Жұмыс бағдарламасы пән: «Медициналық оңалтудың негіздері» Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет62/110
Дата04.04.2023
өлшемі344,68 Kb.
#78927
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   110
Ситуациялық есептер:
Есеп №1. Науқас 50 жаста. Диагнозы: Мойын омыртқасының остеохондрозы. Желке аймағына классикалық массаж тағайындалған. Мейірбике науқастың желкесіне белгісіз бөртпелердің шыққанын көреді.
Сұрақтар:
1. Науқасқа массаж жасауға болады ма?
2. Мейірбикенің іс – әрекеті.


Есеп №2. Дәрігердің қабылдауына 40 жастағы науқас келді. Диагнозы: Бел – сегізкөз омыртқасының остеохондрозы. Қарау кезінде бел ауырсынуы жоғалды, тырысу сақталынады.
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайда науқасқа классикалық массаж ұсынылады ма?
2. Осы науқасқа қосымша массаждың қандай түрлерін ұсынуға болады?
3. Классикалық қолмен уқалау кезінде қандай емдеу әсері күтіледі?
4. Қолмен уқалаудың көлемі мен ұзақтығы.
3-САБАҚ
1. Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі және бүйректің патологиясы бар науқастардың реабилитациясының негізгі принциптері.


2. Мақсаты: Студенттерге ағзада кездесетін патологиялық процесстер негізінде қабыну ауруларымен қатар метаболизмдік түрдегі бұзылыстар жиі кездесетіндігі туралы түсінік қалыптастыру. Су, электролитті, липидті, азотты және т.б. өзгерулердің алмасуы патогеннетикалық болып табылып, белгілі нозологиялық түрдегі клиникалық симптомның пайда болуына алып келеді. Бүйректе патологиясы бар науқастарды оңалтудың негізгі әдісі электрофорез, синусоидалды моделденген ток, жоғары жиілікті, микротолқынды және ультрадыбысты терапия сияқты физикалық факторларды қолдану болып табылады. Физиотерапиялық емдеу әдісі қабынуға қарсы, гипосенсибилизациялау әсер етеді, бүйрек гемодинамикасының жақсаруына ықпал етеді, қан қысымын төмендетеді.
Тақырыптың мағынасын түсіндіріп, жан-жақты талдап, толық білім қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

  1. Зәр шығару жүйесінде және бүйректе патологиясы бар науқастарды оңалтудың негізгі әдістері.

  2. Зәр шығару жүйесінде және бүйректе патологиясы бар науқастарды оңалтудың принциптері мен түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет