Қант диабеті ауруы бар науқастарды бақылау және күту. Қант клеткаларындағы инсулин бөлінудің шынайы және салыстырмалы жетіспеушілігі, осының әсерінен организмде зат алмасу бұзылыстары байқалады. Инсулин жетіспегенде бірінші көмір су алмасуы бұзылады. Дені сау адамда қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 4,4-6,6, ммоль/л. Қандағы қантты тексеруге науқасты дайындау барысында ашқарынға екенін түсіндіру қажет. Зәрдегі қантты тәулік бойы үлкен ыдысқа жинайды. Лабораторияға жіберу алдында медбике зәрді араластырып 150-200 мл құйып алады. Жолдамада (зәрдегі қант) және бұл порция жалпы қандай мөлшерде алынғаны көрсетіледі. Медбике зәрдегі қантты экспресс әдіспен анықтай алады. Бұл үшін арнайы қағаз (гликотест) немесе (биофан) қолданады. Егерде зәрде глюкоза болса идикатор бояуы өзгереді. Зәрде ацетонның болуы арнайы экспресс анализге арналған түймедақ тобы көмегімен, егерде зәрде ацетон болса, идикатор алқызыл түске боялады. Негізгі алмасуды зерттеу алдында медбике науқасқа ескертеді, берілген зерттеу ашқзарынға және бұлшық ет тыныштық жағдайда өткізіледі. Зерттеуге 2-3 күн қалғанда науқасқа белоксыз диета тағайындалады. (тағамнан ет, балқы, жұмыртқа, ірімшікті) алып тастайды. Бұл уақытта науқас ұйықтататын , никотин, алкоголь, кофеинді қолданбау керек. Медбике қызметіне науқастың жағдайын дер кезінде бағалай және шағымдары, объективті тексерулер кіреді. Дер кезінде анықтау және дұрыс, жедел көмек көрсету қажет. Терісінің тазалығына және кілегейлі қабюықтароына, көңіл бөлу керек, себебі бұндай ауруларда терінің қабынуы аурулары тез дамиды. Қант диабеті бар науқастарда зәр шығару жолдарының қабыну аурулары жиі дамиды, сондықтан тексеру барысында қайталап жалпы зәр анализін, Нечиперенко анализін өткізеді: организмнің төмен белсенділігі тұсында ауыз қуысының кілегейлі қабықшаларының қабыну аурулары дамиды. Қосалқы аурулары (бронхит, гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы) ауыр түрде жүреді. Тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелерінің жағдайын тұрақты қадағалау тиіс: қақырық анализі тыныс алу жиілігін санау және пульстің құрлымын анықтау, ҚҚ өлшну, ісіктердің динамикасын бақылау ж.т.б. кезінде аурудың ағымы біршама төмендеді. Инсулинға тән науқастарды емденуде инсулин қолданылады. Қазіргі уақытта инсулиннің қысқа мерзімде әсер ететін дәрілерді 6-8 сағат дейін,-инсулин актарында, инсулин СПП ж.т.б. Инсулин бірлікпен белгіленеді (ЕД) Ол флаконда 5-10 ЕД түрінде шығарылады. 1 мл-де 40 Би, 80 Би,. Инсулинді тері астына салады. Инсулинді бір орынға қайта- қайта салмау қажет. Өйткені- липодистрофия дамуы мүмкін. Әр түрлі асқынулары дамуы мүкін- аллергиялық реакция, тері қышымасы, квинке ісігі, анафилактикалық шок крапивница. Қант диабеті бар науқастар инсулинді одан сала береді. Медбике науқасты енгізу әдісіне, инсулин шприцті қолдана білуді үйрету. Әрбір науқас дұрыс тамақтанып, диетаны бұзбау қажет. Әрбір науқасқа энергетикалық құндылығын есептеу қажет жынысына, жасына, дене салмағын № 9 стол тағайындалды. Тамақтары витаминге толы, күнінен 5-7 рет, аз мөлшерде беріледі. Қант диабеті кезіндегі коматозды жағдайдың белгілері:
Диабетикалық кома
Әсер ететін факторлар: Режимнің бұзылуы,Физикалық және психикалық травма, Инфекция
Команың алды белгілері: Шөлдеу, Адипомия, Бас ауруы, Іш ауруы,
Медбике тактикасы: Дәрігерді тез арада шақыру
Кома белгілері: Тері құрғауы, Ацетон иісі, тахикардия, ҚҚ төмендеуі, Гипергликемия, Глюкозурия
Емдеуі: Инсулин енгізу, Дезинтоксикациялық терапия, Гипогликемиялық кома,
Себептері: Тамақтану тәртібінің бұзылуы, қанда инсулин мөлшерден тыс көбейіп кетуі
Кома алды жағдайдың белгілері: Әлсіреу, Тері бозаруы, Терлегіштік, Бұлшық еттердің тартылуы, Дененің дірілдеуі
Медбике тактикасы:
Дәрігерді тез арада шақыру. Қант немесе тәтті шай беру керек.