соңғы нәтиже –осы жүйе құрылғыларының энергия үнемдейтін сипаттамаларымен анықталады. Осыған байланысты, энергия үнемдейтін құрылғыларды құру –іздеу бағытындағы және энергия үнемдейтін жылутехнологиялық жүйелерді жүзеге асыратын үшінші іргелі бағыт болып табылады. Осы бағыттың тапсырмаларын шешудің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:


  • тиімді жылутехникалық принциптердің (әдістердің) өңделуі, зерттелуі және жүзеге асуы, технологиялық процесстердің жүзеге асуы және олардың бөлек салалары;

  • Жылутехнологиялық емес өндіріс жүйелерінде жылу мен энергияны қолдану ұйымының тиімді әдістерін жобалау, зерттеу және оларды жүзеге асыру;

  • Технологиялық реактордың, жылутехникалық сызбалардың және олардың компоновкаларының құрамалы сызбаларын жобалау.

Осы қарастырылған әдістеме жоғары энергетикалық сипаттамасы бар жылутехникалық жүйе құруға арналған, потенциалды және тәжірибе жүзінде энергия үнемдеудің шекті жоғары деңгейіне бағытталған тұрақты шешімдерге әкеледі, сондытан ол шекті энергия үнемдеудің әдісі деп аталады.

Шекті энергия үнемдеу әдісі – ол тауар өнімдеріне қажетті негізгі шикізат пен материалдарды комплексті технологиялық экологиялық және экономикалық тиімді өңдеуге қажетті бірінші отын-энергетикалық ресурстарды шамалы шығындауды жүзеге асырудың принциптерін, әдістерін, бағыттарын іздеу әдістемесі.

Сондықтан, шекті энергия үнемдеу базасындағы энергия үнемдейтін жылутехнологиялық қондырғылар мен жүйелерді құру тапсырмаларын орындау – металл үнемдейтін және экологиялық мінсіз қондырғылар мен жүйелерді бір мезгілде орындауға негізделген.

Энергетикалық анализ дискреттілігімен ерекшеленетін энергия үнемдеу тапсырмасын орындаудың дәстүрлі әдістемелік негізгі жеке технологиялық қондырғылардың кейбір жақтарында (салаларында ) отын-энергетикалық ресурстардың толық қорын үнемдеуді және оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтау кезінде мүлдем шарасыз болып қалады.


Өздік бақылау сұрақтары

1. Энергия үнемдеу мәселесі нені қарастырады?

2. Жылутехнология туралы айтып бер.

3. Шекті энергия үнемдеу әдісі дегеніміз не?

4. Энергия үнемдеу шараларын айтып шық.


Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет