Ситуациялық сауалдар: 1. Көшеде өмір сүру белгілері жоқ адам табылды: есі жоқ, кеуде қуысының қимылы байқалмайды, ұйқы артериясында пульс сезілмейді, жүрек тондары естілмейді. Адамның тірі екенін қалай дәлелдеуге болады? Мұндай жағдайда қандай іс-шаралар атқару керек?
2. Аурухананың қабылдау бөліміне жол апатынан жарақат алған науқасты толық ес-түссіз жағдайда жеткізді. Мейірбикенің іс-әрекеті қандай болмақ?
3. Аурухананың реанимация бөлімінде дәрігер науқас өлімін айғақтады. 2 сағат уақыт өткен соң мейірбикенің іс-әрекеті қандай?
4. Мейірбике жазатайым оқиғаның куәгері болды. Ер адам жарақаттанды. Қарау кезінде тынысы жоқ. Мейірбике ретінде іс - әрекеті?
5. Мейірбике жол апатының салдарынан клиникалық өлім жағдайдағы адамға өкпенің жасанды вентиляциясын және жүрекке тікелей емес массажды 1 рет дем беріп, 5 рет кеуде қуысының компрессиясын орындады. Мейірбикенің орындаған іс - әр
3 сабақ 1. Тақырыбы: ҚР травматологиялық көмекті ұйымдастыру мен құрылымы. Травматологиялық науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Бас, кеуде қуысы, іш және қол-аяқ травмалары кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету алгоритмі.
2. Мақсаты: Студенттер жарақат алған науқастың мәселелерін анықтауға және оны шешуге травматологияда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру, жоспарлау және іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау.
3. Окыту максаты: Студент білуі қажет:
Травматология саласында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды;