1. Тақырыбы: Орталық және шеткері жүйке жүйесінің патологиясы бар науқастардың реабилитациясының негізгі принциптері.
2. Мақсаты: Мүгедектіктің себептерінің ішінде нерв жүйесінің ауруы бірінші орында тұр. Жалпы аурулар мен мүгедектіктер арасында олардың үлесі мына аурулардың өсуімен бірге үнемі өсіп отырады: мидың тамыр ауруларымен (инсульттермен және созылмалы жылдам үдейтін аурулар), көлік апатынан болған жарақаттар санының көбеюі, көлік апатынан және басқа жарақаттардан болған әсерлердің ішінен бас және жұлым мияның бұзылуы айтарлықтай орын алады, қант диабетімен ауыратын науқастар (диабеттік полиневропатиямен ауыратын), экологиялық жағдайда (көптеген зерттеушілер алаңғасыр склероз ауруы мен Паркинсон ауруының өсуін экологиялық жағымсыз жағдайға байланысты екенін түсіндірген), және халық құрамындағы егде жастағылардың санының артуы. Нейрореабилитацияға деген қызығушылық неврологиялық аурулардың өсуімен қатар халықта мүгедектер санының өсуімен ғана емес, қалпына келтіріп нәтижелі ем жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа зерттеу және оңалту технологиялардың пайда болуымен негізделеді.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс: Орталық және перифериялық нерв жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалтудың негізгі әдістері.
Орталық және перифериялық нерв жүйесінің патологиясы бар науқастарды оңалтудың негізгі принциптері мен түрлері.
Студент істей білуі тиіс: Жоғарыда көрсетілген ауруларға туралы медициналық реабилитация кезеңдерінде реабилитациялық бағдарлама құру;