Ситуациялық есептер: Есеп №1. Науқас 50 жаста. Диагнозы: Мойын омыртқасының остеохондрозы. Желке аймағына классикалық массаж тағайындалған. Мейірбике науқастың желкесіне белгісіз бөртпелердің шыққанын көреді.
Сұрақтар:
1. Науқасқа массаж жасауға болады ма?
2. Мейірбикенің іс – әрекеті.
Есеп №2. Дәрігердің қабылдауына 40 жастағы науқас келді. Диагнозы: Бел – сегізкөз омыртқасының остеохондрозы. Қарау кезінде бел ауырсынуы жоғалды, тырысу сақталынады.
Сұрақтар: 1. Бұл жағдайда науқасқа классикалық массаж ұсынылады ма?
2. Осы науқасқа қосымша массаждың қандай түрлерін ұсынуға болады?
3. Классикалық қолмен уқалау кезінде қандай емдеу әсері күтіледі?
4. Қолмен уқалаудың көлемі мен ұзақтығы.
2-сабақ 2. Тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалту. Миокардтың инфарктісін алған науқастарды оңалту.
2. Мақсаты: Студенттерді жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалтудың құралдарымен, әдістерімен, оңалтудың жеке жоспарының жасалуымен таныстыру. Миокардтың инфарктісін алған науқастарға жүргізілетін іс-шараларды білу.
3. Тапсырма: - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс);