Ситуациялық есеп: Учаскелік терапевт қабылдауында 65 жастағы науқас периодический субфебрилит шағымымен, белінің ұйып ауыратынын, зәр шығарғанда шаншитынын айтып отыр. (температурасы 37,1 - 37,3). Анамнезінде цистит жиі қайталанған. Тексерілгенде қан құрамындағы лейкоциттер 9 мың, СОЭ 22 мм/ч, зәрінде лейкоциттер құрамы жоғары.
Сұрақтар: 1. Бұл қандай ауру түрі?
2. Науқасқа оңалтудың қай түрі қажет?
3. Осы ауруды емдеу принципі қандай?
4. Мейірбике курорттың қай түрін тағайындауына болады?
4-САБАҚ 1. Тақырыбы: Акушерлік-гинекологиялық науқастарға оңалту жүйесін ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Студенттерге акушерлік және гинекологиялық оңалтудың өзекті мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Болашақ ана денсаулығының қаншалықты маңызды екендігі туралы ұғым қалыптастырып, оларды оңалтудың шаралары туралы бағыт-бағдар беру.
Акушерлік және гинекологиялық патологияда емдік дене шынықтырудың көрсетілімі мен кері көрсетілімі.
Акушерлік және гинекологиялық патологияда емдік дене шынықтырудың әдістері мен құралдары.
Акушерлік және гинекологиялық патологияда қолданылатын массаж.
Студент істей білуі тиіс: Медициналық реабилитация кезеңдеріне реабилитация бағдарламасын жасау.
Емдік дене шынықтыруға арналған көрсетілімдерді дұрыс анықтау.
Жаттығулар жиынтығының бағдарламасын құрастыру.
Физикалық реабилитация картасын толтыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Жыныстық мүшелерінің ауруы бар, жатыр ауытқушылығы бар, жатыры төмен түскен науқастарды оңалтудың негізгі принциптері.
Қалыпты жүкті және босанатын әйелдерді мерзімінен кезеңіне дейін оңалту іс-шаралары.
Босанғаннан кейін және операциядан кейін оңалту.
Ішкі жыныстық мүшелердің қабыну аурулары.
Патологиялардағы оңалту іс-шаралары.
6. Гинекологиялық ауруы бар науқастарды оңалтуда санаториялы- курортты емдеу.