Ректороманоскопия (тік және сигма тәрізді ішекті эндоскопиялық тексеру). Мақсат:тік және сигма тәрізді ішекті визуальді тексеру.
Қажетті заттар:стерильді иілгіш ректоскоп.
Науқасты процедураға дайындау. 1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.
2.Тексерілу алдында яғни кешке және тексерілетін күні 1,5-2сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.
3.Тексерілу алдында қуықты босату.
4.Азанда аш қарынға тексерілуге келу.
Процедураны орындау. 1.Науқас арқасымен аяғын ашып жатады, 25-30см тік ішекке иілгіш ректоскопты енгізеді.
2.Тексеруді дәрігер орындайды.
3.Тексеріп болған соң ректоскопты алады.
4.Қолданған инструменттерді, ректоскопты дезинфекциялау қажет.
5.Науқасқа тыныштық орнату.
Колоноскопия (тоқ ішекті эндоскопиялық тексеру).
Мақсат:ток ішектің жоғарғы бөліктерін визуальді тексеру.
Қажетті заттар:стерильді колоноскоп.
Тексеру алдында 3күн бұрын №4 шлаксыз диетаны науқас сақтау қажет.
Тексеруге дейін 2 күн бойы ішті айдайтын дәрілік заттарды тағайындайды (кастор майы).
Тексеру алдында кешке тазалау клизмасын жасау.
Тексеру күні аш қарынға тексеруге дейін 4 және 2 сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.
Тексеруге 20-30мин бұрын дәрігер тағайындауы бойынша премедикация жасау.
Процедураны орындау. 1.Науқас сол бүйір жанымен жатады, процедураны дәрігер орындайды.
2.Колоноскоп енгізер бұрын тік ішек айналасын анестезия жасау(3% дикаин мазьі).
3.Тік ішекке колоноскопты енгізу.
4.Тексеріп болған соң колоноскопты шығарып алады.
5.Қолданылған инструменттерді, перчаткаларды және колоноскопты дезинфекциялау.
6.Науқасты палатаға апарып тыныштық орнату.
Бронхоскопия-науқас тынысалу жолдарына енгізген эндоскоп көмегімен ірі және орта калибрлі бронхты, трахеяны визуальді тексеру әдісі болып табылады. Иілгіш және қатты бронхоскоптар қолданылады. Бұлардың көмегімен ірі бронхтарды ғана емес майда диаметрлі бронхтарының кілегей қабатын көруге мүмкіндік туғызады. Бронхоскопия көмегімен бронхтарының қабыну процессінің белгілерін, өкпедегі ісікті, қан түкіруінің және ұзақ жөтелдің себебін және лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады. Бронхоскопия кезінде көруден басқа, қосымша тағыда мынадай манипуляцияларды жасауға болады: бронхтың секретін сорып алу, бронхтың кілегей қабатының кішкене бөлігін биопсияға алу; және де бронхтарды тесіп өкпе тканінен, лимфа түйінінен биопсия алу. Емдік процедураларды жасауға болады: бронхтарды жуу, дәрілік заттарды енгізу, бронхтан қанды және іріңді сорып алу.