• оксигенотерапия көрсеткіші
• оксигенотерапия өткізу әдістері (бирокамера, оггектік жастық, оттектік баллон)
• мұрын катетр және маска арқылы оттекті беру техникасы
• оксигенотерапия жүмыс істеу барсында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері
• оксигенотерапиядан соң болатын асқынулар
Ентікпе, бұл – тыныс алудың күші мен ритмінің бұзылуымен сипатталатын жағдай. Ентігу кезінде тыныс жиілігі мен тереңдігі өзгерісімен айқындалатын тыныс реттелуінің бұзылысы дамиды. Тыныс бұзылысының үш түрін бөледі: инспираторлы, экспираторлы, аралас.
Инспираторлы ентігуқиын дем алумен сипатталады, шулы дем алу пайда болады. Ол көмейдің тарылуында, дауыс желбезегі спазмында, ірі бронхтарды ісікпен қысуында дамиды.
Экспираторлы ентігу. Қиын дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Майда бронхтар мен бронхиолалардың қуысы тарылуында, бронхиальды демікпе, обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы сияқты сырқаттарда дамиды.
Аралас ентігу. Кезінде дем алу мен шығару бірдей қиындайды. Бұндай ентігу өкпенің тыныс беткейінің айқын азаюында дамиды. Ол жедел пневмония, пневмоторакс кезінде уақытша, ал өкпе эмфиземасы кезінде үнемі ұсталып тұрады. Ентігу негізінде тыныс мүшелері сырқаттарында дамитын тыныс жетіспеушілігі жатады. Кенеттен дамыған ентігу, ағзада оттегі жеткіліксіздігі мен көміртегі жиналуымен сипатталатын жағдайды тұншығу дейді. Ұстама түрінде дамитын тұншығуды демікпе (астма ) деп атайды. Бронхиальды демікпе кезінде дамитын тұншығу себебі майда бронхтар спазмы, шырыш қабат ісінуі мен қою қақырық жиналуы.
Бұл кезде дем алу қиын, ұзақ әрі шулы.
Жөтел – тыныс жолдарынан бөгде денелер мен шырышты, қақырықты шығаруға бағытталған қорғаныс – рефлекторлы акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырық септігін тигізеді. Жөтел қақырық шықпаған кезде құрғақ ,ал шықса ылғалды саналады. Құрғақ жөтел тембры жоғары болады.Төсектегі жағдайды ауыстырғанға байланысты шыққан қақырық өкпедегі қуысты процесті көрсетеді. Тағам қабылдауға байланысты дамыған жөтел кеңірдек пен өңештің арасында байланыс барын көрсетеді, бұндай байланыстар өңеш қатерлі ісігі бронхқа ашылуында дамиды. Жөтел үздіксіз болуы мүмкін, плевра, өкпе және бронх созылмалы қабынуларында кездеседі. Ол ауызын толтыра қақырық тастаумен сипатталады. Ұстама тәрізді жөтел коклюш немесе тыныс жолдарына бөгде заттар түскенде дамиды.
Қақырық – жөтелу немесе қақыру кезінде түсетін тыныс жолдарының патологиялық секреті. Сипатына қарай қақырық шырышты, серозды , іріңді, аралас, қанды болады.қақырық пайда болуы өкпеде немесе бронхтарда патологиялық процесс дамығанын көрсетеді. Тыныс жолдары сырқаттарының белгісі ретінде бағалау үшін қақырықтың түсіне, көлеміне, консистенциясына, иісіне және құрамындағы заттарға көңіл бөлу керек.