медиогастральдік (денесінің, кіші және үлкен иіннің);
антральдік;
пилорикалық каналдың.
б) ұлтабардың (бульбарлық, постбульбарлық).
III. Үдерістің фазасы:
а) өршу (жаралы ойықтық және асқазанда немесе ұлтабарда қабыну белгілерінің болу кезі);
б) басыла келген өршу жара жазылып бітелген, бірақ қабыну белгілері жойылмаған кез);
в) ремиссия (жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған кез).
IV. Аурудың ағымына қарай:
а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);
б) жеңіл (өршуі жылына 2 рет);
в) жеңіл (өршуі 1-2 жылда 1 рет немесе одан да сирек);
г) латентті (клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе эндоскопия жасағанда анықталатын жара).
V. Секрециялық функциясына қарай:
а) жоғары;
б) қалыпты;
в) төмен;
г) ахлогидрия.
VI. Асқынулары:
а) қан кету;
б) пенетрация;
в) перфорация;
г) тыртықтық деформация;
д) пилородуоденальдік бөліктің стенозы:
компенсацияланған;
субкомпенсацияланған;
декомпенсацияланған;
е) малигнизация (ойық жара обырға айналуы).
Клиникалық көрінісі. Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу ерекшелігіне және асқынуларының болу-болмауына тәуелді. Жара ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:
ауырсынулық (жараның орналасуына байланысты ерекшеліктерімен);