6. Науқас гигиенасы Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастар жуыну немесе басқа да тазалық шараларын қажет етпейді. Бұл әрекеттердің қалай орындалатынын ұмытатындар да болады. Өз жәрдеміңізді сыпайылықпен, оның намысына тимейтіндей етіп көрсетіңіз.
Науқасқа душ немесе ванна қабылдау қажеттілігін сезіндіріңіз. Егер ол көнбесе, көңіл-күйі өзгергенге дейін біраз күте тұрыңыз;
Науқасты қимылсыз қалдырмаңыз. Шамасы келгенше барлық нәрсені өзі жасасын;
Ванна қабылдау барысында пациент қысылмауы үшін, дененің кейбір аймақтарын жауып қойыңыз.
Үй жағдайында науқастарды жуынатын бөлмеде орнатылған орындықта жуындырған ыңғайлы. Орындық алдын ала төселген резеңке кілемшеге орналастырылады. Науқасты шешіндіріп, орындыққа отырғызады да, аяқтарын мұқият ванна ішіне өткізеді (егер ваннаның аяқтары өте биік болмаса). Мұндай қалыпта сізге де, оған да ыңғайлы болады.
7. Дәретханаға бару Науқастар дәретхананың қайда екенін ғана емес, онда не үшін баратынын да ұмытып қалуы мүмкін.
Дәретхана есігін үлкен түсті әріптермен белгілеп қойыңыз;