Әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталган Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасуы 050103 -«Педагогика және психология» мамандығынан бакалаврларды даярлаудың мазмұнын қайта қарауды талап етті. Бұл мамандықтан кәсіпқой бакалаврларды даярлауда негізгі пән - педагогика ерекше орын алады.
Педагогика - адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағытты беру процесі және жас ұрпақты өмір мен іс-әрекетке даярлау жөніндегі ғылым.
Педагогика философияның қойнауынан шыкты, дамудың өте ұзақ жолынан өте отырып, қазіргі кезде адам тәрбиесі жөніндегі саласындағы күрделі ғылымга айналды, басқа ғылыми пәндермен тығыз байланысты.
Педагогика адамды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, принциптері, мәні, мазмұны, әдістері мен түрлері жөніндегі ғылым ретінде көрінеді.
Курстың объекті - жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесі.
«Педагогика» курсының пәні - педагогиканың әдіснамалық негіздері, категориялары, түсініктері, заңдары, заңдылыктары, принциптері, мазмұны, мәні, мектептегі тәрбие мен оқытудың әдістері және формалары, тұлғаны қалыптастыру, мектептегі педагогикалық процестің диагностикасы.
Бұл курстың құрылымы төмендегідей логикаға бағынады.
Бірінші бөлім - педагогиканың ғылыми-әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің мәнін, тәрбиенің мақсатын, балалардың жас ерекшелігіне сай дамуының сипаттамасын, тұлғаның қалыптасуының сипатын окытатын педагогиканың жалпы негіздері.
Екінші бөлім - тәрбие процесінің теориялық негіздемесін, мазмұндык сипаттамасын, заңдылықтары мен принциптерін, әдістерін, тәрбиенің кұралы мен түрлерін, тәрбиенің жаңа технологиясын теориялық негіздеуді камтиды.
Үшінші бөлім оқушыларды оқыту процесіне арналған. Бұл жерде қазіргі орта білім берудің даму тенденциялары, оқытудың мәні, орта білім берудің мазмұнын таңдау принциптері, оқытудың заңдылықтары мен принциптері, әдістері, құралдары мен формалары, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалауды жүзеге асыру айқындалады.
Курсты оқу оқытудың хабарламалық-дамытушы, проблемалық-ізденіс, репродуктивті және шығармашылық-репродуктивті әдістерін пайдалана отырып, лекция, семинар, тәжірибелік жұмыс, мұғалімнің басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы барысында жүзеге асады.
Хабарламалық-дамытушы әдістер: лекция, әңгіме, түсіндіру, оқу фильмдерін көрсету, педагогикалық әдебиеттермен, білім беру бағдарламаларымен өзіндік жұмыс.
Проблемалық-ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы, кіші топтарда студенттердің ұжымдық ойлау іс-әрекеті, лабораториялық ізденіс жұмыстары.
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау.
Шығармашылық-репродуктивті әдістер: педагогикалық тақырыптарға творчестволық шығарма жазу, кроссвордтар құрастыру, педагогикалық жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сөздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау.
Педагогика курсын табысты меңгеру студенттердің өзіндік жұмыстарының болуын қажет етеді, пәнді оқу емтихан тапсырумен және курстық жұмысты орындаумен аяқталады.